Біз ?андай м??алімбіз жас мамандар?а арнал?ан сайыс


Біз қандай мұғалімбіз? М а қ с а т ы : Жас мамандардың ұстаздық қасиеттерінің қалыптасуына бағыт беру, кездесетін қиыншылықтардан, кедергілерден шығу жолдарын ұғынуға көмектесу, шығармашылыққа бағыт беру. Б а р ы с ы: Үйге берілген тапсырмаПедагогикалық жағдаяттарды шешуПедагогикалық-психологиялық тапсырмаларды орындауОй толғанысЖас педагогтарға кеңес таныстыру Әр топ бір- бірін таныстырады (психологиялық тренинг)1-тапсырма: бір-бірімізге үнсіз төрт минут қарап тұрамыз.2- тапсырма: Әрқайсыңызға 4 минут уақыт беріледі, осы уақыт аралығында өзіңіздің серігіңізге алдыңызда кім тұрғандығын әңгімелеп беріңіз. Әңгімені “ Менің алдымды.........” деп бастап, алдыңыздағы отырған адамды таныстырасыз. Үйге берілген тапсырма 1-топ “Білімді мұғалім” тақырыбы2-топ “Шығармашыл мұғалім” тақырыбы Тапсырмалар: Әр топ өз тақырыбын ғылыми тұрғыда қорғайды. Бұл ұғымның мәні нені білдіреді? Неден шыққан? Не үшін қажет? Қандай қанатты сөздер бар? Оның мағынасын ашу. Практикада қолдану түрлерін көрсету. Өлең шығару немесе сурет салу.Әр топ өздеріне берілген үй тапсырмасын қорғайды, таныстырады Педагогикалық жағдаяттарды шешу Әр топқа түрлі жағдаяттар ұсынылады. Одан шығу жолдарын іздестіру. Педагогикалық жағдаят 1 топқа: Оқушы мен оқушының арасындағы бір қақтығыс, содан шығу жолдары. Сәкеннің ұялы телефонын Азамат сабақ үстінде алып ойнап отырады, мұғалім оны байқап, ұялы телефонды алды да тәрбие меңгерушісіне берді. Өйткені ол оқушының сабақ үстіндегі мұндай әрекетін басқа жолы да байқап, ескертулер жасаған болатын. “Сен үшін менің телефонымды алып қойды” деп екі оқушы қатты ренжісті. Ренжістің арты төбелеске алып келді. Сіздің іс-әрекетіңіз. 2 топқа: Баланың тәртібіне ата-ананың селқос қарауына байланысты. Баланың тәртібіне байланысты ата-анаға бірнеше рет хат жолдаған, үйіне барып жолығуға келген мұғалім ата-анамен аулада кездесіп қалды. Келе жатқан шаруасын айта бастағанда, “Менің одан басқа маңызды шаруам болып тұр” деп ата-ана кетіп қалды. Сіздің іс-әрекетіңіз. Педагогикалық-психологиялық тапсырмаларды орындау 1 топ “Сәлемдесудің” 10 түрлі жағдайын көрсетіп беру. (қуанышты,ренішті, ашулы, селқос, қызғанышты,ызалы, жай ғана, бақытты, т.б)2 топ “Мимика” 12 түрлі жағдай көрсету Ой толғаныс “Мен қандай мұғалім болғым келеді?” Эссе жазу, жазу формасы еркін Жас педагогтарға кеңес 1.Оптимист болыңыздар!2.Ең бастысы мынаны ұмытпаңыздар: балалар- олар үлкендер;3.Ештеңеден қорықпаңыз: тәжірибелі ұстаздарға арқа сүйеңіз;4.Әкімшілікпен қарым-қатынаста мына техниканы ұстаныңыз: барлығына келісім беріңіз (сізге кеңес берсе де, бұйрық берсе де. Бірақ, өзіңіз дұрыс дегенді ғана істеңіз. Мансап қумаңыз;5.Ұмытпаңыз: педагогикада сыныпқа алғаш кірген кезіңіз, алғашқы сабақтар, алғашқы танысулар-барлық алғашқы нәрселер үлкен маңызға ие;6.Мына ережені ұстаныңыз: егер де сіз балаларға ең алдымен еркіндік беріп, одан кейін қаталдыққа барсаңыз-олар сізді ұнатпайды; ал керісінше бірінші қаталдық танытып, одан кейін босатсаңыз-олар сізге риза болады.7.Есте сақтаңыз: сіздің ең басты жұмысыңыз-балалармен қарым-қатынас жасау;8.Балалардың көзінше жұмыссыз отырмаңыз;9.Өзіңіздің жылуыңызды кім қажет етсе содан аямаңыз;10.Мұғалім-әрқашан бірқалыпты, нық,сенімді, жақсы көңіл-күйде болуға тиісті;11.Оқушылармен амандасып жүріңіз, бұл өте маңызды;12.Өзіңіздің оқушыларыңыз туралы білуге ұмтылыңыз. Олар қалай оқиды, тұрмысы қалай, бұрын қандай болған. Бұл сізге педагогикалық талдау жасауға көмектеседі;13.Өз қателігіңізге ұялмаңыз. Балалар үлкендерге қарағанда қатені үнемі кешіреді;14.Шешім қабылдарда күдіктенсеңіз, ең жақсысы-асықпаңыз;15.Өз-өзіңізді таңертең,күндіз,кешке 3 рет мақтаңыз. Ойлану сіздің ең басты мақсатыңыз;16.Бала болып такөріңіз. Балалармен ойнаңыз, күліңіз, секіріңіз. Өзіңіздің мұғалімдігіңізді балалық шағыңыздың жалғасы сияқты қабылдаңыз Сөз соңында Ұстаз.....Жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын.. алғыр да, аңғарымпаз ақыл иесі, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтінбатыл,ержүрек болуы керек. Әл-Фараби