Та??ажайып ала?ы саба?тан тыс ж?мыс


«Таңғажайып алаңы» интеллектуалды ойыны Мақсаты: 1. Математикалық ойдың дәрежесін арттыру, теориялық білімді тереңдете түсу, оқушылардың практикалық дағдысын дамыта түсу;2. Математикаға қызығушылығын, ынтасын арттыруға жағдай жасау; 3. Оқудан бос кезінде оқушылардың демалысын ұйымдастыру: Сабақтың барысы: -Кіріспе.-Ойын шартымен таныстыру.-Ойын кезеңдері.-Жеңімпаздарды анықтау.-Қорытындылау. Ойынның шарты Алғашқы ойынға 3 оқушыдан 9 оқушы қатысады, олардың әрқайсысына 3 сұрақтан беріледі. Әр кезеңдегі үш ойыншының ең көп ұпай жинаған біреуі шешуші ойынға, одан ақтық ойынға қатысады. Ойлануға 1 минут. Әр кезеңнің арасында көрермендер ойыны өткізіледі. Ойынға қатысушы қоржыннан асық алады. «Көк асық» - сыйлық. Егер сыйлық алса ойыншы ойыннан шығарылады, ал сыйлықтан бас тартса ойынды ары қарай жалғастырады. «Қызыл асық» - музыкалық үзіліс. Музыкалық нөмір орындалған соң ойыншы тағыда асық алып, ойынын жалғастырады. «Қара асық» -күю, яғни жиналған ұпайлары жойылады, алайда ойыншы ойынын жалғастыра береді. «Ақ асық» - ойынға жолдама. Ақ асық алған ойыншы оны үйіреді. Алшы-10 ұпай, Тәйкі-9 ұпай, Бүк-7 ұпай, Шік-5 ұпай. Бұл ұпайды ойыншы сұраққа дұрыс жауап берсе ғана алады, жартылай жауапқа жартысын ғана алады, ал қате болса ұпай берілмейді. 1-ойын сұрақтары: 1-ойыншыға:1. Отырардан шыққан ұлы ойшыл, данышпан, ғалым математик. Жауабы: Әл-Фараби2. Үш таңбалы 87* саны 5-ке де, 3-ке де бөлінеді. Осы санның соңғы цифрын тап. Жауабы: 8703.Столдың төрт бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? Жауабы: 5 бұрыш 1-ойын сұрақтары: 2-ойыншыға:1. Геометрияның негізін қалаған гректің ұлы математигі? Жауабы: Евклид2. Әріптерді цифрлармен ауыстыр: АБ Жауабы: 91 + А + 9 БВВ 1003. Ардақ, Кәрім; Айгүл үшеуі дойбы ойнады. Егер олардың әрқайсысы екі партиядан ойнаса, барлығы неше партия ойналды? Жауабы: 3-партия 1-ойын сұрақтары: 3-ойыншыға:1. Алгебра оқулығын ең алғашқы жазған, алгебраның негізін салған Орта Азиядан шыққан ғалым Жауабы: Әл-Хорезм.2. Көбейтіндіні тап: 1*2*3*4*5*6 = Х. Жауабы: 720 3. Ұшақ Зайсаннан Алматыға дейін 1 сағат 20 минут ұшады, ал кері қарай 80 минут ұшады. Бұл айырмашылықты қалай түсінуге болады? Жауабы: 1сағ20мин=80мин 2-ойын сұрақтары: 1-ойыншыға:1. Алгебралық теңдеулерді жете зерттеген белгілі француз математигі. Жауабы: Франсуа Виет2. Суретте барлығы неше шаршы бар?         Жауабы: 14 3.Бір тонна мақта ауыр ма, әлде бір тонна темір ауыр ма? Жауабы: тең, себебі екеуі 1 тонна  {5C22544A-7EE6-4342-B048-85BDC9FD1C3A} 2-ойын сұрақтары: 2-ойыншыға:1. Математикадан координаттар әдісін жете зерттеген француз математигі , әрі физигі. Жауабы: Рене Декарт2. Суретте барлығы неше үшбұрыш бар?     