: «О?ыту мен о?уда жа?а модификация кабинеттерінде АКТ-ны тиімді пайдалану» коучинг саба?


Тақырыбы: «Оқыту мен оқуда жаңа модификация кабинеттерінде АКТ-ны тиімді пайдалану» коучинг сабақЖалпы мақсаты Мұғалімдердің АКТ мүмкіндіктері туралы білімін кеңейту, оқыту процесінде АКТ-ны мақсатты қолдана білуге үйрету
Күтілетін нәтиже
1. Оқыту мен оқудағы ақпатараттық –коммуникациялық технологияларының басты рөлін түсінеді.
2. Оқыту барысында ғылыми жетістіктерді әр сабақтарда тиімді пайдалануды.
3. Оқыту мен оқуды жетілдіру мақсатында жаңа сандық технологияларды тиімді қолдана біледі.
4. Оқытудың бес аспектісіне: «көрсетілім»; «модельдеу»; «бағалау мен талдау»; «ұсыну, қайталай ұсыну және қарым-қатынас», «тестілеу және растау» ықпал етуге арналған оқу құралы ретінде АКТ-ны қалай пайдалануға болатындығын түсінеді.
Түйінді идеялар:
АКТ-ны оқу үрдісінде пайдалану туралы білімдерін анықтау.
АКТ- ны сабақта қолданудың ұтымды жақтарын ашу.
АКТ-ны қолдану қажеттігін ұғыну.
Сабақта қолданатын материалдар
Табыс критерийлері Оқу үрдісінде АКТ пайдалану оқушыларды шығармашылық әлеуетін белсендіреді, дүниетанымын кеңейтеді, оқушы ойы, уәжі жинақталады, компьютермен жұмыс жасау дағдысын қалыптастырады.
Дерек көздер Презентация,ғаламтор, МАН
Сабақта қоданылатын материалдар Слайдтар , маркерлер, стикерлер(түрлі түсті), тапсырма орындайтын қағаздар, бейнетаспа, экран, ноутбук, проектор
Оқыту әдістері
Топпен, жұппен, жалпы ұжыммен жұмыс, рөлдік ойындар, постер құру, рефлексия
Сабақ барысы:
Коучинг сабақты өткізу кезеңдері уақыты Тәлімгердің іс-әрекеті Мұғалімдердің іс-әрекеті
Сәлемдесу
Топтарға бөлу,топ ережесін құру 5 мин «Гүл- өмірдің сәні» әр мұғалімге түрлі түсті гүлдер таратылады. Сол түске сйкес әр мұғалімге мінездеме береді.
Шульманның «Үш көмекшісі» арқылы топқа топтастыру /бас,қол, жүрек/ Мұғалімдер топтарға бөлініп отырады,әр топ өз ережесін және рөлдерін анықтайды
Кіріспе бөлім
Ой шақыру 10 мин «Ох и нелегко…» бейнекөрініс қарау
Сұрақтар:
1) АКТ дегеніміз не?
2) АКТ туралы не білеміз?
3) АКТ-ны дұрыс пайдалану әдістерін білеміз?
4) АКТ-ның мұғалім үшін маңызы?
Бейнекөрініс бойынша өз ойларын айтады
Топтар ақылдаса отырып, берілген сұрақтарға жауап қайтарады
Теориялық  кезең
Ақпарат материалы 10 мин «Оқыту мен оқуда жаңа АКТ-ны тиімді пайдалану» презентацияны көрсету АКТ туралы түсінік алады және оны сабақта қолдану тиімділігі жөнінде ой бөліседі
Сергіту
3 мин «Өз жұлдызыңды тап» жаттығуы
Әр мұғалімге жеке ақ парақтар таратылады.
түрлі түсті қарындаштармен өз жұлдыздарын әдемілеп салады Қиып алып, жұлдызды аспанға орналастырады
Топтық жұмыс
10 мин 1-топ : «Сабақ үрдісінде коммуникативтік құрылғыларды пайдалану және Youtube-тен бейнематериалдар көшіріп алу»
2-топ: «АКТ-ны қолдана отырып сабақ жоспарын құру»
3-топ: презентация жасау , Power Point бағдарламасында сілтемелер жасау.
Топ мүшелері ынтымақтаса отырып, өз идеяларын ортаға салып, интернет желісін пайдалану арқылы тақтада өз жұмыстарын қорғап шығады (жасау жолын айтып шығады)
Критериалды бағалау Көрсетілім
Модельдеу
Шығармашылық
Пікірлер мен ақпаратты қорыту Топ мүшелері постерді өз жұмыстарын критериалды бағалау арқылы бағалайды.
Коучинг сабақтың қорытындысы 3 мин Рефлексия «Тілектер себеті»
Кері байланыс
Өз ойларын, сабақтан алған әсерін қорытындылайды, ой тұжырымдайды. Стикерлерге жазады