Саба? жоспары К?мірсутектер, спирттер, альдегидтер, карбон ?ыш?ылдары арасында?ы генетикалы? байланыс.


Мультфильмдер еліне саяхат" атты жаңажылдық бағдарлама (мектеп оқушыларына арналған).
Жаңа жылдық әуен ойнап тұрады. 
Ортада шырша.  Қабырғаларда мультфильмдерден үзінді кадрлар бейнеленген. Әр кадрдың қасында кейіпкерлер қатып қалған күйінде тұрады.
Кейіпкерлер: 
Аяз ата, Ақша қар, Жылан жылы, Мыстан кемпір, Алдар Көсе, Бай, Кемпір, Қоян, Қасқыр, Тасбақа, Арыстан, Маша, Аю.
Ақшақар шыршаны безендіріп жатады. /Қолында сиқырлы таяғы болады. Сол таяғын шыршаға тигізген кезде шамдар жанып шыршаға көрік береді. Осының бәрін сырттай Мыстан кемпір карап тұрады/. Мыстан кемпір Ақшақардың сиқырлы таяғына қызығып, өз айласын асырып, таяғын ұрлап алып кетеді. Осы кезде Ақшақар сиқырлы қасиетінен айрылып, күші жойылып, шыршаның түбіне әлсіреп, отырып қалады. Қолына сиқырлы таяқ тиген Мыстан кемпір әндетіп келе жатады. (Қап, бәлем қоян!) музыкасы жүреді. Алдынан Қоянды қуып келе жатырған Қасқыр кездеседі. Қасқыр Мыстан кемпірден жөн сұрайды.

Қасқыр: Тым көңілді көрінесіз. Себебі бар шығар?
Мыстан кемпір: Әрине, мен бәріңді қатырдым. Сендердің көптен күткен Жаңа жылдарың өтпейтін болды. Себебі Жаңа жылға сән беретін шыршаларыңның шамдары жанбайтын болды. Ол шамдарды жағатын айдай сұлу Ақшақардың сиқырлы таяғын мен ұрлап алдым. Енді барлық сиқырлы күш менің қолымда, -  деп алақайлап, қарқылдап күледі.
Қасқыр біраз ойланып тұрады да, Қоянды қасына шақырады. Қоян Мыстан кемпірдің артына тығылады.
Қоян: Қасқыр ағай, маған тиіспейсіз бе? Мен сізден қорқамын. Алдап мені жеп қоймайсыз ба?
Қасқыр: Жоқ, Қоянжан ағалық уәдемді берем. Екеуміз бір-бірімізді қуалап жүргенде Мыстан кемпір Ақшақардың сиқырлы таяғын ұрлап кетіпті. Кел, екеуміз көмектесейік.
(Қоян қорқа-қорқа қасқырдың қасына барады. Қасқыр мен Қоян ақылдасады).
Қасқыр: Мыстан, сен неге олай жасадың. Біз бұл Жаңа жылды асыға күтіп жүр едік. Сен бәрінің берекетін кетірдің ғой. Үшеуміз бір шешімге келейік. Біз саған жұмбақ жасырамыз. Сен осы жұмбақтың шешуін тапсаң сиқырлы таяқ өзіңде қалады, ал шеше алмасаң сиқырлы таяқты бізге бересің.
Мыстан кемпір: Жақсы, келістік. Өз сөздеріңнен айнып кетіп жүрмеңдер.
Қасқыр мен Қоян жұмбақ жасырады.
Жұмбақ:Ақсақалды шал жылына,Бip-ақ рет келіп кетеді.Қызы мен ұлына,Сыйлық алып келеді./Аяз Ата/
Суды елекпен қалай тасуға болады? Жауабы: мұз қылып қатырып
Қатты жылдамдықпен келе жатқан жүк машинаны бір қолымен кім тоқтата алады? Жауабы: Жол полициясы
Бір үйде елу батыр, үй сыртына сүйкенсе өліп жатыр? Жауабы: Сіріңке
Патша кімнің алдында тәжін шешеді? Жауабы: Шаштараздың
Қазақстан мен Өзбекстанның ортасында не бар? Жауабы: мен
Жеген сайын жылататын нәрсе? Жауабы: Таяқ 
Теңіздің суы неліктен тұзды? Жауабы: Балықтар иістеніп кетпеуі үшін
Еліміздегі ең ұзын ағаш қайда өседі? Жауабы: Ұзынағашта
Мыстан кемпір оқушыларды қорқытып, үркітіп жүріп, жұмбақтың шешімін тауып алады. Өздерінің жеңілгенін білген Қасқыр Қоянға ашуланып, өкпесі қара қазандай болып, уәдесінен айнып, Қоянды қуа жөнеледі. Қоян одан әрмен қашады.
