Б?гінгі білім берудегі ??ндылы?тар та?ырыбында?ы баяндама


“Т.Ізтілеуов атындағы №29 орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі “Бүгінгі білім берудегі құндылықтар” (байқау) Дайындаған:Тасымова М.Қ. 2015 – 2016 оқу жылы Мақсаты: Мектепке дейінгі тәрбие негізгі құзыреттілікке, жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде тұлғалық мәдениетке ие бола тұлғасына дамыту. Міндеті: Сауатты, салауатты жеке тұлғаны қалыптастыру. ҚР-ның «Білім беру» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» деп көрсетілген. Егер ұстаз өз сабағын жан-тәнімен жақсы көрмесе, оның негізгі білімді жеткілікті түрде білім алушыға беруі мүмкін емес. «Елiмiздiң, ертеңі-бүгiнгi жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздың қолында»,- деп елбасымыз Н.Ә. Назарбаев айтқандай әр мұғалiм өзінің бiлiмiн үздiксiз көтеріп отыруы қажет. Бiлiмдi, жан-жақты қабілетті ұрпақ: - ұлтымыздың баға жетпес қазынасы. Ал, қазақ халқының ұлттық тәжірибелері мен тағылымдарының мол қазынасы – халықтық педагогика. Бүгiнгi қазақ мектептерінің алдында тұрған басты мiндет – окушының ұлттық сана-сезiмiн оятып, тәрбиелеп қана қоймай, оның бойына халықтық педагогиканы, ғасырлар бойы қалыптасқан тiл, дiн, тәрбие, ұлттық салт-дәстүр, үлгi-өнегенi сiңiрту, яғни тәрбие беру мен оқыту әдістемелерінің түрлерi көп. Ұлттық тәлім тәрбиенің іргетасын дұрыс қалай бiлу мұғалiмдердiң, ата-аналармен қосылып жүргiзген шараларына байланысты, өйткенi, бiрiншi ұлттық тәрбиені ошағы - отбасында, екiншiден, мектепте болғандықтан, ата-ана мен мектеп болып бiрiгiп жұмыс атқару - біздің басты мiндетiмiз.  Жеке тұлғаны ұлттық тәрбие арқылы дамыта отырып, нақты әрекет арқылы оқытуда төмендегі құндылықтардың болуы қажет:- белсенді қарым-қатынас:  оқушы мен мұғалімнің әрбір мәселеде өз көзқарастарын білдіріп отыруы;- индивидтік: мұғалімнің әр жеке оқушының ерекшелігін дамытуы, қоғам алдындағы жауапкершілігінің болуы;- өзіндік тәртіп: өзіндік бақылау мен бағалауды, шешім қабылдауды үйрену және оны дамыту;- шыдамдылық: әр түрлі пікірлерді қабылдай алу, бір-бірінің пікірлері мен ерекшеліктерін құрметтеу, қабылдау. Білім беру мен тәрбиелеудің мақсатын айқындау үшін қазақ білімпазы Жүсіпбек Аймауытовтың мына сөздерін еске алған жөн. “Мектеп бітіріп шыққан соң бала бүкіл әлемге, өзгенің және өзінің өміріне білім жүзімен ашылған саналы ақыл көзімен қарай білсе, міне, білімдендірудің көздейтін түпкі мақсаты осы. Мектеп осы бағытта баланың келешекте жетілуіне мықты негіз салуы керек” –деген екен. Олай болса, оқушылардың ұлттық құндылық қасиеттерін қалыптастыру негізінің бірден-бірі мектепішілік жүргізілетін тәрбиелік іс-шаралар. Адамның бойына жақсы адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуы, өнер-білімді игеруі – тәрбиеге, өскен ораға, үлгі-өнеге берер ұстазға байланысты. Осыны жақсы түсінген халқымыз “Ұстазы жақсының - ұстамы жақсы”, “Тәрбие басы – тал бесік” деп ұлағатты ұстаздың еңбегін текке кетпейтіндей өсиет еткен. Жеке тұлғаны ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеуде алдымен төмендегідей мақсаттар қойдым.-   Өз халқы оның мәдениеті мен дәстүрлерін мақтаныш тұтатын Қазақстан азаматын тәрбиелеу.-   Жалпы  адамзаттық негіздер мен құндылықтарды құрайтын саналы көзқарастары мен қағида ұстанымдарын тәрбиелеу.-  Қазақстан Республикасының азаматын тәрбиелеудің үлгісіне сәйкес этнопедагогика,этнопсихоголия, этномәдениет негізінде тәрбие үрдісін ұйымдастыру.