Сыбайлас жем?орлы?пен к?рес туралы


«Жемқорлық індет-оны жою міндет!» «Сыбайлас жемқорлық – бұл ғаламдық мәселе, одан әлемнің бірде-бір мемлекеті, бірде-бір саяси жүйе, бірде-бір саяси тәртіп қорғалған емес. Сондықтан, бұл індетке бірлесе қарсы тұруымыз керек. Н.Ә.Назарбаев. Сыбайлас жемқорлық» түсінігі (латынша corruptio) — пара беруді, өзінің қызметтік дәрежесінің лауазымды тұлғасын жеке баю мақсатында тікелей пайдалану деген мағынаны береді. Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тарихы 1992 жылдың басынан басталды – «Қылмыстың ұйымдасқан түріне және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 17.03. 1992 ж. № 684 Жарлығы болып табылады ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЗАҢНАМАСЫ Сыбайлас жемқорлық дегеніміз – заңда қарастырылмаған жеке немесе дәнекерлер арқылы мүліктік игілікке және мемлекеттік функцияларды атқаратын басымды тұлғалардың және де соларға теңестірілген тұлғалардың, лауазымдық дәрежелерін қолдана отырып және де лауазымының мүмкіндіктерін өз мүддесіне қолдана отырып мүліктік табыс алу үшін жасалынатын қадамдар. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКСЫНЫҢ «СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС ТУРАЛЫ» ЗАҢЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА КЕЛЕСІДЕЙ ҰҒЫМ БЕРІЛГЕН: Мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың, сондай-ақ, соларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттілігін және соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып, не мүліктік пайда алу үшін олардың өз өкілеттіктерін өзгеше пайдалануы, жеке өзі немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игіліктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруі арқылы оларды сатып алуы сыбайлас жемқорлық деп ұғынылады.«Сыбайлас жемқорлық» деген түсінік мағынасы этимологиялық қарау мұны, «параға сатып алу», «пара» ретінде «corruptio» деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ «corrumpire» түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда «сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу» деген түсінік берген де, құқыққақарсы іс-әрекетті білдірген. Сыбайлас жемқорлық – өздерінің лауазымдық өкілеттіліктерін және олармен байланысты мүмкіндіктерді пайдаланып, немесе мүліктік пайда табу үшін заңда қарастырылған мемлекеттік қызметтегі және оларға теңестірілген тұлғалардың өздері немесе делдал арқылы мүліктік игіліктерді немесе артықшылықтарды қабылдау емес, ол лауазымды адамдарды оларға заңды және жеке тұлғалардың аталған игіліктерді және артықшылықтарды құқыққа қайшы жолмен ұсынып, параға жығуды болып табылады [1]. Қазақстан Республикасында тәуелсіздік алған мезеттен бастап бұл аса ауыр қылмыстарға қатысты қатаң мемлекеттік саясат қалыптасты. Еліміз ТМД мемлекеттерінің арасында бірінші болып 1998 жылы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» арнайы заңын қабылдады. Кейіннен бұл саладағы ұлттық заңнаманы жетілдіру барысында Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы, Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенцияларын және басқада жалпы жұртта халықаралық актілерді ратификациялап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бүкіләлемдік қоғамдастықтың тең мүшесіне айналды.  Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген адамдардың немесе оларға теңестiрiлген адамдардың мынадай әрекеттерi игiлiктер мен артықшылықтарды заңсыз алуға байланысты сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар болып табылады:өздерiнiң мемлекеттiк немесе оған теңестiрiлген мiндеттерiн атқарғаны үшiн, егер заңдарда өзгедей көзделмесе, өзi тиiстi мiндеттердi атқармайтын ұйымдардан, сондай-ақ жеке тұлғалардан ақша, көрсетiлетiн қызмет және өзге де нысандар түрiнде кез келген сыйақы қабылдау;өзiнiң мемлекеттiк немесе оған теңестiрiлген мiндеттерiн атқаруына байланысты не қызметi бойынша өздерiне тәуелдi адамдардан жалпы қамқоршылығы немесе қызметінде бетімен жібергені үшін сыйлықтар алу немесе қызметiн қабылдау;жұбайының (зайыбының), туыстарының шақыруы бойынша олардың есебiнен;егер қарым-қатынасы шақырылатындардың қызметтiк iс-әрекетiнiң мәселелерiн қозғамаса, өзге де жеке тұлғалардың шақыруы бойынша (жоғары тұрған лауазымды адамның немесе органның келiсiмiмен);жоғары тұрған лауазымды адамның не органның келiсiмiмен, ұйымдардың қаражаты есебiнен ғылыми, спорттық, шығармашылық, кәсiби, гуманитарлық шараларға қатысу үшiн жүзеге асырылатын, оның iшiнде осындай қоғамдық бiрлестiктердiң (қорлардың) жарғылық қызметi шеңберiнде жүзеге асырылатын сапарларды қоспағанда, шетел, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының есебiнен мемлекетішiлiк және шетелдiк туристiк, емдеу-сауықтыру және өзге де сапарларға шақыруды қабылдау;4) несиелер, қарыздар алуда, бағалы қағаздар, жылжымайтын және өзге де мүлiктер сатып алуда заңдарда көзделмеген артықшылықтарды пайдалану [1]. Қазақстан Республикасы Қалмыстық заңнамасы сыбайлас жемқорлыққа түсінік бермейді, алайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етудің жеткілікті құралдарын қамтиды. ҚР Қылмыстық кодексі бойынша сыбайлас жемқорлықпен байланысты қылмыс деп сыбайлас жемқорлыққа қатысты барлық негізгі белгілері бар лауазымдық қылмыстарды санаған жөн. Сыбайлас жемқорлықпен байланысты қылмыстар тізімі қылмыстың 16 құрамын қамтиды [2]. «Аса маңызды міндет – сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегияны қалыптастыру және іске асыруды жалғастыру. Әкімшілік реформа қажетсіз қағазбастылық пен құжат айналымының қолайсыз үдерісіне айналмауға тиіс. Халық алдында есептілігін арттырып, нәтижеге деген жауапкершілігін күшейте отырып, жергілікті жерлердегі басқару органдарына көбірек дербестік беру керек» [3]. Алға қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін келесі мәселелерді шешу қажет:1. Халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ұлттық заңнаманы жетілдіру;2. Сыбайлас жемқорлық қауіптерін азайту бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру; 3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты жоғарылату;4. Көлеңкелі экономика деңгейін төмендету [4]. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЗАҢДАР “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы ” 2.07.1998 жыл “СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС ҚИМЫЛ ТУРАЛЫ” 18 .11. 2015 жыл № Аты-жөні Қызмет атқарған кезеңдері 1 Байменов Әлихан Мұхамедияұлы 1998 жылғы 18 қыркүйек –2000 жылғы тамыз 2 Тұрысбеков Зауытбек Қауысбекұлы 2000 жылғы тамыз - 2003 жылғы 24 қараша 3 Әдірахымов Ғабидолла Рахметоллаұлы 2003жылғы 24 қараша - 2005 жылғы 14 қазан 4 Тұрысбеков Зауытбек Қауысбекұлы 2005 жылғы 14 қазан - 2007 жылғы14 қараша 5 Әдірахымов Ғабидолла Рахметоллаұлы 2007жылғы 14 қараша - 2008 жылғы13 қазан 6 Орсариев Арын Амангелдіұлы м.а. 2008 жылғы 13 қазан - 2009 жылғы25 тамыз 7 Нұрпейісов Қайрат Айтмұхамбетұлы 2009 жылғы 25 тамыз - 2011 жылғы1 шілде 8 Байменов Әлихан Мұхамедияұлы 2011 жылғы 1 шілде – 2014 жылғы6 тамыз 9 Қожамжаров Қайрат Пернешұлы 2014 жылғы 6 тамыз – 2015 жылғы11 желтоқсан 10 Донақов Талғат Советбекұлы 2015 жылғы 11 желтоқсан – 2016 жылғы13 қыркүйек 11 Қожамжаров Қайрат Пернешұлы 2016 жылғы 13 қыркүйек – бүгінгі күнге дейін «Адамдарды еңбек етуге үйретіп, білім беру керек, алайда осының бәрі адам бойындағы жаман қасиеттерден арылуға көмектесе алмайды. Адамды тәрбиелеу барысында «ар ғылымын» міндетті түрде енгізу қажет» Шәкәрім Құдайбердіұлы “Халқына қызмет ету, білімнен емес иманнан...”