Мыстан кемпір әндетіп, жолға шығады. Жолшыбай тамаша көңілді би билеп жүрген Арыстан мен Тасбақаға жолығады.

Үнемі ашулы, айбат шегіп, қаһарынан қан тамып жүретін Арыстанның көңілді-күйін көріп, Мыстан кемпір: Алақай, мен бәріңді қатырдым. Қоян мен Қасқыр да менен айласын асыра алмады. Сендердің көптен күткен Жаңа жылдарың өтпейтін болды. Себебі Жаңа жылға сән беретін шыршаларыңның шамдары жанбайтын болды. Ол шамдарды жағатын айдай сұлу Ақшақардың сиқырлы таяғын мен ұрлап алдым. Енді барлық сиқырлы күш менің қолымда, -  деп қарқылдап күледі.
Арыстан мен Тасбақаның сөзі:
Тасбақа: Әже, осындай әурешілікті қайтесіз. Арыстан ағам сияқты жаман қасиеттеріңнен арылып, Ақшақардың таяғын қайтарғаның дұрыс болар.
Мыстан кемпір: Жоқ. Бұл не дегенің. Жыл сайын Жаңа жылды менсіз өздерің өткізесіңдер. Мені жаман кемпір деп менсінбейсіңдер. Енді қалай болар екен, бәлем!
Тасбақа: Біздің сізге қояр бір шартымыз бар.
Мыстан кемпір: Шарт дейсіндер ме?! /қарқылдап күледі/ Жолда Қасқыр мен Қоянда Ақшақарға көмектеспекші болып, жұмбақ жасырып еді. Енді сендер не істемексіңдер?
Тасбақа мен Арыстан жарыса сөйлеп: Би билеп жарысайық, жеңсең, Жаңа жылдан үмітімізді үземіз. Біз жеңсек, сиқырлы таяқшаны иесіне қайтарасың.
Мыстан кемпірдің биі
/Мыстан кемпір балаларды қорқытып, әлімжеттік жасап өзін жақтауды талап етеді/.
Арыстан мен Тасбақаның биі: мектеп оқушыларымен бірге билейді.
Мыстан кемпір әр баланың қасына барып, қорқытып өзін жақтауды талап етеді. Алайда қорыққан балалар Мыстан кемпірді жақтап шығады.
 Әділ шешімін ала алмаған Арыстан мен Тасбақа ұнжырғалары түсіп, өз жөндеріне кетеді.
Мыстан кемпір өз жеңісіне қуанып келе жатып, Аю мен тентек Машаға кездеседі.

Мыстан кемпір жолында кездескендердің бәрін алдап келе жатырғанын, өзінің істеген істерін мақтан етіп, ән айтып келе жатады.  
Мыстан кемпір: Алақай, мен бәріңді қатырдым. Сендердің көптен күткен Жаңа жылдарың өтпейтін болды. Себебі Жаңа жылға сән беретін шыршаларыңның шамдары жанбайтын болды. Ол шамдарды жағатын айдай сұлу Ақшақардың сиқырлы таяғын мен ұрлап алдым. Енді барлық сиқырлы күш менің қолымда, -  деп қарқылдап күледі.
Өз анасындай қамқор болып жүрген аю Мыстан кемпірден тентек Машаны қорғамақ болып, бауырына жасырады.
Аю: Кешіріңіз, сонда асыға күткен бәріміздің Жаңа жылымыздың болу болмауы сіздің қолыңыздағы сиқырлы таяқта болып тұр ма?
Мыстан кемпір: Әрине. Шыршаларыңа жан бітіретін, жаңа жылға сән беретін Ақша қардың сиқырлы таяғы менің қолымда тұрған жоқ па?
Аю: Енді түсіндім мән-жайды. Олай болса Маша қызым екеуміздің саған қояр талабымыз бар. Бізбен бірге ойын ойнайсыз. Ойында жеңіске жетсеңіз, онда сиқырлы таяқ сізде қалады. Ал ұтылып қалсаңыз сиқырлы таяқты Ақшақарға қайтарасыз.
Мыстан кемпір: Жарайды, ендеше ойынды бастайық.
Ойын ойнату. Ата-аналарға арналған ойын.
1.  Сізге салфеткадан қиыршық қию керек, кім бірінші сол жеңімпаз.
