Ауылына ?арап азаматын таны


Шығыс Қазақстан облысы. Үржар ауданы. Лайбұлақ ауылы.
«Лайбұлақ орта мектеп-бақша»КММ-сі.
Ауылына қарап азаматын таны.
Тарих және география
пәнінің мұғалімі:А Б Нуракова.
2016-2017 оқу жылы.
Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына 65 жыл. Бұл мейрамды бұрынғы кеңес одағына 15 одақтас республиканы басқыншылардан азат еткен барша халық тойлайды. Ұлы Отан соғысы - халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. Адамзат тарихында үлкенді –кішілі он бес мыңға жуық соғыс өткен екен.Бірақ солардың ішінде ауқымды ,құрбандықтары мен алапаттығы жағынан ең жан түршігерлігі - екінші дүниежүзлік соғыс және оның құрамдас бөлігі – Ұлы Отан соғысы болды. Соғыс жылдары бізден бірте – бірте алыстаған сайын оған деген көзқараста өзгеріп келеді. Жаңа кезеңнің бір қасиеті - баяғыда аян болған жағдаяттар жайлы шындықтың соны қырынан көрінуі. Бұл айтылған тұжырым Ұлы Отан соғысының тарихына да тікелей әрі толығымен қатысты. Осы күндері әр Қазақстандық , әр жанұя , барлық халық естен шығармас -1945 жылғы 9 мамырды жадында сақтап өмір сүріп келеді.
Ананы баласынан , ағаны баласынан айырып , мыңдаған боздақтарды жер жастандырып , бөтен ел өмірімен ,тағдырымен бағаланып , өте қымбатқа түскен жеңіспен аяқталғанына 65 жыл толды. Фашистік Германияны жеңуде басты күш халық бірлігінде еді. Бас көтерер ел ұландары арын да, жанын да жеңіске арнады. Қазақстандықтар алғашқы минутында батыс шекарада жаумен шайқасқа қатысқандардың арасында да , Берлинде Рейхстаг үйіне шабуыл жасағандардың арасында да , басқалармен қатар Брест қорғанын қорғағандардың қатарында да бар еді.Мыңдаған кеңес жауынгерлері мен офицерлерінің табандылығы мен ерлігіне қарамастан соғыс алғашта қайғылы жағдайда өрістеді. Соғыстың алғашқы айларында ауыр жеңіліске ұшырауымыздың себебі көп еді. Біріншіден, 12 мемлекетті басып алған және 14 одақтасы болған жаудың күші басым еді. Алайда 1941 жылғы жеңілістің себебі жаудың күші ғана емес, сонымен бірге кеңес басшылығының есебінен де жаңылуында да болды. КСРО соғысқа одақтастарсыз кірді. Соғыс қимылдарының басталуына дейін армия қатары толықтырылып , қайта құрылып , қаруландырылмаған болатын. Оның жауынгерлік даярлық дәрежесі мен тәртібі 1937-1938 жылдардағы жазалаудан кейін төмен еді. Осының бәрінің салдарынан кеңес әскерлері бірсыпыра жеңілістерге, адам күші мен техникасы жөнінен көп шығынға ұшырады.
КСРО-ның жау қолында қалған аудандарында соғыстың алғашқы күнінен бастап- ақ партизандар қозғалысы пайда болды. Ол бұқаралық сипат алуып, ұйымшылдығы, өз жоспарларын кеңес армиясы қолбасшыларының міндеттеріне бағындырып отырулары арқасында стратегиялық маңыз алды.Оған қазақстандықтарда қатысты.Қазақстандықтар соғыстағы Қиыр Шығыстағы соңғы ошағын жоюға да белсене қатысты.
Агрессорлардың герман- италия- жапон одағын талқандау, анти фашистік одақ халықтарының аса зор күш- жігер жұмсауы және жанын беруі арқасында мүмкін болды. КСРО ең көп шығынға ұшырады- 27 млн астам адам мерт болды. Шамамен олардың 410 мыңы қазақстандықтар еді.Соғыстың тарихынан алған сабақтар мен қортындылар ешқашан ұмытылмауға тиіс. Соғыстардың ішіндегі ең ауыр соғыс жылдары және ең ұлы жеңіс адамзаттың онан кейінгі дамуына ықпалын тигізіп келеді.
