Мені? курстан ал?ан ?серім (эссе)


Менің курстан алған әсерім
(эссе)
Елбасының жолдауында «Қазақстанның болашағы – бүгінгі жастар. Сіздер оларға қалай білім берсеңіздер, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстаздарға жүктелетін міндет ауыр» дегендей мен осы ұстаздық жолда жургендіктен, ел болашағын тәрбиелеуде өзімнің біліктілігімді арттыру мақсатында осы курсқа келген едім.
Алғашқы күніміз №3 мектепте ашылу салтанатымен басталды. Онда курс жаңалықтары жан – жақты айтылды. Алғашқы сабағымызда тренерлермен, топ мүшелерімен шаттық шеңберінде тұрып өздерімізді таныстырып өттік. Міне, менің 3 айлық курстағы алғашқы күнім осылай басталды.
Менің бұл курстан алған әсерім көп болды. Бұл курсқа келгендегі менің мақсатым – жаңа формация мұғалімі болу, оқытудағы педагогикалық қоржынымды әр түрлі жаңа әдіс – тәсілдермен толықтыру болатын. Осы айдағы оқуымда біліктілікті арттыру бағдарламасының жеті модулімен таныстым. Олар: оқыту мен оқудағы жаңа әдіс – тәсілдер: диалогтік оқыту және қалай оқу керектігін үйрету, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану, талантты және дарынды балаларды оқыту, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу, оқытуды басқару және көшбасшылық. Кембридж университетінің бірінші әйел-профессоры Джин Раддоктың айтқанындай «Оқушы үніне» құлақ асудың оқуды жетілдіруде маңызы зор екенін түсіндім. Оқушылардың өз оқуына жауапты болуына жетелеу жолдарын өзім оқушы орнында отырып үйрендім. Сол бағытта оқуымызда оқытудың түрлі әдіс – тәсілдерін үйреніп, педагогикалық іс – тәжірибемді жетілдірдім.
Осы айдағы оқуымда танысқан әдіс – тәсілдеріме тоқталар болсам: Диалогтік оқытуда сұрақты дұрыс қоя білуді және де оқушылардың бірін – бірі оқытуы, топтаса жұмыс жасауда зерттеушілік әңгіменің пайдасы мол екенін көрдім.
Оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйрету үшін мұғалімнің өзі сыни тұрғыда ойлай алуы керектігін білдім.
«Талантты және дарынды балаларды оқыту» атты модульде мен талантты және дарынды балаларды анықтау жолдары және олармен жұмыс жүргізу, оларға озық, күрделенген тапсырмалар арқылы білімдерін жетілдіру жолдарын үйрендім.
Бағалауда «оқыту үшін бағалау» деген жаңа әдіспен таныстым. Бұл әдістің оқушының білім алудағы маңызын өзім оқушы орнында отырып көз жеткізіп, бағалау критерийлерін жасауды үйрендім. Менің бұл курстан алған әсерім, үйренгенім көп болды. Ендігі мақсатым осы үйренгенімді жүзеге асыруға асығудамын. Білімді де, білікті, өмірден өз орнын таба білетін, білімін тәжірибеде іске асыра алатын, жан – жақты дамыған тұлға тәрбиелеймін.
Сарбалина Гүлсім