2.  Балаларға жылы сөздер арнау.
Бұл ойында да жеңіске жеткен Мыстан кемпір әндетіп келе жатып ауылға аты белгілі болған атақты Алдар Көсе ауылына табан тірейді.

Қора-қора қойы, өрісі толы малы, матау-матау түйесі бар ауылдың атақты байы ерігіп кемпірімен дауласып отыр екен. Екеуінің дауын естіген Мыстан кемпір мен Алдар Көсе екеуінің әңгімелеріне араласады.
Мыстан кемпір: Екеуіңнің дауларыңды шешетін менің сиқырлы таяғым бар.
Алдар Көсе: Елдің бәрін шулатып жүрген сенсің бе?
Мыстан кемпір: Сен Алдармын деп мақтанасың. Жолымда кездескендердің бірде-біреуі менен айласын асыра алмады. Керім болсаң, мына менің қолымдағы құдіреті күшті сиқырлы таяқты алып көр.
Ақшақарды алдаған Мыстан кемпірден айласын асырып, қайырымды халықтың қамын ойлайтын Алдар Көсе таяқты қолға түсірудің амалын жасайды.
Алдар Көсе: Әлемді аузына қаратып, ел-жұрттың бәрін алдап, тыныштығын бұзып келе жатқан ең сұлу, ең ақылды жан сіз сияқтысыз, - деп мақтауын жеткізіп, Мыстанның қалтасындағы таяқты байқатпай суырып алады. 
Мақтау сөз естіген Мыстан кемпір Алдардың қармағына түскенін байқамай қалады.
Алдар Көсе: Кел, ендеше екеуміз бәстесейік. Мына көп таяқтардың ішінен өз таяғыңды тауып алсаң, менің Алдар деген атым құрысын, - деп миығынан күледі. Ал таба алмасаң, сеннен зардап шеккендер мен Ақшақардан кешірім сұрайсың.
Мыстан кемпір әр таяқты бір ұстап, қанша іздесе де, өз таяғын таба алмай Алдар Көседен ұтылып, кешірім сұрауға бел буады.
Ал Алдар Көсе Бай мен Кемпірді татуластырып, барлығы қосылып шыршаның жанына келеді.
Мұңайып отырған Ақшақарды көріп, Мыстан кемпір кешірім сұрап, Алдар Көсе сиқырлы таяқты Ақшақарға береді. Осы кезде сағаттың даусы естіледі. Есіктен Ескі жыл мен Жаңа жылды қасына ерткен Аяз ата келеді. Көрермен ән айтып, Аяз атаны қарсылап алады. Атасын көптен күткен Ақшақар қуанып ән айтып береді. 
Сөз кезегін Ескі Жылан жылы алады. Мектеп жетістіктері айтылады.
Жылан жылының сөзі: Менің жылымда жеткен жетістіктердің санына жету мүмкін емес сияқты. Шәкірттеріміз биылғы жыл түрлі байқаулардын, халықаралық конкурстардың жеңімпаздары атанды. Мектебіміз жас мамандармен толықты. Ұстаздарымыз Республикалық, облыстық, аудандық газет беттерінен жарық көрді, т.б.

Аяз атаның сөзі:
Амансыздар ма, Тәуелсіз елдің бақытты ұрпақтары, аяулы аналар, ардақты ұл-қыздарым, бүлдіршін балаларым!Қандай жарқын жүздерің,Қандай әсем жырларыңАсаулармен алысқап,Асау желмен жарысқанАталарың сендергеШаршап келді алыстан.
Жыл сайын сендердің жарқын жүздеріңді көріп, мен жасарып, бақыттан бал-бұл жанып тұрмын. Бір жыл бұрын Ұлуға үлкен үміт артып, сеніммен сендердің алдарыңа келген едім. Шүкір, Жылан немеремнің бағындырған белесі, шыққан шыңы, алған асуы аз емес. Жыланға ризамын. Елімізде соғыс болмай, тыныштық болды. Осының өзіне тәуба дейміз. Енді қасыма ілестіріп, ер қанаты, қазақы болмыспен, мінезбен шендестірер, адам баласына пайдасы көп Жылқыны әкеліп тұрмын. Бұл баламнан да үлкен үміт күтемін.
Аяз атаға балалар өнерлерін көрсетеді. (Өлең, тақпақ, билерін орындайды).
Аяз атаның қоштасу сөзі: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip куантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімді де өнерлі екенсіңдер.
Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе, қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашьқ болсын! Қош болыңдар! (Қолдарын бұлғап шығып кетеді).
Балалар: Сау болыңыздар!
Қорытынды сөз мектеп директорына беріледі. 
Сыйлықтар беру.
Топ болып, би билеу.
Жаңа Жыл- Жаңа Жыр1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті ата-ана, қымбатты ұстаздар, оқушылар.2-жүргізуші: Жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын.Жаңа жыл елімізге, әр шаңыраққа тыныштық, бірлік, құт-береке әкелсін. Біздің мектебімізде жалпыға міндетті білім беру қорынан бөлінген қаржыдан әлеуметтік топқа жататын жанұя балаларының 88-і мектеп жанынан бір мезгіл ыстық тамақ ішуде. 45 оқушы киіммен қамтамассыз етілсе, 45 оқушы оқу-құралдарымен жабдықталып отыр. Аудын әкімінің басшылығымен әлеуметтік топтағы жанұя балаларына арналған шыршамызды өткізгелі отырмыз.1-жүргізуші: Кел, жаңа жыл,Төрле, төрле жеріме,Құт береке боп келгейсің еліме,Үміт артып армандарға аяулы.Шаттығына бөлегейсің бізді де, - дей отырып аудан әкімі Имандосов Мұрат Самұратұлының балаларға деген жаңа жылдық ыстық лебізін қабыл алайық.2-жүргізуші:Қош келдіңіз бүгінгі кешімізге,Жаңа табыс тілейік ісімізге.Келе жатқан жаңа жыл құт әкелсін,Мына отырған барша жан бәрімізге.1-жүргізуші:Айнала қоршап шыршаны,Шашылар шашу – жыр әні.Мынау әсем шыршаға,Қош келдіңіз балалар.2-жүргізуші: Жаңа жылдық шырша мерекесіне қош келдіңіздер балалар.1-жүргізуші:Төрлетіңдер, төрлетіңдер.Шырша сәнің көріңдер.Әсем әнмен би билеп,Күй жырларды төгіңдер.2-жүргізуші:Жаңа жыл-туындаған жаңа армандар,Жаңа жыл-шуылдаған жаңа ормандар.Ал мынау-мәңгі бақи жаңа дүние,О, сәлем жаңа жылда жаңарғандар.Бағыбергенова Салтанаттың орындауындағы «Қош келдің Жаңа жыл» әні.1-жүргізуші:Ақ көңілім айналды аппақ қарға,Көңілдене қосыл сен ән мен жырға.Қыс қызығы басылмай ұласады,Қуаныш көп болсын жаңа жылда.2-жүргізуші:Мектебіміздің бишілерін шақырайық,Қошеметпен, құрметпен қарсы алайық.Бишілерімізді ырғалтып би билетіп,Қол соғып биік шыңға самғатайық-дей отырып, 1-кл оқушыларын «Балалық шақ» биін қабыл алыңыздар.1-жүргізуші:Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.«Жаңа жылмен құттықтаймын» деген үн,Қанаттана кең алқапқа тарайды.2-жүргізуші:Жаңа жыл-қайсарлық пен жүректілік,Баратын болашаққа білек түріп.Біз жаңа жылдарға қол соғамыз,Әлемге жақсылықтар тілеп тұрып.1-жүргізуші:Аппақ тоңға оранып,Базарлықты мол алып.Келеді алыс сапардан,Аяз ата оралып.2-жүргізуші:Келді Аяз атамыз,Қасында Ақша қары бар.Қызыққа әбден батамыз,Қарсы аламыз баршамыз.1-жүргізуші:ал, енді құрметті халайық! Бүгінгі кешіміздің қадірлі қонағы әрі сәні АЯЗ ата мен Ақшақарды шақырайық. Хормен: АЯЗ АТА, АҚШАҚАР. (3 рет)2-жүргізуші: Қош келдіңіз АЯЗ АТА.1-жүргізуші: Амаңсыңба АҚШАҚАР.АЯЗ АТА: Амаңсыңдар ма, ұлдарым,Амансыңдар ма қыздарым.Қандай жарқын жүздерің,Қандай әсем билерің.Асулармен алыстым,Асау желмен жарыстым.Шыршамызға асығып,Өздеріңмен табыстым.АҚШАҚАР:Армысыздар, оқушылар, ата-ана,Жаңа жылдарыңыз құтты болсын.