Кеңес империясы тарихында кеңес – герман соғысының орыны ерекше. 1418 күнге созылған бұл соғыс- кеңес халқы үшін ең ауыр , ең қатал сынның бірі. Кеңес елінің халқы соғыста өз Отанының азаттығын қазан революциясының социализмнің жеңістерін сақтап қалу үшін күресе отырып, өздерінің басына түскен, зор қауіпті жою мен бірге герман фашизімінің қанауында зарлаған Еуропа халықтарының азаттық алуына да көмек көрсетті. Сондықтан, Кеңес Одағы тарапынан бұл соғыс азаттық жолындағы әділетті соғыс болды.
Соғыстың алғашқы күнінен бастап – ақ Комунисттік партиямен, Кеңес үкіметі халықты Отан қорғауға шақырды.Партия мен Үкіметтің бұл үндеуін бүкіл кеңес халқы аса зор патриоттық сезіммен қуаттап , Социалистік Отанды қорғауға бір кісідей жұмылды.Партия Үкімет соғыс жылдары мектептердің жұмысына көңіл бөлуді бір минутта бәсеңдетпейді. Жас өспірімдерді патриотизм рухында тәрбиелеуді- басты міндеттердің бірі ретінде алға қойды. Кеңес- герман соғысы жылдарында оқу –тәрбие жұмысын тоқтатпағаны былай тұрсын ,жас өспірімдерді оқыту мен тәрбиелеу сапасын жақсарту жөнінде жаңа қадам жасайды. Оқушыларды жалпы еңбекке, отандық қорғау ісіне қатысуына мүмкіндік беретіндей практикалық біліммен қаруландыруды талап етеді.Соғыс жылдарында тарих сабағының оқытылуы ерекше жолға қойылды. Оқушыларды патриоттық сезімде халақтың ерлік істерін ардақтай білу рухында , басқыншыларды рақымсыз жек көру сезімінде тәрбиелеуде тарих сабағына зор міндет жүктелді. Отанның игілігі үшін өмірін құрбан қылған батырлардың үлгілі істеріне оқушыларды еліктете білу міндеті жүктеледі.Мектептердегі саяси тәрбие жұмыстары кеңес- герман соғысы кезінде Отан қорғау қуатын арттыру бағытында жүргізілді.
Ел басына қиын- қыстау күн туған Ұлы Отан соғысының отты жылдарында көпұлтты совет халқы жеке бас тағдырын ойлап, бас сауғаламады. Бәрінің мақсаты – қасиетті жерімізді қасық қаны қалғанша қорғап, жеңіс күнін жақындату болды. Партияның шақыруымен бүкіл еліміз өз жұмысын соғыс жағдайына лайықтап « Бәрі де майдан үшін, бәрі де Жеңіс үшін» деген ұранмен жауды жеңу жолына бағындырды. Әйелдер мен балалар еңбек майданында аянбай еңбек етті. Қазақ халқының жүз мыңдаған ұлдары мен қыздары Отан соғысының майданында еліміздің басқа ұлт өкілдерімен бірге неміс фашистерін талқандау ұрыстарында , шайқасып жүргенде тылдағы қыз- келіншек, аналарымыз ерен еңбектің үлгісін көрсетті. Елімізде жүріп жатқан өзгерістерге орай біздің замандастарымызда жасампаз іс- қимылдың азаматтық, қайырымдылық, мейірімділік сияқты қасиеттермен көріне алатын парасаты жоғары азаматтар. Өйткені біздің алдымызда қиындықты жеңе білген , ар- намысты биік ұстаған аға- ұрпақ өкілдері бар ,олар – бізге өнеге.
