Эссе Ізгілік педагогикасыны? ?кілі — Ш?к?рім ??дайберді?лы


Ізгілік педагогикасының өкілі – Шәкәрім Құдайбердіұлы
Көрмесе де көзімді,
Білмесе де өзімді.
Кейінгі жандар қабылдар,
Айтылған түзу сезімді,-
деп, Шәкәрім келер ұрпақ, ойлы жастардан үміт күте отырып,елу бес жыл жиған рухани мол мұрасын, қорытқан ой-пікірлерін жаңа буын, жас ұрпаққа аманат етіп қалдырған.
Менің Шәкәрімді оқып, шығармасымен тереңірек таныс болуыма бірден бір себепкер болып отырған, ол рухани-адамгершілік білім беру, яғни өзін-өзі тану пәні болып отыр. Өйткені рухани-адамгершілік білімнің маңыздылығы жайында сабақта Шәкәрімнің «Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым болатын-адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек. Бала кезден бастап адам бойынада жоғары ар-ұят, өзін-өзі сыйлау сезімдерін тәрбиелеу айуандық инстинкттен аулақ болуға, зиянды құмарлықтарды жоюға көмектеседі» - деген сөзі менің жұмыстануыма себепкер болып отыр. Мен Шәкәрімнің «Үш анық» атты философиялық еңбегін оқып шыққан болатынмын.
Шәкәрім «Үш анық» атты философиялық еңбегінде: «Бізше адам өмірін түзеуге, барлық адамдар тату тұруға негізгісі – адал еңбек, ақ жүрек, арлы ақыл болу керек. Дүниеде бұл үшеуі үстем болмай, адам баласына тыныш өмір сүруге мүмкіндік жоқ» деген. Мен отбасыммен тыныш, бейбіт, бақытты өмір сүрудемін, өйткені жолдасым электрик ал мен мұғаліммін, екеумізде халыққа көмек беріп, адал еңбек етіп жатырмыз. Кездесетін қиындықтарды ақыл- ой мен шешіп, жүрегіміздің түбіне үңіліп, қорытынды шешімге келеміз.
«Үш анық» еңбегінде, жалпыадамзатты жаратушы бір күш бар – ол бірінші анық- дейді. Ал, рух өлмейді,  жан мәңгілік - бұл екінші анық - деді. Үшінші анық - ар-ұждан деп, оны білімнен де, ғылымнан да, бәрінен де жоғары қояды. «Үш анықтағы» барша адам шамасына қарай, қай бірі өзі үшін, қай бірі табы үшін, қай бірі барша адам үшін жақсылық бақ іздейді. Ақыл қарауында адам толығы барша адамға бақ іздеген болады. Осы еңбекте тіршілік туралы, жанның мәңгілігі, немесе, өлген соң тірілетін жан жоқ деген екі жолды кең талдауға барарда, сау ақыл ұғымын да қолданған: «Менің ойымша, осы екі жолдың қайсысы анық екенін табу ақылы сау адамға қатты міндет. «Үш анықтың» негізінде келіп ар ілімі қалыптасады. Ар ілімі – ол рухани тазару жолы. «Үш анықта» ар ұғымы ұждан деген ұғыммен түсіндіріледі: Адамдағы нысап, әділет, мейірім – үшеуін қосып айтқанда, ұждан деген ұғым туады. Шәкәрім ұждан, яғни ар туралы пікірін: «ұждан – жан тілегі» деді. Шәкәрім: «Адам ақиқатты бас көзімен көрмейді, ақыл көзімен көреді... Өлімнен соң бір түрлі тіршілік бар. Екі өмірге де керекті іс – ұждан. Ұждан дегеніміз ынсап, әділет, мейірім» болып табылады.
Менің тәжірбиемде ар-ұждан дегеніміз өз рухани бастауымызды сезіну. Ол сондай сезімде болғанда ғана адам өмірінің адал жетекшісі бола алады. Ар-ұждан дауысын жүрегі мен санасы таза адам ғана ести алады. Ар-ұждан дауысын естіген адам бақытты болады. Ар-ұждан дауысын мүлдем есітпей басып тастау немесе оған құлақ тігіп нұрымен жарқырау- бұл өзімізге ғана байланысты дүние. Ол бізді ізгілікке шақырып, іс жүзінде өзін танытуға шақырғанда біз оны тыңдамасақ, ол тағы да бізді бірнеше рет ескерткенінде оны елеусіз қалдырсақ, онда ар-ұждан дауысы әлсірей бастайды да, мүлдем үн қатпайды. Сондықтан бұл нәзік үнге әрқашан құлақ түре білуіміз керек.
Шәкәрім «ұждан барлық дүниеден биік» деді, яғни рухани-адамгершілік білім беруде, тұлғаның құрылымында ар-ұждан ең жоғарғы, рухани деңгейінде орналасады.
Шәкәрім: «таза дене, толық мінез ой істерін керек қылады, соның қатты бір керегі – ұждан. Оны адам осы өмірі үшін ғана керек қылмайды, соңғы өмір үшін де керек қылады. Атым қалсын, мені жақсы көрсін, пәленше сондай таза деген үшін емес. ...Ұжданның жан тілегі екеніне нанған адам өмірде істеген қиянатына қатты өкініп, күйіп, істеген жақсылығына қуанып өлсе керек. Ұждан – өмірге бірдей керек таяныш. Бұған нана алмаған адамның жүрегін ешбір ғылым, өнер, ешбір заң-жол тазарта алмайды» дейді.
Шәкәрім Құдайбердіұлының «әдеби мұрасының түп қазығы — ақ жүрек, таза ақыл, адал еңбек иесі — түзу адамды қалыптастыру, сол арқылы қоғамды түзеу» екенін естен шығармауымыз керек.
Орындаған:
БҚО Жаңақала ауданы
Пятимар ауылы
Пятимар ЖОББМ
Өзін-өзі тану пәнінің
мұғалімі К.Б.Шукирова