Досты? туралы ма?ал – м?телдер атты та?ырыпта саба? жоспары (6-сынып)
Айы, күні, жылы.
Сыныбы. 6
Сабақтың тақырыбы. Достық туралы мақал – мәтелдер
Сабақтың мақсаты:
І Білімділік Оқушыларды қазақ тіліне үйрету, қазақ тіліне тән
дыбыстарының айтылуы мен жазылуын қадағалау.
Оқушылардың білім-білік дағдыларын
қалыптастыру. Оқушыларға мақал- мәтелдердің мәнін ашуға
үйрету.
ІІ Дамытушылық Оқушыларды сөйлету арқылы тілдік қорларын
молайту, ой- өрістерін дамыту.
ІІІ Тәрбиелік Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ –жауап, түсіндірмелі, талдау, әңгімелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Карточкалар.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу, оқушыларды түгендеу. Оларды сабаққа бейімдеу.
ІІ Үй тапсырмасы
Оқушылардан үйге берілген тапсырманы сұрау.
ІІІ Жаңа сабақ
Жаңа сабақ тақырыбымен таныстыру, мақсатын қою.
ІV Жаңа сөздер.
Сөздік
басыңа келер- то же может случиться и с тобой.
дау- тяжба, спор
қашып құтылу –убегать, избегать
жолдас болу- дружить
іздеу- искать
қолдас- здесь: поддерживающий
V Дәптермен жұмыс
3-тапсырма. 2- тапсырмадағы мақал- мәтелдерден сын есімдерді табыңдар.
4-тапсырма. Мақал- мәтелді оқып, өз ойларыңды білдіріңдер.
Жаман жолдастан таяғым артық.
Досы көпті жау алмайды,
Ақылы көпті дау алмайды.
Жаман досыңды алма,
Жақсы досыңнан қалма.
5-тапсырма. Суретке қарап әңгіме құраңдар.
VІ Тақтамен жұмыс
«Достық» сөзін септеу және фонетикалық талдау жасау.
VІІ Оқулықпен жұмыс
1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.
Қандай мақал- мәтелдер білесіңдер?
Мақал – мәтелдер қандай тақырыптарға бөлінеді?
Мақал- мәтелдің авторлары бар ма?
Халық ауыз әдебиеті туралы не білесің?
2-тапсырма. Мақал – мәтелдердің орыс тіліндегі баламасын тауып, мағынасын түсініңдер.
Жолдасы көптің қолдасы көп.
Досы көпті жау алмайды.
Жаман дос - көлеңке,
Басыңды күн шалса,
Қашып құтыла алмайсың.
Басыңды бұлт алса,
Іздеп таба алмайсың.
Жақсы дос үшін жан пида.
VIII Шығармашылық жұмыс
IX Қорытынды
Оқушыларға сұрақтар қою арқылы өткен тақырыпты қалай меңгергендерін тексеремін.
X Бағалау
Оқушыларды білім деңгейлеріне байланысты бағалау.
XI Үй тапсырмасы.
Мақалдың мағынасын ашу.