О?ыту мен о?уда АКТ ны пайдалану


Сабақтың тақырыбы: Оқыту мен оқуда АКТ ны пайдалану
Жалпы мақсаты:АКТ оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын,түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал екенін айқындау. Осы сабақта ұсынылған ақпараттар мұғалімдерге оқытуды жетілдіру мақсатында жаңа сандық технологияларды қолдану бойынша көмек көрсетуге арналған
Оқу нәтижелері: АКТ-ны сыныпта мұғалімді ауыстыру құралы ретінде емес, оқу үдерісінде көмек көрсетуге арналған тиімді педагогикалық құрал ретінде қолдануды зерделеу.
АКТ-ны барлық оқушыларды қатыстыруды болжамдайтын оқу әдісі ретінде қолдану және оқудың әлеуметтік аспектісін дамыту үшін пайдалану.  
 
Сабақ жоспары
Білу.Өтілетін тақырыппен таныстыру. слайд№1тақырып
Құрметті әріптестер! Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Оқыту мен оқуда АКТ ны пайдалану». Сабағымыз қызықты әрі мәнді болсын деген мақсатпен бірінші топқа бөлініп алайық. Тақтада берілген ұяшықтарды қалауыңызға қарай таңдап өз топтарыңызға бірігулеріңізді сұранамын. Топқа ат қойыңыздар, қойған аттарыңыз алдарыңыздағы таңдаған белгіге байланысы болсын.
Тапсырма№1:интерактивті тақтаны пайдаланып он бес дана ұяшықты ашу. (м:5гүл,5 көбелек,5 күн бейнесі). слайд№2 топқа бөлу
Сабақтың тақырыбын анықтау.
АКТ ны қазіргі кезде сабақтарыңызда қолданасыздар ма?
Қай түрлерін қолданасыздар? Тиімді жақтарын атап өтсеңіздер.
АКТ ның мұғалім үшін маңызы( талқыға салу)
Мұғалімнің ақпараттық қоғамдағы рөлі дегенді қалай түсінесіздер?
Сонда бізге атап айтқанда мұғалімдерге білімнің негізгі қай салаларын білу қажет немесе білуге міндеттіміз деп ойлайсыздар.
Әрине, дұрыс айтасыздар пәндік білім, педагогикалық білім және бүгінгі тақырыбымыз технологиялық білім қажет. Тақтада слайд .№3
1.Пед.білім білім берудің жалпы негіздерін ,оқыту мақсаттары мен міндеттерін білуге негізделетін оқу мен оқыту үдерістері,тәжірибесі мен әдістері туралы терең білім .
2.Пәндік білім оқытылатын пәннің өзекті білімі.
3.Технолог білім оқытудың қосалқы құралдары бейне,желілік материалдар,сандық бұқаралық аұпарат құралдары туралы білім.
Сонда АКТ ықпалы – пәндік білімге, мұғалімнің педагогикалық ұстанымдарына, оқытудағы тәсілдеріне, өзіне сенімді және ұйымшылдығына байланысты.
АКТ бүкіл әлемде көптеген мұғалімдердің күнделікті жұмысына еніп кетті, әсіресе проекторы мен интерактивті тақталары бар техникалық жасақталуы мықты мектептердің өзі неге тұрады. Алайда техникалық құралдардың болу фактісі оқыту мен оқудың техникалық емес құралдарының көмегімен жетістікке жетуге болатын аспектілер бойынша оқуды жақсартуға және үлгерімді арттыруға кепілдік бере алмайды. Сондықтан АКТ пайдаланғаннан нәтиже болуы үшін мұғалімдер ақпараттық-коммуникациялық технологияларды есепке ала отырып, өздерінің педагогикалық білімдерін дамытуға тиісті және мұғалімдердің осы технологияны пайдаланудағы құзіреттілігі мен сенімділік деңгейімен үйлесуі керек.
Осы Бағдарлама оқу мен білім беру үдерісінің ғылыми-теориялық білімдерінің тәжірибелік сабақтар нәтижесінде алынған тәжірибелік білімдерден айырмашылығына ерекше көңіл аударады. Бұл ретте мұғалім даярлығының сапасы теориялық жіне тәжірибелік білімдердің бірлігін қажет ететіні ерекше атап көрсетілген.
Тұжырымдамалық модель: Мұғалімдерді оқыту
Теориялық білім
білімге апаратын екі жол
Сынилылықтың артуы

Сыни
Құзыреттіліктің артуы
және
құзырлы
Тәжірибелік білім
Мұғалімдерді даярлаудың тұжырымдамалық құрылымы
Білікті мұғалім үшін жоғарыда аталған білім түрлері: теориялық және тәжірибелік білімдер өзара тығыз байланыста болуы тән. АКТ енгізген кезде теориялық және тәжірибелік білімдердің біртұтастығы оларды ойланып қолдануды қамтамасыз етеді, ал бұл оқыту және оқу үдерістерін жақсартуға жағдай жасайтын болады. Сабақта теориялық және тәжірибелік білімдерді қолданған кезде, анықтаушы фактор оқыту үдерісінің мазмұны, әдістемесі, технологиясы саласындағы білімнің қалыптасқандығы болып табылады.
Педагогикалық, пәндік,технологиялық салалардың өзара әрекеттесу нәтижесінде .... технологиялық ,педагогикалық және мазмұндық білім қалыптасады слайд .№4көрсету
Сонымен, жаңа технологияларды атап өтейік.Тақтада слайд .№5
Тапсырма№1: А) Үш топқа үш түрлі жаңа техника құралдарының үлгілері беріледі, әрбір топ мүшесі осы құралдар бойынша өзі білетін ақпарат немесе мағлұмат жазу керек. (парақша таратылады, уақыты 3 минут)
Тақтада слайд .№6
В) Сонан соң жазған ақпаратын топтың басқа мүшелерімен бөлісу, білмегенін жазып қосу.
С) Мәтінді Инсерт стратегиясы бойынша талдау.(түртіп алу,әр абзацты оқыған сайын белгі соғып отыру). Тақтада слайд .№7
Плюс= бұл маған таныс
Минус= бейхабармын,түсінбедім
Галочка =әріптестеріммен талқылағым келеді
Леп белгісі= мен үшін жаңалық
Д) Мәтінді талдау.
Тапсырма №2: Әр топқа берілген техника құралымен ситуациялық жағдайды сипаттау.
Қазақ тілі сабағы жүріп жатыр. Болат сабаққа кешігіп келді. Қолында оқу құралдарының бірі де жоқ .......................................
Оқу ісінің меңгерушісі жаңадан келген ұзтаздың сабақ беру барысында ешқандай көрнекіліксіз сабаққа кіретінін байқайды .............................
Мектепішілік бақылау жұмысы тест түрінде алынып жатыр. Оқушылар бір-бірімен сыбырласып сұрауда, ал Қайрат өзіне сенімді ....................
Слайд.№8 MS Power Point та көрмелерді әзірлеу.
Барлық топ мүшелеріне компютер парталарына отыру сұралады. Әрбір компютерде MS Power Point та көрмелерді әзірлеу тақырыбының түсіндірмесі жазылған. Танысуға уақыт беріліп, тапсырмалар орындалады.
Тапсырма№3 . Топ мүшелері қайта орнына жиналып тақырыптарын қорғайды және оны MS Power Point та көрмелерді әзірлеу керек.
Тапсырма№4 .Электронды мектеп үлгісін жасау және қорғау.
(Флипчарт ,маркер,т.б қажетті құралдар алдарында жатыр)
Сабағымызды қорыта келе Роботпен ауыстыруға болатын мұғалім ауыстырылуға тиіс! Aртур C Кларк
Технология тәжірибені өзгертпейді; оны адамдар өзгертеді, себебі олардың білімі, түсінігі, дағдылары, сенімдері мен мақсаттары өзгереді.
--------------------------------------------------------------------------------------------------
Қосымша: тапсырманың бір түрі кітап арқылы іздеу, телефонмен ақпарат жинау, интернет арқылы іздеу.
Тапсырма№ .Сыныпта АКТ қолданудың қандай негізгі кедергілері бар және оларды қалай жеңуге болады. слайд .№9
Кедергілерді жою жолдары. слайд .№10
Кең жолақты қосылыс нашар болса, Смартфонды (функциялары кеңейтілген ұялы телефон) пайдалану керек.
Сыныпта интерактивті тақта жоқ болса, USB-модемі бар планшет компьютер, мысалы Ipad
Мұғалімнің тәжірибесі жеткіліксіз болса, АКТ білетін адамдардан көмек сұрау керек.
Мектепте сервер жоқ болса, Moodle сияқты ауани оқыту ортасын пайдалану керек.
Заманауи ресурстар жоқ болса, Веб 2.0 компьютерлік технологияларды пайдалану