«?жемні? сыр санды?ы» та?ырыбында музейде ?йымдастырыл?ан викторина


Тақырыбы: «Әжемнің сыр сандығы»
Өткізілетін күні: 26.10.2016ж
Өткізілетін жері: музей
Өткізілу әдісі: викторина
Жауапты: Ф.Нұрлыбаева, экскурсовод.

Мақсаты: ұлттық әдет ғұрып, салт –дәстүрді үйрету.Ұлттық тәрбие жөнінде білімдерін арттыру.
Көрнекіліктер: сандық, ұлттық әшекей бұйымдар, т.б,викторина барысында слаид көрсетіледі.
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме балалар? Бүгінгі викторина тақырыбымыз «Әжемнің сандығы» деп аталады. Сандық — халықтар тұрмысында ерте кездей пайдаланылып келе жатқан ең ежелгі жиһаздың бірі.Міне осындай сандықта әжелеріміз көбінесе бағалы заттарын сақтаған. (Оқушыларға этнография залында орналасқан көрмеден сандықты, ұлттық әшекей бұйымдарды көрсету )
"Шебердің қолы ортақ" демекші, он саусағынан өнер тамған небір зергерлер (қазіргінің дизайнерлері) әшекейдің түр-түрін жасаған. Сондықтан бір-біріне ұқсамайтын сан алуан бұйым бүгінге дейін жеткен.Бұл тек әсемдік бұйымдары ғана емес, әшекейлердің тәрбиелік мәні де зор. Қазақ қыздары бет-жүзін бүркемей, ашық ұстаған.Шолпы сылдырынан жасқанған қыз бала бейсауат жүрмеген.Асыл аналарымыз бұйымдарды қыздарына, келіндеріне мұраға қалдырып отырғандықтан, олар бүгінге дейін жетіп отыр. Солардың біріне назар салайық. Бұл бұйымның барлығы да күмістен соғылған.
Әшекей тағылатын түрлеріне қарай бірнеше топтарға бөлінеді.
Басқа тағатын әшекей түрлері: шеке, самай, маңдай, құлақ, мұрын, бұрымға тағылатын әшекейлік заттар.
Шекеге тағылатын әшекей түрлері: шекелік.
Самайға тағылатын түрлері: сырғалық, айшық, жақ моншақ, сырға.
Маңдайға тағылатын әшекей түрлері: күміс теңгелер, шырмауық.
Құлаққа тағылатын әшекей түрлері: сырға, бет моншақ.
Мұрынға тағылатын әшекей түрлері: зере, зерен, зейір, зер.
Бұрымға тағылатын әшекей түрлері: шашбау, шашқап, шолпы, шашқа тағатын түйреуіштер, шашмоншақ.
Мойынға тағылатын әшекей түрлері: алқа, бойтұмар, моншақ, тұмарша, әйкел, ділда алқа, тұмар.
Кеудеге тағылатын әшекей түрлері: өңіржиек, түйреуіш.
Қолға тағылатын әшекей түрлері: білезік, мөр, сақина, балдақ, жүзік.
Киімге тағылатын әшекей түрлері: түймелер, қапсырмалар, жапсырмалар, белдік, белбеу, тана, танакөз, тал моншақ.
Сырға. Сырғалардың түрлері өте көп.Қазақ үшін сырғаның атқаратын рөлі өте маңызды болған.Себебі халқымызда бүгінге дейін сақталған "сырға салу" дәстүрі бар.Сырға салынған қыз енді өз "статусына" сәйкес жүріп-тұрып, үй шаруасын меңгере бастаған.Сырға анадайдан "мен мұндалап" тұратындықтан, оған басқа жігіттер көз салмайды. Кейбір сырғалар ауыр, ұзын етіп жасалған, оларды қалыңдық сәукелесіне қадаған. Суретте - осындай сырғаның бір нұсқасы.
Жүзік. Ұлтымызда сақинамен қатар, жүзік түрлері де көп.Жүзікті көп баланың анасы атанған бәйбішелер, құдағилар тағады.Суретте - құдағи жүзік, оның екі саусаққа киілетін түрлері де бар.Жүзікке күмістің қомақты бөлігі жұмсалғанын көріп отырсыздар.

Көзі ақықтан жасалған. Мыңжылдық құдалар басқа да рәсімдермен бірге бір-біріне асыл бұйымдар сыйлап, киіт кигізген.

Білезік. Білезіктің осындай жалпақ, сондай-ақ топсалы, сақинамен шынжырлар арқылы жалғасқан және жіңішке түрлері мұражайларда көп кездеседі. Көз орнатылған да түрлері бар.Барлық жастағы әйел заты таға береді.

Қазіргі кезде осындай көненің көзін заманауи киімдермен үйлестіріп киюге бола ма?
Әрине, болады.Суреттегідей осындай этникалық бұйымдарға еліктеп шығарылған заманауи аксессуарлар да көп.

Ұлттық бұйымдар дресс-код қатаң сақталмайтын жұмыс орнында, көрмелерге, қонаққа барғанда немесе шетелдіктермен кездесуде киюге таптырмайтын аксессуар. Бірақ сән сарапшылары этникалық бұйымдардың бір ғана элементін тағуға кеңес береді.

Осыған ұқсас ұлттық әшекейлеріңіз болса, көктемгі жаңа трендтегі киімдермен үйлестіріп тағуларыңызға әбден болады. Мұндай әшкейлер сіздің ешкімге ұқсамайтын жеке тұлға екеніңізді даралап көрсетеді.Қорытынды:осымен бүгінгі виктаринамыз соңына жетті әжеміздің сандығының түбінде жатқан көне жәдігерлердің сырына қанық болдық.Тыңдағандарыңызға рахмет.
Пайдаланылған әдебиеттер: