Саба? жоспары Реактивті ?оз?алыс
Сабақтың тақырыбы §21 Реактивтi қозғалыс. (К.Э.Циолковскийдің ғылыми еңбектерінің маңызы. Зымыран. Ғарыш саласының қазіргі жетістігі).
Сілтеме Жоспар
Жалпы мақсаты Реактивті қозғалыс жайлы мағлұмат беру
Реактивті қозғалысты күнделікті тұрмыста және формулаларын есептер шығаруда қолдана білуге үйрету
Бірін-бірі бағалауға баулу
Күтілетін нәтиже Реактивті қозғалыс жайлы мағлұмат алады
Реактивті қозғалысты күнделікті тұрмыста және формулаларын есептер шығаруда қолдана білуге үйренеді
Бірін-бірі бағалай алатын болады
Негізгі идеялар «Ғарыш және Қазақстан» электрондық презентациямен таныстыру.
Денеің бір бөлігі одан қандай да бір жылдамдықпен бөлініп шыққан кездегі қозғалысты реактивті қозғалыс деп атайды.
Қарапайым зымыран құрылысы:
Осы күнгі зымырандар көп сатылы болып жасалады. Яғни оның әр сатысының отын қоры, тотықтандырғышы және реактивті қозғалтқышы бар болады
Тапсырмалар Топтық жұмыс «Джигсо»
Жеке жұмыс
Жеке жұмыс «Блум таксономиясы»
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)
І.Ұйымдастыру (2 минут)
Сәлемдесу
Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
Түгелдеу
1.2. Топқа бөлу (1,2,3 сандарына байланысты 3 топқа бөлінеді)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (4 минут)
Дене импульсі дегенді қалай түсінесіңдер?
Күш импульсі жөнінде не білесіңдер?
ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі (3 минут)
Зымыран қалай қозғалады?
Реактивті қозғалыс деген не?
Оған мысалдар келтіріңдер.
Қандай мақсатпен зымырандар көпсатылы болып жасалады?
ІҮ. Топтық жұмыс «Джигсо» (15 минут)
Сіздің тобыңызда 5 рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:
Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.
Бақылаушының бағалау парағы
№ Бағалау өлшемдері Көш
басшы Хатшы Баяндамашы Уақыт сақшысы
1 Тақырыптың ашылуына үлес қосу 2 Міндетін атқару 3 Топтық жұмысқа атсалысуы Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.
Топ пікірлерін тыңдау.
Ү. Жеке жұмыс «суретпен жұмыс» (5 минут)
VІ. Жеке жұмыс «Блум таксономиясы» (13 минут)
1 Білу Реактивті қозғалыс дегеніміз не? 2 Түсіну Реактивті қозғалыстың формуласын жаз? 3 Қолдану 18 –жаттығу. №1 есеп 4 Талдау Реактивті қозғалыс пен жай қозғалысты салыстыр? 5 Жинақтау Байқоңыр ғарыш айлағындағы зымыранның ұшуын түсіндір? 6 Бағалау Реактивті қозғалыс зымыранның ұшуы үшін маңызы қаншама? Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау.
ҮІ. Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) (3 минут)
Кейінгі тапсырмалар 18 –жаттығу. №3
Кейінгі оқу §21. Реактивті қозғалыс