Әлихан Бөкейханов «Шенеуніктер жақсы болса, заңның шикілігіне қарамастан, елді дұрыс басқаруға болады. Ал, шенеуніктер жаман болса, ешқандай да жақсы заң мемлекетті құтқара алмайды»(Отто фон Бисмарк) “2015-2025ж.ж. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ” СТРАТЕГИЯНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ  Стратегиясының мақсатыелімізде сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету, барынша жою. Сыбайлас жемқорлық туралы түсінік СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС ҚИМЫЛ ТУРАЛЫ Заңды жүзеге асыруға бүкіл қоғам, бизнес құрылымдар, жеке секторлар, БҰҚ қатысады Тәжірибе: Гонконг, Сингапур, АҚШ, Корея, Ұлыбритания және Италия Негізі: БҰҰ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Конвенциясы(31.10.2003ж.)ҚР 04.05.2008 ж. ратифициялады ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі және оның жергілікті департаменттері – сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыратын және осы бағыттағы жұмысты үйлестіретін өкілетті орган 9 бап. Сыбайлас жемқорлық мәдениетті қалыптастыру Оқыту бағдарламалары - Білім беру- Ақпараттық-Ұйымдастырушылық Мақсатты топтар: мемқызметшілер  ҮЕҰБАҚ бизнесжұртшылық  интернет – кеңістіктегі жұмыстар азаматтық қоғам және БАҚ өзара байланыс ҚР БжҒМ, ҚР Президенті жанындағы мемлекетті басқару Академиясы 11 бап. Қаржылық бақылау шаралары Декларация: Кірістері мен мүлкі туралы Активтері мен міндеттері 2017 жылдан бастап кіріс пен қатар шығыс декларациясы да тапсырылатын болады. 2020 жылы республика азаматтары түгел тапсыруы күтілуде.  БІЗДІҢ ҚОҒАМДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ОРЫН ЖОҚ Қазіргі таңда қоғамымызға қауіп төндіріп, орасан кесел келтіретін осынау келеңсіз әлеуметтік құбылысқа қарсы шаралар қатаң қолға алынып жатыр. Мемлекеттік міндеттерді атқаратын, сондай-ақ соларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттігін және соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып, не мүліктік пайда алу үшін олардың өкілеттіктерін өзгеше пайдалану, жеке өзі немесе делдардан арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер мен артықшылықтарды заңсыз беру арқылы оларды сатып алу сыбайлас жемқорлық болып есептелінеді. Халық арасында жұлын құрт, індет аталып кеткен осы дертті жою толықтай жүзеге аспағанымен, оны ауыздықтаудың, тежеудің сәті кейде түсіп, кейде шарасыздықтың бөлең алатыны да рас.Елбасы алға тартқан міндет жергілікті жерлердегі құзырлы органдармен қоғамдық ұйымдар жұмысының темірқазығына айналып отыр. Елімізде жемқорлықпен және ұйымдасқан қылмыстықпен күресті күшейту шараларына орай «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» , «Мемлекеттік қызмет туралы» арнайы заңдар қабылданды. Жемқорлықпен күрес арнайы дайындалған мемлекеттік бағдарлама негізінде жүзеге асырылуда. Сыбайлас жемқорлықпен күрес – Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесінің бірі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қат-ты алаңдататыны анық.Сыбайлас жемқорлық бұл мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың, сондай-ақ, соларға теңестірілгендердің лауазымдық қызметін және соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып не мүліктік пайда алу үшін олардың өз өкілеттіктерін өзгеше пайдалануы, жеке өзі немесе делдалдар арқылы заң-да көзделмеген мүліктік игіліктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты, бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игіліктер мен артықшы-лықтарды құқыққа қарсы беруі арқылы оларды сатып алу.  Ешкашан да жемқорлыққа ЖОЛ ЖОҚ!!!