Мен, сен ж?не ол — салауатты мы?ты ел атты спортты? шараны? сценарийі


«Мен, сен және ол – салауатты мықты ел»
атты тәрбиелік іс-шараның сценарийі
Мақсаты: оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтыру мәселелерінің өзектілігін ескере отырып, «Мен өз денсаулығымды сақтаймын, өз-өзіме көмектесемін» атты ұранымен балаларға денсаулық жөнінде тереңінен ақпарат беру, халықтық тәрбиені бала бойына сіңіру, бір-біріне деген сыйластық, қамқорлық қарым-қатынасын нығайту, ептілікке, батылдыққа, жылдамдыққа баулу.
Жүргізуші: Қайырлы күн! Жас желектей өсіп келе жатқан балалар!
Келіп отырған қонақтар!
Ей, болашақ ұланым!Болашағы қазағымның,Сендерсің деп білемінБалғынды жас болашақМен сендерге сенемін! – дей отырып, бүгінгі республикалық «Денсаулық
апталығы» аясында өткізіліп отырған «Мен, сен және ол – салауатты мықты ел» атты сыныптан тыс іс-шарамызды бастаймыз. Бүгін бізде ерекше күн. Мектебіміздің медбикесі Мамышева Сара Ахметқызы да осы шара барысында сіздерге денсаулыққа байланысты өз кеңестерін ұсынатын болады.
Жүргізуші: Балалар, адамның көңіл күйі неге байланысты?
Дұрыс айтасыңдар, денсаулыққа! Адамның денсаулығы - қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл – күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі, балалар, сіздердің қолдарыңызда. Сондықтан сендердің таңдауларың - салауатты өмір салтын сақтау. Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі.
Жүргізуші: Қуанамын мен де Қуанасың сен де, Қуанайық достарым! Арайлап атқан күнге! Осы өлеңді хормен айтып көрейікші.
Жүргізуші: Рахмет! Балалар, адамның көңіл-күйі денсаулыққа байланысты дедік. Енді деніміз сау, сымбатты болуы неге байланысты?
Оқушылар: Жақсы би мен жаттығуға
Жүргізуші: Ендеше қазір сіздерге Флешмоб ұйымдастырамыз.
(Балалар флешмоб билейді.)
Жүргізуші: Рахмет! Орнымызға отырамыз. Көңіл-күйлерің қалай? Балалар, сендер қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Көп қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең, көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан – жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық не деп ойлайсыңдар?
Оқушылар: Денсаулық
Жүргізуші: Міне, балалар, байқайтын боларсыңдар! Денсаулыққа қалай болса солай қарамау керек. Бүгінгі іс-шараның ұраны: «Мен өз денсаулығымды сақтаймын, өз-өзіме көмектесемін». Бұл ұранды қалай түсінесіңдер?
(Балалар өз ойларын айтады.)
Жүргізуші: Сөз кезегін Сара Ахметқызына береміз.
Жүргізуші: Сара апайға сұрақтарыңыз болса қоюға рұқсат.
Жүргізуші: Тыңдаңыздар! Дүние жүзін жаулап аламын деген Шыңғысхан Әмударияның жағасында ауырып қалып, қытайдың атақты Ган Чун Цзи деген емшісін алдыртады. Жарық дүниені қимаған Шыңғысхан мәңгілік өмір сүруді жүзеге асыратын қандай дәрің бар деп сұрапты. Сонда емші: «Өмірде уақытша ғана болуға арналған дәрі бар, ал мәңгілік өмір сүретін дәрі жоқ», - депті. Демек, бойына қабылдап алған дертін адам өзі шығарады дегендей - ақ, ұзақ өмір сүрудің кілті әр адамның өзінің қолында екенін айтпақпыз. Сонау ықылым заманнан бері адам баласы ұзақ өмір сүрудің жолын қарастыруда. Кезінде осы қағиданың негізі болған Аристотельдің іліміне сүйенсек: «Жанды дене қозғалмаса өледі» деген тұжырымдамасы сол дәуірден бері адамзаттың ұзақ жасауының, яғни салауатты өмір сүрудің негізгі ілімі болып табылады. Мысалы, қара қарға әр нәрсені бір шоқып жүріп 300 жыл жасайды екен. Сағатына 10м қозғалатын тасбақа да 200 жыл өмір сүреді екен.
Жүргізуші: Міне, қызықты мәліметтермен танысып болсақ, кезекті қимыл ойындарына берейік.
( обручтан денесін тигізбей өту және сачи ойындарын өткізу)
Жүргізуші: Міне, балалар, бүгінгі іс шарамыз сіздерге ұнады ма? Денсаулық туралы не түсіндіңіздер? Жалпы осы бүгінгі іс-шара туралы пікір жазып шығайық!
Жүргізуші: «Тән сұлулығының тамыры – тазалықта, жан сұлулығының тамыры – тән саулықта» деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, біздің таңдауымыз салауатты өмір салты, -дей келе, бүгінгі сыныптан тыс шарамызды аяқтаймыз. Келесі кездескенше, деніміз сау, еліміз аман болсын!