Презентация Жас мамандар?а арнал?ан тренинг-саба?


Мектеп психологі:А.Ихсанова Приречный жалпы орта білім беретін мектебі Мақсаты: Жас мамандарға көмек көрсету және ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру. Айналамыздағы адамдармен қарым – қатынасымыз қандай, олар кімдер, біз кімбіз, өзімізді өзіміз танимыз ба?, – деген сұрақтарға жауап іздеп, тұлғаның адами көзқарасын анықтау. Танысу: Бүгінгі күнгі танысымызды біз мына допты бір-бірімізге лақтырар алдында өз есімдеріңізбен есіміңіздің басты әріпін пайдалана отырып өзіңізге тән жақсы қасиет атаңыз. «МЮНСТЕРБЕРГ» ӘДІСТЕМЕСІБұл әдістеме зейіннің таңдамалылығын анықтауға бағытталады.Нұсқау:Көптеген әріптердің арасында тұтас сөздер бар. Сіздің міндетіңіз: тез оқып отырып, сол сөздердің астын сызуыңыз керек. Жұмыс уақыты-2 минут.Аашпгоппартаивнртерезевнаапташыопккарталыгксағатлыгсабақоыгборпыаукесікрвнбасбалдақинакпотақтагыеоқушыоанмұғалімрыгадиректорвпыкуқызметкерапецуранлвгкдәптершввр…….Қанша сөз құрай алдыңыз: ____ ТЕСТ – ПСИХОДИАГНОСТИКА ҚҰРАЛЫ.Сіз қандай мұғалімсіз?Жалпы диагностикалық, кәсіби лайықтылықты анықтау.1.Мұғалімдік қызметке қалай келдіңіз?а) жүрек қалауыменә) кездейсоқб) лажым жоқтықтан2. Сіз үшін мұғалімнің жұмысы:а) керемет жұмысә) күнкөріс үшінб) бас қатыруОқушылардың сіздің біліміңізге көзқарасыа) өте сауатты деп есептейдіә) қанағаттанарлықб) олардың көзқарасында жұмысым жоқ4. Оқушылар арасында жарыс болатын болса:а) міндетті түрде менен көмек сұрайды ә) кейдеб) маңыма мүлде жоламайды5. Сіздің сабақ өту тәсіліңіз қандай?а) оқулықтан тыс қызықты материалды жиі пайдаланамынә) сирек қолданамынб) оқулықпен шектелемін 6. Сіздің қатеңізді озат оқушыңыз тапты:а) қатені мойындап, кешірім өтінемінә) үндемей құтыламынб) өзімдікі дұрыс деп, жеңістік бермеймін7. Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырудаа) оқушылар арасында жиі-жиі жарыстар ұйымдастырамынә) басшылар ескерткенде ғанаб) бас ауыртқым келмейді8. Оқушыға қол жұмсайсыз ба?а) мүлде қол жұмсамаймынә) анда-сандаб) «Аюға намаз үйреткен – таяқ» деп есептеймін9. Мұғалім болғаныңызғаа) ризасызә) сізге бәрібір б) өкінесіз10. Ұжым арасында беделіңіз:а) өте жоғарыә) жақсыб) орташа Бағалау “А” жауабына “Ә” жауабына “Б” жауабына 5 ұпай 3 ұпай 1 ұпай Психогеометриялық тест 1. Адамның тұлғалық типін тез арада анықтауға;2. Кез келген адамға толық мінездемені оған түсінікті түрде жеткізуге;3. Күнделікті жағдайдағы мінез-құлықтың сценарийін жасауғамүмкіндік береді.Психогеометриялық тест әдістемесі арқылы жасалған диагностиканың дәлдігі – 85%! Суретте бейнеленген 5 фигураға қараңыз: квадрат, үшбұрыш, тік төртбұрыш, шеңбер, ирек. Осылардың ішінен сізді «бұл – Мен!» дегізетіндей біреуін таңдаңыз. Өзіңіздің формаңызды сезініңіз. Таңдау қиын болса, сізге бірінші болып «қараған», көзіңізге бірінші іліккен форманы алыңыз. Квадрат: Қайраткер, еңбекшіл форма.Оның өмір сүру ортасы өзіндік «Меніне» үйлесімді. Жағымды жақтары – ұйымшыл, дәл, қатаң тәртіпті, ережені ұстану, аналитикалық ойлау қабілеті, ұсақ заттарға зейінділік, фактіге жүгіну, жазба сөйлеуге құштарлық, ұқыптылық, тазалық, сақтық, салқынқандылық, үнемшілдік, тұрақтылық, талапшыл, шешімінен қайтпау, шыдамдылық, еңбекқорлық, кәсіби эрудиция;Жағымсыз жақтары: тақуа, өте ұсақшыл, өте сақ, «ақылгөй», ерегеспе, консерватор, (жаңалыққа қарсылық көрсетуші), шешімді қабылдауды созу, сараңдау, саясаткерлігі төмен, таныстары мен достары аз адам. Үшбұрыш: Бұл лидерліктің символы, мақсатына бағытталу, дегеніне жету.