Технологиялы? карта Та?ырыбы: ?жемні? камзолы
Ортаңғы «Қарлығаш» тобында ұйымдастырылған оқу қызметінің
технологиялық картасы.
Күні: 09 .02.2017ж
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Бөлімі: Сурет.
Тақырыбы: «Әжемнің камзолы».
Мақсаты:
Білімділік: Балаларды қазақтың ұлттық киімі – камзолмен таныстыру және оны ою-өрнектермен әшекейлей білуге үйрету.
Дамытушылық : Ұлттық сәндік қолданбалы өнерге деген қызығушылықтарын арттыру және көркемдік талғамын дамыту. Балаларды өрнектерді дұрыс орналастыра білуге жаттықтыру, оның суретін салу жолдарын меңгерту.
Тәрбиелік : Әсемдікті сезіне білуге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қазақтың ұлттық ою-өрнегі және қазақтың ұлттық киімі – камзолдың суреті.
Қажетті құрал-жабдықтар: ақ қағаз, фломастер, қылқалам, су.
Сөздік жұмыс: әшекей, әшекейлендіру
Қостілділік компонент: Әшекей бужитерия.
Оқу қызметінің кезеңдері Тәрбиешінің қызметі Балалардың қызметі
Мотивациялық қозғаушы «Оюды құрастыр, атын ата!» дид. ойыны.
Тәрбиеші балалардан қазақтың қандай ұлттық ою-өрнектерінің атын білетіндерін сұрайды. Балалар толық жауап береді.
Іздену-ұйымдастырушы Тәрбиеші балалардың қазақтың қандай ұлттық киімдерін білетіндерін сұрайды. Камзол жайында әңгімелеп, оның пішініне, көлеміне, ою-өрнектерімен әшекейленуіне назар аудартады..
Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрайық,
Қолды белге қояйық.
Жоғары, төмен қарайық,
Қос аяқтап секіріп,
Бойымызды жазайық.
Камзолды салу үлгісіне қарап, сурет салу әдіс-тәсілдерін түсіндіреді.
-Камзолдың суретін салып, жеңіл сүйкей жағу тәсілімен бояймыз, содан кейін жиегіне ою саламыз. Фломастермен камзол жиегіне үшбұрыш тәріздес өрнек жасаймыз, қолымызды қағаз бетінен алмай салып жаттығамыз. Үлгіде көрсетілген ою-өрнектерді фломастермен жүргіземіз.
Қостілділік компонент: Әшекей бужитерия.
Тәрбиеші ою-өрнектердің түстерін таңдауға, оларды дұрыс орналастыруға бағыт беріп көмектеседі. -Орамал, тақия, камзол, шапан т.б.
Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.
Қылқаламды жеңіл және еркін ұстап, бояуды өздері таңдап, жұмысқа кіріседі.
Камзолдың пішініне сәйкес ою-өрнектерді жасайды.
Балалар қайталайды.
Рефлексивті коррекциялаушы -Балалар, сендер бүгін жұмысқа белсене қатыстыңдар, жұмыстарынды әдемі, ұқыпты салдындар. Енді сол жұмыстарыңнаң көрме ұйымдастырайық. -Камзолдың суретін салып, оны өрнектермен әшекейледік.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: ұлттық сәндік-қолданбалы өнер деген ұғымның мәнін..
Меңгереді: ою-өрнектің суретін салу жолдарын.
Игереді: өрнектерді дұрыс орналастыра білуді