М?тінні? т?рлері. Сипаттау м?тіні.
Қазақ тілі. 4 сынып (интербелсенді сабақ)
Сабақтың тақырыбы: Мәтіннің түрлері. Сипаттау мәтіні.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Мәтін түрлерін ажыратуға,оның түріне қарай шағын мәтін құрастыруға дағдыландыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, өз ойын жүйелі түрде жеткізу, мәнерлеп сөйлеуге, әдемі жазуға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Ұжымда өзін-өзі ізгілікке тәрбиелеуге дағдыландыру. Бір-бірінің ойын тыңдауға,ұсыныс айтуға,бірлесіп жұмыс істеуге уйрету
Сабақтың турі: Аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдері: талдау,жинақтау,ой тұжырымын жасау.
Көрнекілік: Интереактивті тақта,плакаттар,әр түрлі-түсті маркер,түрлі-түсті А-4 қағазы,стикер,скотч, оқулық,дәптер.
Сабақтың типі: Жаңа материалды игеру сабағы.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Шаттық шеңбер
І. Топқа бөлу .
Оқушылырдың өткен сабақтарда алған білімдерін бекіту барысында,санның тұсында жазылғандарды оқушы « Дыбыс», «Сөз», «Сөйлем», «Мәтін» деп айыра отырып 4 топқа бөлінеді.
Әрбір топ өзінің атауы жайлы не білетінін (Кластерге) «Топтастыру» кестесін А4 қағазға сызып тақтаға іліп қояды.
ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру
Үйге берілген тақырып бойынша әр топқа бір-бір сұрақтан жазылған улестірмелік қағаз таратылып беріледі.
Жариялау. Әр топтан бір оқушы қойылған сұраққа жауап береді,басқалар оның жауабын толықтырады, бағалайды.
ІІІ. «Проблеманы айқындау» кезеңі.
Әр топтың алдында бірнеше бөлікке бөлінген суреттеді құрастырып,онда не бейнеленгенін айту тапсырылады.(қиықтардан бірнеше заттың бейнесі шығады) Сол затқа Қандай? деген сұрақ қою арқылы әр топ жеке талқылап,бір бала жауап береді. (заттың негізгі белгілері көлемі,түрі,түсін санамалап көрсету)
Ойсергек. Сабақ тақырыбын интерактивті тақтада ребус шешу арқылы оқушыларға тапқызу.
Т
,, ,,,
ІY . Жаңа тақырыпқа бағытталу.
Жеке жұмыс. Оқушылар алдымен осы кестенің бірінші бөлімін өздігімен толтырады.
Мұнда оқушы мәтін туралы не біледі,соны өз бетінше толтырып шығады.Сосын топ ішінде талқылайды.
Мен не білемін?
(жеке) Білгім келеді
(топтық) Білдім
(жеке+топтық)
Y. «Проблема шешу кезеңі»
Топтық жұмыс. Әрқайсысы өздерінің не білгісі келетінін кестеге жазып шығады.
Оқулықтағы 10 жаттығу оқылып,тақтада жазылған мына сұрақтар бойынша өз ойын айтады.
І топ - Мәтін не жайында?
ІІ топ - Мәтінге қандай тақырып қояр едің?
ІІІ топ - Мәтіннің қай түріне жатқызуға болады? Неліктен?
ІУ топ - Мәтінде не сипатталған?
Жеке жұмыс. (дәптермен жұмыс.) Мәтінді оқып,мына сызба бойынша топ ішінде талдайды. Не? Қандай? Не істеді?
Мәтіннің алғашқы бөлігі дәптерге көшіріліп жазылады.
Топпен жұмыс. Әр топқа тақтадағы сызбаның көмегімен,өздері пайдаланып жүрген бір құралды сипаттау тапсырылады.
Заттың атауы
Заттың белгісі белгісі
белгісі
Тапсырма.(парта үстінде аңдар мен төрт түлікке байланысты жұмбақтар жасырылып тұрады) Әр топқа парта үстіндегі жұмбақтың шешуін таба отырып, өздерің білетін аңды немесе төрт түлікті сипаттап жазу беріледі.
Жариялау. Әр топтан бір оқушы өздерінің тапсырмаларын оқиды,сипаттайда,дәлелдейді.
YІ. « Проблема шешімін қолдану» кезеңі
Тапсырма. «Біз бүгін сабақта не үйрендік?»
Жариялау. Әр топтан бір оқушы өз ойларын сыныпқа айтады,басқалардың сұрақтарына жауап береді.
Бағалау. Кестенің үшінші «Білдім» атты бөлімін толтырады.Бұл тапсырманы орындағанда оқушылар тірек сөздерді қолдану керек.(кесте толтырылғаннан кейін мұғалім жинап алады)
Үйге тапсырма. Оқулықтағы 31 беттегі 15 жаттығу беріледі.Әр топқа суреттегі әр заттың біріне жұмбақ құрастырып,осы затты сипаттап келу тапсырылады.
Кері байланыс. Оқушылардан сабақ туралы пікірлерін келесі сұрақтар арқылы айқындауға болады:
Бүгінгі сабақта қандай тапсырмалар болды?
Жаттығуды орындау барысында не үйрендік?
Сабақта қандай қиындықтар болды?
Шығыс Қазақстан облысы,Үржар ауданы,
«Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектеп»
Бастауыш сынып мұғалімі
Дүйсембаева Айнагүл Сыдықпайқызы