Ма?ала ?дебиеттерді насихаттау бізді? басты міндетіміз


Әдебиеттерді насихаттау біздің басты міндетіміз.
Әдебиеттерді насихаттай отырып,оқушылардың жақсы мен жаман,достық,адамгершілік жөніндегі ой-өрісін,сөздік қорын дамыту,қарапайымдылыққа,ізеттілікке,достық қарым-қатынас жасай білуге,мәдениетті сөйлей білуге,ата-бабаларымыздың тілін,салт-дәстүрін,әдет-ғұрпын қастерлей білуге тәрбиелеу.Өткізілген шараларда,оқушыларға «Тал бесіктен жер бесікке дейін», «Қазақтың отбасылық дәстүрлері», «Дала өрнектері», «Қазақы тыйымдар мен ырымдар» т.б.ұлттық салт-дәстүр,әдет-ғұрыпқа қатысты әдебиеттерді пайдалануды ұсындық.
Білім беру орындарының алдында тұрған міндетке – төл мәдениетіне уызына қанған,өзге мәдениеттерді танып,әлемдік құндылықтарды игеру арқылы рухани баю мен дамуға бағыт алған жанжақты мәдениетті тұлғаны тәрбиелеуге ат салысу.
Халық фольклорындағы адалдық,әділеттілік,ізеттілік,имандылық,бауырмалдылық,ар-намыс,үлкенді сыйлау,кішіні құрмет тұту,ата-баба мұрасына сүйіспеншілікпен қарау адамның рухани дамуына бастар сара жол.Осыншама рухани мол байлықтың мұрагері – қазақ халқының этно педагогикасының тамырын тарихқа терең бойлатқан алып бәйтерекке теңеуге болады.
Сапалы білім мен саналы рухани –адамгершілік тәрбие беру,өзінің ісін,өнерін жалғастыратын салауатты,саналы ұрпақ қалдыру әрбір ұлттың қай кезде болмасын алдында тұрған ұлы мұрат міндеттерінің бірі.Ол келешек қоғам қамын ойлау болып табылады.
Рухани –адамгершілік құндылық –адамдық ішкі жан-дүние қасиетінің өлшемі,адамның жақсылыққа ұмтылуы,дұрыс өмір сүру мәселелері жайында ізденуі,өзін-өзі танып,өзін-өзі бағалап,сол арқылы дүниені,әлемді тануы біздің ең бірінші міндетіміз деп білімін.
Осы жоғарыда айтылған бойынша № 1 мектеп –гимназия кітапханашылары,мұғалімдері көптеген шаралар өткізуде.

№ 1 мектеп-гимназиясы
Сагимбетова Б.С.