Жаңа жыл бірлік пен татулық жылы болсын,Әр отбасы үшін ырыс пен береке жылы болсын.2-жүргізуші:Аяз ата, сіз алыс жолдан шаршап келдіңіз, енді отырып дем алыңыз. Біздің сізге арналған жаңа жылдық тартуларымызды қабыл алыңыз.1-жүргізуші: Жаңа жыл ауылдарды жарылқасын,Қиналып әр отбасы тарықпасын.Аяз ата бүгінгі келген күндейЖүздеріңнен қуаныш арылмасын,- дей отырып бүгінгі Жаңа жылдық ертеңгілігімізді ашу үшін мектеп басшысы Сейсенов Ғалымбек ағайдың жылы лебізін тыңдасақ.2-жүргізуші: Ән «Катюша». Орындайтын 5 сынып оқушысы Кемали Айдана.1-жүргізуші:Жаңа жылды қарсы алып,Жасаймыз той жылда бір.Жарқын-жарқын ән салып,Жалғасады жырға жыр.ТАҚПАҚТАР.2-жүргізуші: Жаңа жыл мерекесі құтты болсын,Әрқашан мерекелік көңіл болсын.Кеудеміз күмбірлеген жырға толып,Қане, достар, күлкімен орта толсын. Әмір Аягөздің орындауында «Испан биін» қабыл алыңыздар.1-жүргізуші: Қайырымдылық-халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі.«Жанашырлыққа – жан риза» дегендей әлеуметтік топтағы балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақының тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол игі іске атсалысу әрбір адамның азаматтық парызы. Адам өміріндегі ең игі – істердің бірі мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Олай болса осы балалардың жаңа жылдық шыршасына демеушілік жасаған ауыл әкімшілігіне, аудан депутаты Қасқырбай Әлімбаевқа және мектеп әкімшілік құрамынан құрылған Сейсенов Ғалымбек ағайға, Абдрасулиев Серік ағайға, Ержанова Сарқыт апайға, Баспаев Алып ағайға, Рысқұлов Айдын ағайға, Ағыбай Асылбек ағайға, Кемалова Роза апайға, Қаниева Гүлзат апайға, Жеке кәсіпкер Аязбаева Забира апайға алғысымыз шексіз.2-жүргізуші: Кел, төрлет, Жаңа жылым. Құтты жылым.Өзіңді бүкіл елім күтті бүгін.Қарсы алдық сені еңселі еңбекпенен,Жарқырап әне алдымнан шықты күнім.Оспан Эланораның орындауындағы «Аппақ гүлдер» әнін қабыл алыңыздар.1-жүргізуші:Асыға күткен жаңа жыл,Кел жаңа жыл, жаңа жылЖаңа заман, жаңа айларКел Жаңа жыл, Жаңа жыл2-жүргізуші:Шырша қандай керемет,Ойыншықтар ілінген.Жымың қағып шамдары,Бүкіл қызық тірілген-дей келе Байсалбай Мағжанның орындауындағы «Ел қорғауға әзірміз» әнің қабыл алыңыздар.1-жүргізуші:Жарқырайды жан-жағым,Жаңа жылдық киіммен,Жаңа жылдың сыйлығын,Жеңіп алғың өнермен-1-кл оқушыларның «Сұлтан» биін қабыл алыңыздар.АЯЗ АТА: Ой, бәрекелді, балаларым. Әсем ән шырқап, би билеп аталарыңды бір қуантып тастадыңдар. Көп-көп рахмет, өркендерің өссің. Енді Ақшақар екеуміз аттанайық. Баршаңызбен қоштасамыз, сау болыңдар.АҚШАҚАР: Сау борлыңдар, балалар, келесі жаңа жылда кездескенше.Барлығы: Сау болыңыз Аяз ата, сау болыңыз Ақшақар.2-жүргізуші:Ей, жаңа жыл, жаңа бақыт ырысым.Жақсылықт ың жаршысы да нұрысын.Адамдардың асқақтаған арманы,Ақындардың таусылмайтын жырысың1-жүргізуші:Жаңа жыл, жаңа бақыт, жаңа жыр.Ізгілік, бірлік дәнін ортаға ысыр.Құт болып береке бер халқымызға Мерейін мәртебесін биікке асыр.2-жүргізуші: Міне, жаңа 2012 жыл да келді. Ал 2012 жылы да елімізге тыныштық болып ырыс-құтымыз арылмасын.1-жүргізуші: Жаңа жыл- әрбіріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін. Жаңа жыл баршамыз үін беркелі, мерекелі жыл болсын.Келесі жаңа жылда кездескенше аман-сау болайық.