Саба?тарда ойын элементтерін тиімді ?олдану


Сабақта тиімді қолданылған ойын элементтері – мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың аса зор ілтипатпен тыңдап, жемісті, сапалы меңгеруіне сенімді көмекші бола алады. Өйткені, кіші жастағы оқушылар жас ерекшеліктеріне байланысты ойынға өте ынталы келеді. Балалар тез сергіп, тапсырмаларды тез әрі қызығып орындайтын болады.
Адамзаттың көптеген жылдар бойғы ойнау тәжірибесі ойынның білімдік құндылығын дәлелдеді. Ойынның шығу сырын ғалымдар жүздеген жылдар бойы зерттеп келеді. Оның шығу тарихы жайлы көптеген пікірлер бар.
Ойын теориясы мен практикасын отандық және шетелдік педагогтар, психологтар, социологтар зерттеуде.
Ойын балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін, қызығушылығын арттырудағы басты құрал. Ойын барысында балалардың белсенділігі, шығармашылығы артады.
Ойын проблемасымен шұғылданған көрнекі ғалымдар Р.М. Жуковская, Д.В. Менджерицкая, Т.А. Маркова, Н.Я. Михайленколардың айтуынша балалар игерген білімдерін ойынға пайдалана білу керек. Ал мұғалімнің міндеті – балаларды ойынғаөз қызығушылығымен, ынтасымен қатысуын қамтамасыз ету.
Бастауыш сынып мұғалімдерініңоқу – тәрбие жұмысының негізгі саласы сабақ. Сабақ үстінде оқушылардың біліктілігі, іскерлігі, дағдысы, дүниетанымы қалыптасады. Ол үшін сабаққа сыныптағы оқушының барлығын қызықтыра отырып қатыстыру қажет. Бес саусақ бірдей емес, яғни әр оқушының сабаққа қызығушылығы, дүниетанымы, даму ерекшеліктері әртүрлі. Ал ойын элементтері кез –келген оқушының қызығушылығынтудырады. Тіпті нашар оқитын оқушының өзі  ойын арқылы берілген тапсырмаларды асқан қызығушылықпен,  белсенділікпен орындайды.
«Ойын педагогикалық технологиялары» ұғымы әртүрлі педагогикалық ойындар түрінде педагогикалық үрдістің әдіс-тәсілдерін ұйымдастыруды қамтиды. Жалпы ойыннан педагогикалық ойынның ерекшелігі - оқу-танымдық бағытта сипатталған, педагогикалық қорытындыға ие нақты оқыту мақсаты қойылады. Оқу әрекетіне қызығушылық сезімін ояту мақсатында сабақ ойын түрінде ұйымдастырылады.
Бүгін мен сіздердің алдарыңызға өзім сабақта ұйымдастырып жүрген бірнеше ойын түрлерін көрсетпекшімін.
1.«Қар жауу»ойыны (3слайд)
2.«Көлеңке» ойыны (4слайд)
3. «Жасырынбақ» ойыны (5слайд)
4. «Аз ба,көп пе?» ойыны(6слайд)
Бастауыш сынып оқушыларымен бір ойынды мен әр сабақта әр түрлі етіп ұйымдастырған дұрыс деп санаймын. Мысалы: «Теңге ілу » ойыны математика сағында ұйымдастыру.
Мақсаты: Онға дейінгі сандарды ауызша және жазбаша есептеу дағысын қалыптастыру;
Шарты:Тақта өрнектер жазылып,үстіне өрнек күрделілігіне сәйкестендіріліп теңгелер ілінеді.Үш топқа бөлінген балалар өрнектердің мәнін тауып,теңге құнына сәйкес ұпай жинайды.
«Теңге ілу» ойынын дүниетану сабағында «Ұлттық валюта», «Егеменді елім-Қазақстан» тақырыптарында ұйымдастыруға болады.
Мақсаты: Еліміздің рәміздерін, валютасын танып білуге, құрметтеуге,мақтан тұтуға тәрбиелеу.
Шарты: Қазақстан республикасы жайлы сұрақтарға жауап беру арқылы теңге құнына сәйкес әр оқушы немесе әр топ ұпай жинайды.
1.Еліміздің егеменділігіне неше жыл?
2.Еліміздің елбасы кім?
3Еліміздің мемлекеттік рәміздерін ата?
4.Еліміздің ұлттық валютасы қалай аталады?
5.Еліміздің елордасы қай қала?
«Теңге ілу» ойынын қазақ тілі сабағында «Сан есім» тақырыбын өткенде ұйымдастыру .
Мақсаты: Сан есім туралы түсініктерін кеңейту;
Шарты : Тақтада ілінген теңгелерді іліп алып, құнына сәйкес талдау жасап, ұпай жинайды.
Бастауыш сынып жасындағы балалар ертегілерге өте құмар және ойдан құрастыруы, фантазиясы кең болады. Кейде дайындап келген сабақ жоспарың өзгеріп, көрнекілігің жарамсыз болып қалуы да мүмкін.
Енді мен сіздерге математика сабағында «3 саны мен цифры » тақырыбында «Үш аю» ертегі-ойынды қалай ұйымдастырғанымды айтып берейін.
Шарты: Мұғалім ертегіні бастап береді, оқушылар мұғалім көмегімен ертегіні жалғастырады. Сабақ тақырыбына сәйкес 3 санын ертегіде көбірек пайдалану керек.
Ерте,ерте,ертеде Маша деген қыз болыпты. Маша ата-әжесінен сұранып ,өзінің( неше?)3 құрбысымен орманға саңырауқұлақ теруге барады.Орманда Маша (неше?) 3 сағат жүріп, әрең дегенде (неше?) 3 саңырауқұлақ, (неше?) 3 жидек табады. Әбден шаршаған Маша өзінің(неше?) 3 жолдасынан адасып қалады.
Адасысып келе жатқан Маша орман ішінде бір үйге тап болады. Үйді сыртынан айналып өтіп қараса,үйдің 3 (неше?) терезесі бар екен. Маша үйге кіреді. Іргедегі сағатқа қараса сағат(неше?) 3 болыпты. Маша бұл үйде кім тұрады екен деп ойланып тұрып , ілулі тұрған (неше?) 3 суретке көзі түсті. Суретте әке аю, ана аю, бала аю екен. Маша үй жиһаздарына қарайды. Үстел үстінде әке аюдың (несі?) 3 симкалы ұялы телефоны ,ана аюдың (несі?) 3 тасты сақинасы,бала аюдың (несі?) 3 аяқты велосипеді тұр екен.Маша әке аюдың 3 симкалы телефонын көтере алмай ,еденге түсіріп, сындырып алады. Ана аюдың 3 тасты сақинасы саусағына үлкен болып, еден саңылауына түсіп кетеді. Бала аюдың 3 аяқты велосипеді дәл шақ келіп,шаршағанша теуіп, ұйықтап қалады.Орманнан келген әке аю:- «Кім менің 3 симкалы телефонымды сындырған?» Ана аю :- «Кім менің 3 тасты сақинамды жоғалтқан ?» Бала аю: - «Кім менің 3 аяқты велосипедіме мініп және онда ұйықтап қалған?»-деп айғайлады.3 аюдың айғайынан оянған Маша үйден атып шығып, қаша жөнеледі.
Міне ,осылай дайындаған жоспарым өзгеріп,кейбір көрнекіліктерім пайдаланылмай қалды.
Ал тіл дамыту сабағында орыстың халық ертегісі «Маша мен үш аю » ертегісінің дұрыс нұсқасын айтып бердім .