План урока по воспитательному работу на тему ?рпа? т?рбиесіндегі халы?ты? педагогиканы? ролі.


Баяндаманың тақырыбы:  Ұрпақ тәрбиесіндегі халықтық  педагогиканың  ролі.
Жоспар:
І. Кіріспе:  «Халық педагогикасы – ұлттық қазына»
ІІ. Негізгі бөлім: «Ұрпақ тәрбиесіндегі халықтық педагогиканың ролі»
а) Халық педагогикасы арқылы оқушылардың таным  үрдістерін дамыту жолдары ә) Халық педагогикасын сыныптан тыс шараларда қолдану
ІІІ. Қорытынды:  Халықтық педагогика ұғымына сәйкес оқушының моделі
«Әрбір тәрбиеші сөз жоқ ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиісті және әрбір ұлттың баласыөз  ұлты үшін  қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиені  сол  ұлт тәрбиесімен  тәрбие  қылуға міндетті»
М.Жұмабаев.
Қай заманда, қандай қоғамда болсын алдында тұрған зор міндеттердің бірі – болашақ ұрпағын тәрбиелеу. Жан – жақты жетілген, ақыл парасаты мен мәдениеті мол, саналы ұрпақ тәрбиелеуде әр халықтың салт – дәстүрінен дамуындағы бағалы байлықтың нәрін біртіндеп сіңіру арқылы ғана жүзеге асыруға болады. Басқа халықтар сияқты қазақ елінің де ұрпақ тәрбиелеуде мол тәжірибесі, жиған – тергені, озық ойлары мен өзіндік ерекшеліктері бар. Осындай мол мұраның «дәнегін мәпелеп екпейінше» жастарды ізгілік пен парасаттылықты тәрбиелеу мүмкін емес. Халықтың жазбаша жазылмаған, бірақ ұрпақ есінде мәңгілікке сақталып, бір ұрпақтан бір ұрпаққа ауызша жалғасып келген нақыл – өсиет, өнеге қағида болып таралып келген тәлім – тәрбие тағылымының бай мұрасы бар. Ол халықтық педагогика деп аталады. Халықтық педагогика отбасылық тәрбиеден басталып, ел – жұрт, ауыл – аймақ, тіпті бүкіл халықтық қарым қатынастан берік орын алған тәлім – тәрбиенің түрі. Ендеше халық педагогикасы қоғам дамуының барлық сатыларынан өтіп, тәжірибеде жүйеленіп, ғылыми педагогикалық дәрежеге жеткенше ұрпақ тәрбиесінің қайнар көзі, алтын діңгегі болып келгені даусыз.  
Еліміздің әлеуметтік – экономикалық дамуын жақсарту қоғамдық өмірдің барлық саласында түбегейлі терең өзгерістер жасауды, ең алдымен, адам санасын шыңдауды, жаңаша ойлар қалыптастыруды, халқының өткен тарихи –мәдени мұраларын игере отырып шығармашылықпен еңбек етуді талап етеді.
Қазіргі кезде көп ұлтты мемлекетіміздің алдында тұрған ұлы міндет, біріншіден біртұтас білім кеңістігін қалыптастыру болса, екіншіден, халықтық педагогиканы тәрбие үрдісінде пайдалана отырып ұлттық тәрбие беруде жеткіншектерге тілі мен әдебиетін, тарихы мен өнерін қастерлеп, салт-дәстүрін меңгерту-тарихи қажеттілік.
Халық педагогикасының мақсаты – оқушылардың бойында адамгершілік, отансүйгіштік, елжандылық, имандылық қасиеттерін қалыптастыра отырып, болашақта еліміздің тізгінін ұстайтын жастарды тәрбиелеп шығару. Халық педагогикасы – ұрпақтан –ұрпаққа  жалғасып келе жатқан дәстүрдің өзегі, алтын діңгегі, халықтың ең берекелі, ең парасатты тәжірибесі. Ол ғасырлар бойы жинақталған сан алуан іс-тәжірибелер мен ой-пікірлер негізінде қалыптасты. Оның мұралары уақыт талабы мен өмірге қайта оралып, мектептің оқу – тәрбие жұмыстарында кең қолданылуда.  Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында «Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімімен өз еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз» дегені мәлім.  Сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында да «Қазақ халқының мәдениеті мен дәстүр – салтын оқып үйрену үшін жағдайлар жасау бірінші кезектегі міндеттердің бірі» деп атап көрсетілген. Халықтық тәрбие, ол ұлттың ұлт болып қалыптасуымен бірге дамып келе жатқан көне тарихи жүйеге жататыны кімге болса да аян.  Халқымыздың ұлттық педагогикасының ұрпақ тәрбиесінде алатын орны ерекше. Ерекшелігі сол: жас жеткіншектерді есті, адал, еңбекқор, парасатты болсын деген үмітпен ата-баба тәлім –тәрбиесін әрқашан мұра тұтып келген және оны талап етіп отырған. Ұрпағын жаман әдеттерден жирендіріп, жақсылыққа жетелеп, өсиет сөздерін күнделікті бойына ұялатып отырған. Әр халық өзінің жас ұрпағын қайырымды, адал, үлкенді құрметтейтін, әділ, ер жүрек, ізгі ниетті, ар-ожданы мол болып өссін деп армандайды, бұл мәселені өзінің тұрмыс-салтына байланысты шешіп отырады. Ол үшін ғасырлар бойы қолданып, сұрыпталып, өмір тәжірибесінен сыннан өткен салт-дәстүрлерді, педагогикалық әдіс-тәсілдерді пайдаланып келеді.
