Презентация: «Жол т?ртібін жады?да ?ста»
Жол тәртібін жадыңда ұста БҚО, Теректі ауданы, Ақсуат ЖОББ мектебінің жоғары санатты тарих пәнінің мұғалімі,мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ескалиева З.М Мақсаты Оқушыларға жолда жүру ережесімен таныстыру. Оқушыларды жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесін үйрету. Бағдаршам макетін жасау, жол белгілерін бейнелеу. Оқушыларды көшеде дұрыс, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.өлең, тақпақ, жұмбақтарды жасыру. Жадыңа сақта! Қай көше, қалаға қай барсаңыз да,Қай ақыл өлшеміне салсаңыз даЖол жүру ережесі Заңды тәртіп,Ол ортақ! Үлкен- кіші баршамызға. Басталар әр қадамың аттауменен,Жол жүру ережесін сақтауменен! Көшеде бағдаршам болмаса,Кісі жоқ жөн сілтер өзіңе.Кідірме, абыржып онда аса,Сенгейсің өзіңнің көзіңе.Көшеде ортаға жеткенше, Әуелі көзің сал сол жаққа,Балақай, ортадан өткен соң,Мойның бұр сол жақтан оң жаққа. Қызыл жарық жанғанда,Қалт тоқтай қал табанда. Сары шамы жағылса,Сақ, абай бол барынша Жасыл жарық – жол ашық!Зымырай бер, бел асып. Ертегілер мен мультфильмдер кейіпкерлерінің мінген көліктерін еске түсірейік.1.Үйдің төбесінде өмір сүрген Карлсон өзінің моторын немен майлады ?(варенье)2.Пошташы Печкинге дядя Федяның ата-анасы нендей сыйлық сыйлады? (Велосипед)3.Ертөстіктің жанындай жақсы көрген көлігі? (Шалқұйрық)4.Ертөстікті жер асты хандығынан жер бетіне шығарған не? (Қарақұс)5.Жалмауыз кемпір көлігі?(келі, сыпырғыш)6.Мысық Леопольдтің сүйікті көлігі? (велосипед)7.Өтірік өлеңде Тазша бала көшкен көлік? (инелік)8.Тазша бала қоянды нендей көлікпен қуып жетіп алады? (ақсақ қоңыз) Мына белгі қай жерде тұрады? Сыр сандық 1.Арқаным бар тым ұзын, Ала алмайсың бір үзім Тапшы мұны мысығым. (Жол)2.Бір тұлпар су ішпейді, жем жемейді,Ескеріп ешбір адам емдемейді.Жүк емес жануарға жүз адам да,Шылбырын сымға байлап тез жөнейді. (трамвай)3.Екі ағасы қашады,Екеуі қуады.Бұл не? (машина дөңгелектері)4.Бұйырмапты бас та, ауыз, құлақта,Бақырайған үш көзі бар бірақта. (бағдаршам)5.Мы машины нужные,На помощь нас зови.У нас на дверце боковойНаписано-03. (ск. помощь)6.мы машины нужные,И если вдруг беда.У нас на дверце боковой Написано-02. (милиц. машина) Көшеде біз сақ болайықҚаймықпасын ата-ана.Жолда сен бол лайық. Оқушылар атына.Жолда жүру әліппесін,Білген жөн бес саусақтай,Сонда ғана жүре аласың,Сен өзіңді сау сақтап.