Жағымды жағы: лидер, билікке ұмтылыс, қайткен күнде жеңіске жету, проблеманың өзегіне үңілу, өзіне деген сенімділік, шешімге тез келе алу, сезімталдық, батылдық, өте белсенділік, тәуекелшілдік, жоғары еңбекқорлық, көңіл көтерудегі еркіндік, күшті саясатшы, тапқырлық, қарым-қатынаста көпшіл; Жағымсыз жақтары: ең сенімді достары мен жақындары аз, қызбалық, атақ-даңққа бағыттылық, шыдамсыздық, өзінің мақсатына жеткенше басқаға көңіл аудармау, өз дегенінен қайтпау, қу, айлакер, өз дегеніне жетуде неге де бара алады, өзімшіл, мәртебе, мансапқа бағытталған, ұстамсыз, шыдамсыз. Төртбұрыш: Өтпелі қалыптың символы. Өзгеру, басқа деңгейге ену, уақытша жағдай. Өзін-өзі түсіне бермеу, проблемадан қорқу…Жағымды жағы: білуге құштарлық, барлық жаңаға жаны құмар, батыл, бейбітшіл, дау-дамайдан қашқақтайды; Жағымсыз жағы: өзін төмен бағалау, өзгермелілік, тұрақсыздық, пікірін жиі өзгерткіштік, қозғыштық, өзіне сенбеу, аңқаулық, сенгіштік, қызбалық, көңіл-күйінің тез де жиі алмасуы, ұмытшақтық, заттарын жоғалтуға бейімділігі, ұқыпты емес, тиянақсыз, жаңа достар, өзгенің мінез-құлқына, қылығына еліктеу («рөлдерді өзіне өлшеу»), тез салқын тиіп ауырғыш, жарақаттанғыш, жол апатына түскіш. Төртбұрыштылық – бар болғаны стадия, өтпелі кезең екенін ескер! Шеңбер: Мифологиялық тұрғыдан үйлесімділік (гармония) символы.Құнды қасиеттері: адамдар, олардың жайы, жақсы қарым-қатынас орнату, қарым-қатынасты қажетсінуі өте жоғары, «желім» – отбасын, ұжымды біріктіргіш, ашық, өзгелерге қамқоршы, қолы ашық – мырза, өзгені түсіну, жақсы интуиция, байсалдылық, сенгіштік, өзгелерді иландыра алу, әділетсіздікке қарсы тұруда батылдық танытады, қоғамдық жұмысқа бейімділік, күн тізбегін еркін құрады, таныстары мен достары көп. Шеңбер – жақсы психолог! Жағымсыз жағы: көбіне өзін кінәлі сезінушілік, меланхолияға берілгіштік, айналадағылардың пікіріне бағытталу, шешімге келе алмаушылық, саясаткерлігі төмен, көпсөзділік, әсерленгіш, сезімтал. Ирек: Креативтілік, шығармашылық символы. Өзі де басқа фигуралар секілді жабық емес, ерекше формада.Жағымды жағы: «оңжарты шарлы» – ойшыл, өзгеден ерекше, айрықша ойлау, шешім қабылдау, ортаның сүйіктісі, тапқыр, өзгерістерді қажетсінуі, креативтілік, білім құмарлық, жоғары интуиция, өзінің идеяларымен қанаттануы, арманшыл, болашаққа бағытталу, жаңалықтың барлығына деген оң көзқарас, қиялшыл, энтузиазм, еркіндік;Жағымсыз жағы: өмірге аз бейімділік, импульсивтілік, көңіл-күйінің өзгермелілігі, мінезінің құбылмалылығы, ұстамсыздығы, экспрессивті (шындықты көзге айта салу), дара жұмыс істеуді ұнатуы, қағаз бастылықты ұнатпауы, айналысып жүрген ісі жаңа болудан қалса, аяғына дейін жеткізбей тастай салады, финанс жағынан салақтық. Мына түстердің бірін таңдаңыз АҚ – ақкөңіл, ақжарқын, елгезек адамдар. Көп істері адал болады. Балалық мінездерінен әлі қоштаса алмаған адамдар.КҮЛГІН – ешкімге ұқсамайтын шығармашыл тұлғалар.ҚЫЗЫЛ – шапшаң мінезді, жұмсақ жүректі, жұмысты дәл кезінде орындайтын, тәуекелшіл, қарсыласуға дайын тұратын адамдар.САРЫ – қиялға бай, сенімді, қайсар, болашақтан көп үміт күтетін адамдар.КӨК – салқын қанды, өзіне сенімді, басқалардың ренжіткенін қаламайтын, тыныштық сүйетін адамдар.ЖАСЫЛ – қайсар мінезді, жұмсақ жүректі, ақкөңіл, қайырымды адамдар. Олар сенімді, тұрақты адамдар.