Жауабы: 13 үшбұрыш3. Жанұяда 5 ұл және әр ұлдың 1 әпкесі бар. Жанұяда барлығы неше бала бар? Жауабы: 6 бала 2-ойын сұрақтары: 3-ойыншыға: 1. Ұлы Александр патшанаң тәрбиешісі, ұстазы болған Грециядан шыққан ұлы данышпан ғалым. Жауабы: Аристотель2. Шаршы формалы шоколад 9 бөліктен тұрады. Осы кішкене бөліктерді жеке бөліп алу үшін неше рет сындыру керек? Әр жолы бір ғана кесектен ғана бөлініп шығады? Жауабы: 8 рет3.Дәптер қабымен бірге 95 т тұрады. Дәптердің өзі қабынан 90 т қымбат. Дәптер мен оның қабы жеке-жеке қанша тұрады? Жауабы: 92,5т; 2,5 т   3-ойын сұрақтары: 1-ойыншыға:1. Евклидтік емес геометрияның негізін салған орыстың ұлы математигі. Жауабы: Н.И. Лобачевский 2. Амал таңбалары мен жақшаны пайдаланып, үш бестікпеннәтижесі 2-ге тең өрнек жаз. Жауабы: (5+5):5=23. Қысқартылған жай бөлшекті қай кезде қысқартуға болмайды? Жауабы: қысқартуға болмайды 2-ойын сұрақтары: 2-ойыншыға:1.Тік бұрышты үшбұрыштың катеттері мен гипотенузасының арасындағы қатысты дәлелдеген ертедегі грек оқымыстысы. Жауабы: Пифагор2. Амал таңбалары мен жақшаны пайдаланып, үш бестікпен нәтижесі 0-ге тең өрнек жаз. Жауабы: (5-5)*5=03. Аспанда 5 үйрек ұшып барады. Біреуін атып түсірсе, нешеуі қалады? Жауабы: 1, қалғаны ұшып кетеді) 3-ойын сұрақтары: 3-ойыншыға:1. Ондық бөлшектермен есептеу ережесін жазған Орта Азияданшыққан атақты ғалым. Жауабы: Әл-Каши 2. Амал таңбалары мен жақшаны пайдаланып, үш бестікпен нәтижесі 5-ке тең өрнек жаз. Жауабы: (5+5) +5=53. Бөлмеде 4 мысық отыр. Әр мысықтың алдында 3 мысық отыр. Бөлмеде барлығы неше мысық отыр? Жауабы: 4 мысық  1-ойыншыға: 1. Қандай екі натурал санның қосындысы олардың көбейтіндісіне тең? Жауабы: 22. Төмендегі шаршының бос бөліктеріне 4,5,6,7,8,9 сандарын әр жолда тігінен және көлденеңінен қосқанда 15 шығатындай етіп орналастыр. 3. Жанар қағазға 86 санын жазып, өзінің жолдасына айтты: Ешқандай жазу жазбай 12-ге арттыр. Ол қалай? Жауабы: төңкеріп оқу керек 4-ойын, шешуші кезең сұрақтары:{5C22544A-7EE6-4342-B048-85BDC9FD1C3A}132 4-ойын сұрақтары: 2-ойыншыға:1. Қай кезде бөлінгіш пен бөлгіш тең болады? Жауабы: Бөлінді 1-ге тең болғанда2. Шаршыдағы бос бөліктерге әрі тік және көлденең жолда бір түсті дөңгелекше бір рет кездесетіндей етіп түрлі дөңгелекшелерді орнадластыр. Жауабы: қызыл, көк, жасыл3. Биіктігі 10 метр ағашқа ұлу күндіз 5 метр жоғары көтеріліп, түнде 4 метр төмен түседі. Ұлу ағаштың басына неше күнде шығады? Жауабы: 10 күнде 4-ойын сұрақтары: 3-ойыншыға:1. Қандай бүтін сан кез-келген бүтін санға қалдықсыз бөлінеді? Жауабы: 02. 6,5,4,3,2,1 сандарын әр жолдағы дөңгелектерге қосындысы 12-ге тең болатындай етіп орналастыр.    3. Екі адамның бірі ылғи шын, 2-шісі ылғи өтірік айтқан. Екеуі бірдей жауап беру үшін оларға қандай ортақ сұрақ қою керек? Жауабы: Сен ылғи өтірік айтасың ба?, немесе Сен ылғи шын айтасың ба?  Ақтық ойынға қатысушылар   Тиындар 5-суреттегідей орналастырылған. Осының үш тиынының орнын ғана ауыстырып 6 –суреттегідей етіп орналастыру керек.      Қатысқандарыңызға рахмет!!!