Эссе ?азіргі заман м??алімі


1866900 Алтайбаева Гулимжан Кенжетайкызы,
бастауыш сынып мұғалімі
Жарық жалпы орта білім беру мектебі
Шет ауданы
С.Сейфуллин кенті
Қарағанды облысы
gulimjan_75@mail.ru

Қазіргі заман мұғалімі
Бүгінгі бала – еліміздің ертеңгі маманы. Ол XXI ғасырда бәсекеге қабілетті әрі табысты болуы үшін еңбек нарығында сұранысқа ие болуы қажет. Біздің қазіргі кезде балаларға беріп жүрген дәстүрлі білім атап айтқанда, оқу, жазу дағдылары, математика - бәрі де күнделікті тұрмыстың қарапайым мәселелерін шешуге ғана мүмкіндік береді. Өзгермелі өмір болса, адамның күрделі тапсырмаларды орындай білуін талап етеді. Балалардың бойына білім құмарлық, ынталылық, табандылық, көшбасшылық қасиеттерді сіңіру қажет.
Қай кезеңде, қай қоғамда болсын жеке тұлғаның қалыптасуы ұстаздан басталады. Білім саласындағы түбегейлі өзгерістер ұстазға үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өздігінен білім алатын, жан-жақты ізденетін, алдағы өмір жолын өзі болжай алатын тұлға тәрбиелеу - ұстаздың қолында.
Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында білім беру бағытында алдымызға үлкен міндеттер жүктеліп отыр. Бұл мұғалімнің жауапкершілігінің артқанын білдіреді. Осы арада ұстаздардың біліктілігін арттыру курсының, әсіресе деңгейлік курстың маңызы артып отырғаны белгілі.
Педагогикалық шеберлік орталығындағы «Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы» атты курсқа өзімді, көзқарасымды өзгерту үшін, жылдам өзгеріп жатқан әлемде көштің соңында қалмау мақсатында келген болатынмын. Осы курс арқылы бағдарламаның жеті модуль рөлінің маңыздылығын түсіндім. Дәстүрлі білім мен заманауи оқытудың арасындағы алшақтық барын осы курс аясында сезіндім. Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады, ал ХХІ ғасырда талап етіліп отырған дағдылардың мәні осында. Мұғалімдерге көптеген оқыту стратегияларын, түрлі тәсілдерді қалай және қай жағдайда қолдану қажеттігі туралы білім қажет болады.
Сол себепті осы курстан кейін менің бұрынғы тәжірибемдегі әдіс-тәсілдердің барлығы түбегейлі өзгертіп, сабақ үрдісіне жаңаша өзгерістер енгізбекшімін. Мектепке барып жаңа бағыттағы сабақтар өткізіп, осы бағдарламаның жеті модулін ықпалдастырамын. Өз ұжымыма бағдарламаның негізгі идеясы мен түйінін шебер сынып, коучингтер, семинарлар арқылы іс-тәжірибелеріне өзгеріс енгізуіне септігімді тигізуге қажырлы еңбек етпекшімін.
Менің жан-дүниеме, оқыту мен оқудағы өзімде жетіспеген қажеттілікті табуыма мүмкіндік берген осы «Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы» атты курс деп толық айта аламын. Осы бағдарламадан көптеген ақпараттар мен мәліметтер алдым. Көптеген қызықты, әрі ой салатын стратегияларды меңгердім. Алған біліміммен тоқтап қалмай үнемі ізденіс үстінде боламын. Оны алдағы жұмыс барысында тиімді пайдалана отырып, алған білімімді оқушылардың білімін жетілдіруде, сыни ойлай алатын, кез келген жағдаяттан өз күшімен шыға алатын, бәсекеге қабілетті жеке тұлға тәрбиелеймін деген сенімдемін.
Сөзімнің соңында, еліміздің жарқын болашағы үшін атқарылып жатқан әрбір ісіміздің нәтижесі болмақ дегім келеді.