Бүгінгі таңда уақыт өткен сайын арасы сиреп бара жатқан Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне жан-жақты көмек көрсетуді, құрметтеуді өз сөзінде Елбасымыз баса айтты . Ел басшылығы осы мәселені Қауіпсіздік кеңесі мүшелерінің қарауына шығарып, Отан соғысындағы Жеңістің -65 жылдығы мерекесін бүкіл ел көлемінде, жоғары деңгейде өткізуді талап етті. Соғыс ардагерлеріне , сондай-ақ майдан даласында елді , жерді қорғаған жауынгердің жесірлеріне , тыл еңбеккерлеріне ерекше көңіл бөлу қажеттігін нақтылады. «Бірде- бір соғыс ардагерлері көңілден тыс, көзден таса қалмауға тиіс, олардың ешқайсысы өзін мемлекет айналып кеткен жандай сезінбеуін, ардагерлер және соларға теңестірілген азаматтарды қолдауға бағытталған шаралар қарастырылды» деді Елбасы. Елбасы ардагерлерге сый-құрмет көрсету мен марапаттаудың барлық деңгейін қарастыруға нұсқау берді. Ұлы Отан соғысына қатыстан барлық майдангерлерді баспанамен қамтамасыз ету және сол тұрып жатқан баспаналарына жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Бұған қоса, Президент соғысқа қатысқан ардагерлерге медициналық көмектің барлық түрлеріне қолы жетімді болуын ұдайы назарда ұстаудың маңыздылығын , теміржол және әуекөлігімен жеңілдікті немесе тегін сапар шеге алуларын қамтамасыз етуді баса айтты.Елбасымыздың нұсқауының негізінде барлық аймақтардың өкілділігінде игі іс- шаралар жоспарланып, жүзеге асырылуда. Осындай іс- шараға бізде өз үлесімізді қоспақпыз.
Ұлы даланы дүбірлеткен отты жылдар естелігі әркімнің есінде .Ұлы Жеңіске -65 жыл. Бұл Жеңіс оңайлықпен келген жоқ .
Біз соғыстың біліміз не екенін,
Соғыс деген кеткені берекенің...
Бірақ біздің еліміз береке – бірлігін жоғалтқан жоқ. Осының негізінде жеңіске жеттік. Ұлы Отан соғысы кезіндегі Қазақстан тарихына үңілсек, сыры терең, тағылымы мол асыл мұра.Сырын ашып , тағылымын таныту ұстаз міндеті. Отанды сүю, тарихыңды тану – өз ауылыңнан басталады.
« Ауылына қарап азаматын таны» деген сөз жай айтылмаса керек.
Ұлы Отан соңысы кезіндегі Қазақстанның басынан өткерген тарихи кезеңдерін бүгінгі ұрпаққа танытып, туған жер топырағын қорғау жолында қасық қанын қиған жерлестеріміздің ерлігін ашу, патриоттық сезімін ояту мақсатында танымдық жұмыстар жүргізілді.
Ұлы Жеңіске өз үлесін қосып , ұрпағына асыл мұра қалдырған ардагерлер өмірі – бүгінгі ұрпақтың тәрбие алар мектебі. Ерлігі үлгі болар аталарымыздың бірі – Мусали Мұқаш. Мұқаш ата Лайбұлақ ауылынан 1938 жылы әскерге аттанады, 1939 жылы Фин соғысына қатысады. Ұлы Отан соғысына бастан-аяқ қатысқан атамыз Ұлы Жеңісті 1945 жылы Будапештте қарсы алады. Елге аман- есен оралған соң, бейбіт еңбекке араласады.
«Тарих сабағында - жергілікті деректерді пайдалану» өзекті тақырыбым болғандықтан балаларға деректер жинатамын .
Мұқаш атаны «Ауыл академигі» десек те болады. Артына құнды деректер қалдырған ,күнделік жазған екен. Онда соғыс даласы , майдандас достарының ерлігі жазылған . Сонымен қатар ,Қазақстанда алғаш құрылған совхоздардың бірі болған -Тасбұлақта қанша мал басы, қанша адам, соғысқа қанша азамат аттанды, қаншасы аман оралды- бәрі аты- жөнімен тіркеліп отырған.Осындай танымы мол тарихи деректерді ұрпағы сақтап, сағына еске алып, шәкірттерге айтып отырады. Ерен ерлік көрсеткен, орден -медальдардың иегері Мұқаш ата атында көше бар. Жалғыз Мұқаш ата емес, бейбіт күннің әр таңы үшін күрескен бабаларымыз мәңгілікке ұмытылмақ емес.
Ешкім де, ешқешен да ұмытылмайды.Ер есімі ел есінде мәңгі сақталады.Ұрпақ санасында жаңғырып ,ардагерлер сенімі ақталады, тарихымыз бейбіт өмірде жанданады.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Х. Маданов. Ұлы дала тарихы.
М Қ Қозыбаев. Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін.
Қазақстан тарихы журналы.
Парасат журналы.
М Мусалиев қолжазбалары.