Балалар?а базарлы?. Та?ырыбы: Мені? отбасым. ?жемні? ?лдиі


Білім бөлімі: Балаларға базарлық
Тақырыбы: Менің отбасым. Әжемнің әлдиі.
Мақсаты:
Білімділік: Балаларға отбасы туралы түсінік беру, өз жанұясы туралы әңгімелеуге үйрету.
Дамытушылық: Ойын арқылы есте сақтау қабілетін, қарым-қатынас дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: отбасы суреттері, алгоритм.
Іс-әрекет кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық –
қозғаушылық «Шаттық шеңбері»
-Қайырлы таң, балалар! Мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын. Қане, бәріміз шеңбер құрып тұрып, бір-бірімізге деген сүйіспеншілігімізді білдіріп, амандасып алайық. -Армысыңдар, аналар! Армысыңдар, әкелер! Қайырлы таң, аталар! Қайырлы таң, әжелер! Қайырлы таң, достарым! Балалар шеңбер бойына тұрып, қимылдар жасап, өлең жолдарын қайталайды.
Ұйымдастыру-
шылық-ізденістік Кіріспе әңгіме.
-Балалар, мен сендерге бір әдемі сурет алып келдім. Қараңдаршы бұл суретте кімдер бар? -Ата, апа, әке, ана, аға, апай. -Дұрыс, яғни бұл отбасы. Отбасында сендерді жақсы көретін, сендер жақсы көретін адамдар тұрады. -Балалар, сендер кіммен тұрасыңдар? -Осыны бір сөзбен не деп айтамыз?
Есік қағылып, Бауырсақ әндетіп кіреді. -Атамнан да қаштым, апамнан да қаштым. -Бауырсақ, ата мен ападан қашуға болмайды. Апа мен ата сенің ең жақын адамдарың, ол сенің отбасың. Біздің балалардың да, менің де отбасым бар. Кел отырып, танысайық. (балалар ноутбуктан өз отбасының суретін көрсетіп, таныстырады).
Дидактикалық ойын: «Менің отбасым ең ....» -Балалар! Мен сендерге доп лақтырамын, сендер оны қағып алып, өз отбасыларың туралы жақсы сөздер айтып, маған қайта лақтырасыңдар.
Балалар әжеміз бізге өлең айтып береді, қане тыңдайық әжеміздің әлдиін.
Әжемнiң әлдиi
Мамам қайда дейсiң-ау,
Папам қайда дейсiң-ау.
Кеттi десем гөләйттап,
Маған өкпелейсiң-ау.
Қайырмасы:
Әлди, әлди, әләләй,
Ұйықтай қойшы, балам-ай-Бауырсақ, сен де, балалар да шаршаған шығар, бір сергіп алайық.
Сергіту сәті
Сәлем саған, ата! Сәлем саған, әже! Сәлем саған, әке! Сәлем саған, ана! Маған да бір салем! Отбасыма бір салем!
-Бауырсақ, менің балаларым отбасылары жайлы тақпақ, мақал-мәтелдер біледі. Сен мұқият тыңда!
Мұқият тыңдайды.
Педагог қойған сұрақтарға жауап береді.
-Әкемен, анамен, ағамен, апайыммен.
-Отбасы.
Бауырмақпен амандасады.
Мысалы: Менің отбасым ең мейірімді. Менің отбасым ең көңілді. Менің отбасым ең тату.
Мұқият тыңдайды.
Өлеңді қайталап балалар айтады.
Өлең жолдарына сәйкес қимылдар
жасайды.
Балалар тақпақ, мақал-мәтелдерін айтадыРефлексиялық -түзетушілік Дидактикалық ойын:
«Бір шаңырақ астында» Балалар шаңырақтың бір-бір уығынан ұстап, тілек айтады: -Мен отбасыма денсаулық тілеймін. - Мен отбасыма бақыт тілеймін. - Мен отбасыма татулық тілеймін.
Қорытытындылау:-Балалар біз бүгін не туралы әңгімелестік? -Қонаққа не келді? -Енді Бауырсақ отбасымен тату-тәтті болады. Бауырсақ «апа мен атадан қашпаймын» деп, балаларға рахмет айтып, қоштасады.
-Мен отбасыма денсаулық тілеймін. - Мен отбасыма бақыт тілеймін. - Мен отбасыма татулық тілеймін.
-Отбасы туралы әңгімелестік.
- Қонаққа Бауырсақ келді.
Жақсы қатысқан балаларды мадақтау.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: отбасы мүшелерін ажыратуды және олармен дұрыс қарым-қатынас жасауды.
Игереді: үлкенді сыйлауды, құрметтеуді, дұрыс сәлемдесуді.
Меңгереді: отбасына деген жылы сөздер айтуды, мейірімді, адал болуды