?жейді? т?тті бауырса?ы открытый урок для воспитанников мини — центра


20.10.14ж
Білім беру саласы: «Таным»Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.Тақырыбы: Әжейдің тәтті бауырсақтары.Мақсаты: - заттарды үш көлемінде санауға және оларды топтастыруға,салыстыруға үйрету;- үлкенді сыйлауға тәрбиелеу;- тыңдап,қорытынды жасай білуге дағдыландыру.
Қажетті құрал-жабдықтар,көрнекіліктер: ұзын және қысқа жолдың суреттері,суретке салынған әже мен атаның үйі,ата мен әженің суреттері,суретте немере қыз баланың ата-әжесіне бара жатқан кезі,түрлі түсті дөңгелектер,үшбұрыш,шаршы,бауырсақ.Билингвалды компонент: ата-дедушка,әже-бабушка,-қыз-девочка,үшбұрыш-треугольник.
Балалардың назарын тақтадағы ұзын,қысқа екі жолдың суретіне аударады,сұрақ қояды:-Мына жолдар қандай?-Бұл жолдар қайда апарады деп ойлайсындар?Тақтаға 3 сурет іледі:
-үйдің ішінде отырған атай мен әжейдің суреттері;-әжейдің бауырсақ пісіріп жатқан кезі;-қыз-баланың ата-әжесіне бара жатқан кезі.
-Балалар,қызға атасы мен әжесіне тез жетуге көмектесейік.Олар немерелін сағынып отыр.
«Ұзын-қысқа» дидактикалық ойыныБалаларға ұзын және қысқа жолақшаны көрсетіп,өлшемін анықтауды сұрайды.Жолақшаларды таратып беріп,үстелдің үстіндегі жолақшалардың ішінен ұқсас жолақшаны табуға тапсырма береді.-Жарайсыңдар,балалар,сендер тапсырманы дұрыс орындадыңдар,немересі ата-әжесіне тез жетті.Атасы мен әжесі,немересі бірге отырған суретті іліп,сұрақ қояды.-Балалар,мына үйде қанша адам бар?«Әдемі моншақтар» дидактикалық ойыны-Немере қыз ренжіп тұр.Ол әжесіне әдемі моншақ сатып алған екен,байқамай үзіп алыпты.Келіңдер,немере қызға көмектесейік!Балаларға түрлі-түсті дөңгелектер,үшбұрыштар мен шаршылар таратылады.Тәрбиеші геометриялық пішінді кезек-кезек айтып отырады,балалар тізіп отырады.Соңында дайын үлгімен салыстырады,қателерін тауып,түзейді.Тәрбиеші ойын барысында геометриялық пішіндердің түстерін,атауларын бекітеді.-немере қыз қуанып қалды,сендерге рақмет айтады.Сергіту сәті.Ал балалар,тұрайық,Әдемі шеңбер құрайық.Ата мен әжеге болысып,Тәтті бауырсақ жасайық.
«Қанша бауырсақ» ойыны-Балалар,атай мен әжейге,немересіне бір-бірден бауырсақ берсек,сонда барлығы қанша бауырсақ болады?Тәрбиешімен бірге бауырсақтарды санайды.«Дұрыс орында» дидактикалық жаттығуы.Тәрбиеші бауырсақтарды атай мен әжейге,немересіне таратып беруін сұрайды.-Сен қанша бауырсақ алдың?-Сен атайға қанша бауырсақ бердің?-Сендерде бауырсақ бар ма?-Кімде бауырсақ көп?Сұрақтар қойып,тақырыпты бекітеді:-Бүгін біз не жасадық?Кімдерге көмектестік?-Қандай геометриялық пішіндерді білесіңдер?-Бауырсақтарды кімдерге бердік?Атайдың үйінде қанша аадм тұрады?Тәрбиеші балалардың қолын жуып келуін сұрайды,тәтті бауырсақтарды таратады.Балаларды мақтап,ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін аяқтайды.Күтілетін нәтиже:нені білу керек:заттарды үш көлемінде санауды және оларды салыстыруды;геометриялық пішіндерді бір-бірінен ажырата білуді.Нені игереді: заттардың түстердің ажырата отырып,күнделікті өмірде дұрыс пайдалануды.Нені біледі: тапсырманы дұрыс түсініп,орындауды.
ЖББ Кузнецов негізгі мектебі
Тақырыбы: (ашық оқу іс-әрекеті)
Өткізген: А.К.Сейткалиева
2014 жыл