2 кіші топ ?оян?а ?она??а барамыз


Білім беру салалары: «Таным»
Бөлім: ҚМҰҚ
Мерзімі: 07.02.2017ж
Тақырыбы: «Қоянға қонаққа барамыз» ойыны.
Мақсаты: Дөңгелек, шаршы, ұшбұрыш геометриялық пішіндерді атап және танып білуін жаңдандыру.; Есте сақтау қабілеттерін арттыру; Жинақылыққа тәрбиелеу.
Сөздік жұмыстар: қоян,шаршы,үшбұрыш.дөңгелек.
Билингвальдық компоненті: қоян – заяц, шаршы - квадрат, дөңгелек - круг, үшбұрыш - треугольник.
Әдіс-тәсілдер: жылулық шеңбері, д/ ойындар, сергіту сәті, сөздік жұмыстар, өздік жұмыстар
Әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеті Баланың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы Сендер қонаққа баруды жақсы көресіндер ме?
Бүгін біз қонаққа барамыз,ал кімге баратынымызды мен сендерге жұмбақпен жасырамын.
Жұмбақ жасырады.
Қалқиған ұзын құлағы,
Елеңдеп қорқып тұрады.
(қоян)
Сонымен бүгін біз қоянға қонаққа барамыз Шеңбер бойына отырады.
Жұмбақты шешеді
Іздену ұйымдастырушылық Қонаққа баратын болсақ қоянға және оның көжектеріне сыйлық апармаймыз ба?
- Қоян не жейді?
Сәбіз, қырыққабат жейді.
Ия, қоянның сүйікті тағамы сәбіз, қырыққабат, көк шөп жейді және су ішеді.
Қанекей, қоянға сәбіз мен қырыққабат апарып берейік.
Сәбіздерді,қырыққаббаттарды санату, түрін ,түсін,пішінің сұрау.
Сөздік жұмыстар: қоян,шаршы,үшбұрыш.дөңгелек.
Билингвальдық компоненті: қоян – заяц, шаршы - квадрат, дөңгелек - круг, үшбұрыш - треугольник.
Балалар, қарандаршы мұнда жерде аңдардың іздері жатыр екен. Қоянның ізін басып жүрейік.
Сергіту сәті.
Ұзын құлақ сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды
Ойлы –қырлы жерлермен
Ытқып –ытқып жүгірді.
Алдарынан қоян шығады.
-шулап келе жатқан кімдер болды екен қарайыншы , дейді қоян.
Сәлеметсіңбе? Қоян жан мұнау тұрған қоян.
Балалар қоянмен амандасайық
Cәлеметсіңдер ме балалар?Қалдарың қалай?Маған қонаққа келгендеріне рахмет.
Қоян балалардың саған және көжектеріне әкелген сыйлықтары бар екен. Кәне
сыйлап жіберейік.
Балаллар, қарандаршы мұнда қоянның көжектері тұр екен. Санап жіберейік
Дұрыс айтасындар 5 көжек бар екен. Сол 5 көжекке сәбізден берейік, қырыққабаттан да берейік.
Сыйлықтарына рахмет балалар. Көжектерде қуанып та қалды.Балалар сендер менімен ойын ойнайсындар ма?
Ойын : «Өз үйінді тап».
Ойынның барысы әр түрлі фигураларды өз орнына орналастыру.
- Рахмет балалар барлықтарын дұрыс фигураларды орналастырдындар.Дұрыс орналастырғандарын үшін сендерге бір сыйлығым бар.(көңілді смайликтер тарату)
-Тәрбиеші: Ал балалар біз балабақшаға қайтайық. Тобымызға барайық. Қоянмен қоштасайық. Осы жүрген жолымызбен қайта жүреміз.
Сұрақтарға жауап береді.
Балалардың жауабы.
Сәбіз бен қырыққабатты ажыратып түрін түсін пішінің ажыратады.
Сөздерді қайталайды.
Барлық бала қоянның ізін басып өтеді.
Сәлеметсізбе қоян

1,2,3,4,5
Иә ойнайықшы
Балалар қуаныш
Балалар ойынға қызыға ойнайды.
Қоянмен қоштасып топқа оралады.
Рефлексивті корригиялық Қорытындылау.
-Біз неге қонаққа бардық?
- Қоянға не сыйладық?
-Біз қандай ойындар ойнадық?
Балаларды мақтау.
Сұрақтарға жауап берді.
Қуанады.
Болжамды нәтиже:
Нені білу керек: Математикалық сұрақтарға дұрыс жауап беруді;
Нені игереді: заттарды пішініне қарай орналастыра білулері керек.
Нені біледі: сұрақтарға жауап береді, тапсырмаларды орындауды;

Тәрбиеші:__________________