Т?рбие са?атыны? та?ырыбы: «Жем?орлы? індет, жою міндет» 9 cынып


Бекітемін:
Күні: 29.12.2016 ж. 
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Жемқорлық індет, жою міндет»Мақсаты:1. Оқушыларға адам құқықтары жайлы түсініктерін қалыптастыру; «жемқорлық» деген не екенін түсіндіру;2. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттері дамиды; дүниетанымдары кеңейеді;3. Патриоттық тәрбие қалыптасады;Тәрбие сағатының барысы:1. Ұйымдастыру кезеңі.2. Көңілашарсәті.(Атамекен музыкасы мен би қимылдарын жасау)3. Дөңгелек үстел.(Бір парақ қағазға Отан тақырыбына топтағы әр оқушы бірсөйлемнен жазады.)Әр топ өз шығармасын оқып, қорғайды.4. Үй тапсырмасын сахналау.1- топтың тапсырмасы: Компьютер ойнауға ақша таба алмай отырған Ерлан мен Марат біраз ақылдасады. Ерланның есіне асханада ақша майдалатқан Қайрат түседі. Сол Қайратты қорқытып, ақшасын тартып алу керектігін Маратқа айтады. Сол мезетте келе жатқан Қайратты Марат алдап шақырады. Ойында арам ойы жоқ Қайратты Ерлан келіп бас салып, ақша тауып беруін талап етеді. Алғашқыда ойын екен деп ойлаған ол ақшасының жоқ екендігін айтса да, соңынан бұл істің қалжың емес екендігін ұғып, қалтасындағы бар ақшасын бере салады. Аман – есен құтылғанына қуанған ол анасына айтатындығын ескертеді. Ерлан мен Марат егер бұл істі біреуге айтсаң, онда жақсылық болмайтындығын Қайратқа жақсылап ұғындырады.Сұрақтар: 1. Осы көріністе баланың қандай құқығы шектелген?2. Ерлан мен Марат қандай қылмыс жасады?3. Ерлан мен Мараттың қылмыс жасауына не себеп болды?2 – топтың тапсырмасы: Нұрлан 8 – сыныпта оқиды. Нұрланның білім алуға деген талабы жақсы. Оқыса жақсы оқитын оқушылар қатарынан орын аларлық қабілеті бар. Бірақата – анасының тәрбиесі баланы жолдан тайдырады. Нұрланның ата - анасы бала тәрбиесіне жауапсыз қарайды. Баланы сабақтан себепсіз жиі қалдырады, кейде тіпті апталап келмей қалатын кездері де болады. Мектепте, сыныпта ата – аналарға байланысты өтетін жиындарға да келмейді. Сынып жетекшісі осы жағдайға байланысты Нұрланның үйінебарып, ата – анасымен бірнеше реет әңгіме жүргізгені мен еш нәтиже шықпайды. Ата – анасы құрғақ уәде беріп құр шығарып салады. Бірер күн өткен соң жаңағы оқиға қайта қайталанады. Білім алу баланың басты міндеті екенін біле тұра оны орындауда әке – шешесі салғырттық танытады.Сұрақтар: 1. Нұрланның ата – анасының қылығын қалай бағалайсыздар?2. Сынып жетекшісінің орнында болсаңыз не істер едіңіз?3. Ата - ананың бала алдындағы міндеттері қандай?3 – топтың тапсырмасы. 7 – сыныпты сәтті аяқтаған Жалғас жазда жақсы демалып, тынығып, қыркүйекте мектепке келді. Биыл орта буын, яғни 5 – сыныпқа келгенсоң, өзін – өзі бір есейіп қалғандай сезінді. Әрбір істеген жұмысына өзінше бір есепберіп отыратын болды. Жалғастың қыркүйек айындағы тынымсыз еңбекке толы күндері өтіп жатты. Ол енді мектептегі бір үйірмеге қатысып, бойындағы ерекше бір қабілетін шыңдауды мақсат санады. Сөйтіп, мектептегі «Тұмар» пікір – сайыс тобына жазылмақшы болып бір шешімге келді. Осы ойын ата – анасына жеткізді. Ата – анасы Жалғастың ойына қарсы болады. Оны анасы ағылшын тілінен өтетін үйірмеге өзі жазғызып қойғанын, қазіргі заманға ағылшын тілі мамандарының өте қажет екендігін, заман ағымына сай өмір сүру керектігін баса айтты. Ал, Жалғастың бар ойлағаны, өзінше бір жасаған шешімі құмға сіңген судай жоқ болды да кетті. Үнемі ата – анасының айтқанын дұрыс санап, сонны басты назарға алатын Жалғас тағы да ата – анасы мен келісуге мәжбүр болды.Сұрақтар: 1. Жалғастың ата – анасының іс – әрекетін қалай бағалайсыз?2. Осы жерде баланың қандай құқығы шектеліп тұр?3. Жалғастың ата – анасының шешімімен келісуі дұрыс па?Слайд пен жемқорлыққа байланысты мысалдар келтіру:1. Мұғалімге мерекелерде гүлшоқтарын сыйлау жемқорлыққа жатадыма?2. Емделіп болған науқас дәрігерге өзінің алғысын белгілі – бір сыйлықты ( гүл, сағат,портрет.....) сыйласа жемқорлыққа жатадыма?3. Жоғарғы оқу орындарында білім алушылар, емтихан уақытында оқытушыларына үстел жасаса, бағалыс ыйлық әперсе, жемқорлыққа жатадыма?4. Қала ішіндегі автобустардың кейбіреулері тендер ұтыпалады да, қала ішінде жолаушыларды тасымалдау барысында көптеген қателіктер жасап жатады. Мысалға автобусқа адамдарды санынан артық отырғызу, аялдамасы жоқ жерлерде тоқтап, адамдарды үсті – үстіне алу жемқорлыққа жата ма? (шофер, басқарушы директор, инженер арасындағы сыбайластық жемқорлықты көрсету) «Шелектің бетін жалағандар тұтылады, түбін жалаған тұтылады» деген мақалдың осыған қатысты екенін дәлелдеу.5. Нашақорлық дамып бара жатыр, себебі шетелдерден әкеледі, кейбір кедендер өзжұмыстарын жауапты орындамай, заң бұзушылыққа барады. Бұл жемқорлыққа жата ма?Қорытындылау.Сұрақ - жауапОригами жасау.•Еңбек сабағымен байланыстыру•Көгершін құсы туралы ой қозғау«Жүрек жылуы» тілек арнау.