-  Оқушыларды табысты іс-әрекетте бағыттау, олардың шығармашылығы мен білім құмарлығын дамыту, қолдау. Баланың ақыл- ой дамуын, қызығушылығын, қабілетін, бейімін білмей оны тәрбиелеуге болмайды. В.А. Сухомлинский Бір жылдығыңды ойласаң, арпа ек,он жылдығыңды ойласаң тал ек,бүкіл ғұмырыңды ойласаң, бала тәрбиеле. (халық даналығы) ЖАС КЕЗЕҢДЕРІНЕ БӨЛУ ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ ТОП 1 ЖАСТАН БАСТАП 2 ЖАСҚА ДЕЙІН 1 СӘБИЛЕР ТОБЫ 2 ЖАСТАН БАСТАП 3 ЖАСҚА ДЕЙІН 2 СӘБИЛЕР ТОБЫ 3 ЖАСТАН БАСТАП 4 ЖАСҚА ДЕЙІН ОРТАҢҒЫ ТОП 4 ЖАСТАН БАСТАП 5 ЖАСҚА ДЕЙІН ЕРЕСЕК ЖАС 5 ЖАСТАН 6 ЖАСҚА ДЕЙІН МЕКТЕПАЛДЫ ДАЙЫНДЫҚ ТОБЫ 5-6 ЖАС МЖМБС-на сай мектепке дейінгі балалардың мүмкіншіліктерін ашуға бағытталған білім берудің бес саласы ДЕНСАУЛЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ВАЛЕОЛОГИЯ ҚАТЫНАС ТІЛ ДАМЫТУ КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТ ҚОРШАҒАН ОРТА ТАНЫМ ЭКОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ ҚОРШАҒАН ОРТАМЕН ТАНЫСТЫРУ ҚҰРАСТЫРУ ҚАРАПАЙЫМ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ТҮСІНІКТЕРБЕРУ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ СУРЕТ САЛУ МҮСІНДЕУ ЖАПСЫРУ МУЗЫКА НӘТИЖЕЛІ ІС-ӘРЕКЕТҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ҚАБЫЛДАУ “ӘЛЕУМЕТТІК ОРТА” Қоршаған орта ЭКОЛОГИЯ КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ:Мәдени-гигиеналық дағдыларыДене шынықтыруӨздігінен қозғалу белсенділіСалауатты өмір салты дағдыларыКОММУНИКАТИВТІ – ТІЛДІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІК: Қатынас мәдениеті, тілдің грамматикалық құрылымы, тілдің дыбыстық мәдени сөздік, байланыстырып сөйлеу, мемлекеттік тіл, шығармашылық тілдік қызмет, шығ- ды қабылдау.ТАНЫМДЫЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК:Заттардың қасиетін бағдарлау, қоршаған ортаны тану, құрастырылымдық, дағдылар, экологиялық мәдениет негіздері, қарапайым математикалық ұғымдар, іздеу және эксперименталды іс- әрекет, ақпаратпен жұмыс.ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК:Музыкалық іс- әрекет, нәтижелі іс- әрекет, қоршаған ортамен эстетикалық қабылдау.ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰЗІРЕТТІЛІК: Мінез – құлық дағдылары, ересектер және құрдастарымен өзара іс- әрекеті, адамгершілік нормалары туралы түсінік. Мектеп жасына дейінгі балалардың 5 білім саласы бойынша оқыту мен тәрбиелеу- баланың құзыреттілігін дамыту. Сенситивті кезең: тұлғалық қасиеті, есте сақтау, ойлау қабілеті тиімді дамуы, тәрбие мен оқыту үшін қолайлы мүмкіншілік кезеңі. Білім беру саласы: физикалық, интеллектуалды, адамгершілік, эстетикалық, коммуникативтік және әлеуметтік дамудың азайтылған бірақ функционалды толық білім жиынтығы кіретін мектепке дейінгі білім берудің құрама бөлігі. Құзыреттілік: нәтижеге бағытталған сапалы білім. Негізгі құзыреттілік: білім, дағды, іскерлік қабілет жиынтығы. Құзыреттілік тәсіл:Стандарт талаптарына сәйкес педагогикалық тәсілдер мен әдістерді талдау, білім беру прцесін өздігінен ұйымдастыру. Қабілет: тұлғаның жеке психологиялық ерекшеліктер. Халқымыздың маңдайына біткен ұлттық құндылықтарымызды, сонау өткен ғасырлардан өшпес мұра болып қалыптасып келе жатқан дархан халқымыздың таратқан үлгі насихаты асыл мұраларымызды дәріптеп,білімге ден қойып көп ізденіс жасамайынша оқыту мен тәрбиені бірге ұштастырып , ықпалдастыру мүмкін болмайды. Оқыту мен тәрбиені ықпалдастырып қажымай еткен еңбек арқасында әлемдік деңгейдегі дарынды да тәрбиелі оқушы тұлға шығатынына сеніміміз мол.  Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!