Салт-дәстүр халықтың белгілі бір әдет-ғұрыптары мен байланысты туады. Салт дегеніміз – халықтың кәсіп, сенім, тіршілігіне байланысты қалыптасып, ұрпақтан ұрпаққа ауысып отыратын дәстүрдің бір түрі. Ұлттық дәстүр дегеніміз – тарих барысында қалыптасып ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып отыратын әдет-ғұрыптар, салт-сана, қоғамдық тәртіп, заң, мінез-құлық қалыптары. Мысалы, бала тәрбиесімен байланысты: шілдехана өткізу, сүйінші сұрау, балаға ат қою, бесікке салу, тұсау кесу, атқа мінгізу, сүндетке отырғызу тойлары; үйлену, үй болумен байланысты: құда түсу, есік-төр көрсету, келін түсіру тойлары, қалын-мал алу, жасау беру т.б. салт-дәстүрлер, түрлі кәде-ырымдар, өлген адамды жерлеумен байланысты: арыздасу, қоштасу, естірту, көңіл айту, жұбату, жоқтау, өлген адамның жетісін, қырқын, жылын беру т.б. ырым-жырымдар қазақ халқында ежелден сақталған. Мұны салт-дәстүрлері деп атайды.
Тұрмыс – салтқа байланысты туған әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлердің, бәрінде халықтың арман-тілегі, ой-пікірі, келешек ұрпаққа айтар өсиеті көрініс беріп отырады.
Қазақта мынадай құнды өсиеттер бар.
Мысалы: Жеті қазына          Жеті ата                     Жеті жұтЕр жігіт                         1. Бала                            1. Құрғақшылық
Сұлу әйел                     2. Әке                             2. Жұт (мал қырылу)
Ақыл, білім                  3.Ата                               3.Өрт
Жүйрік ат                    4.Арғы ата                       4. Оба (ауру)
Қыран бүркіт              5. Баба                              5. Соғыс
Берен мылтық               6. Түп ата                        6. Топан су
Жүйрік тазы (ит)           7. Тек ата                        7. Зілзала (жер сілкіну)
Жеті күн                               Жеті ғалым                          Жеті әулие
Бүгін                         1. Шығыс                              1. Меке шәріп
Ертең                        2. Батыс                                 2. Мәдина шәріп
Бірсүгіні                   3. Оңтүстік                             3. Бұхар шәріп
Арғы күні                4. Солтүстік                            4. Шам шәріп
Ауыр күн                 5. Аспан (жоғары ғалым)      5. Қатым шәріп
Соңғы күн               6. Жер орта                              6. Құддыс (Мысыр)  шәріп
Азына                     7. Жер асты( төменгі ғалым)   7. Кәләм шәріп (Құран)
   Жеті жоқ                                                                        Жеті жетімЖерде өлшеуіш жоқ                                   1. Тыңдамаған сөз жетімАспанда тіреуіш жоқ                                  2. Киюсіз тозған боз жетімТаста тамыр жоқ                                         3. Иесіз қалған жер жетімТасбақада талақ жоқ                                  4. Басшысы жоқ ел жетімАққуда сүт жоқ                                           5. Аққу – қазсыз көл жетімАллада бауыр жоқ                                      6. Жерінен айырылған ел жетімЖылқыда өт жоқ                                        7. Замандасы болмаса  —  бәрінен де сол жетімБес қару                                Бес өсиет                          Бес намаз
Садақ                    1. Топасқа сенбе                   1. Таң намазы
Мылтық               2. Жауға иілме                       2. Бесін намазы
Найза                   3. Сақ жүр                              3. Екінді намаз
Қылыш               4. Аз үйге сенбе                     4. Ақшам намазы
Айбалта              5. Жарлыдан сый алма              5. Жашиық намазы
Бес жаратылыс                                                  Бес қатер
Күн                                                         1. От
Ай                                                           2. ЖауЖұлдыз                                                  3. БорышКүндіз                                                    4. Ауру
Түн                                                         5. Сөз
Үш даусыз                                   Үш арсыз                                  Үш тәтті
Мінез                               1. Ұйқы арсыз                         1. Жан тәтті
Кәрілік                            2. Күлкі арсыз                         2. Мал тәтті
Ажал                               3. Тамақ арсыз                         3. Жар тәтті
Үш ғайып                                      Үш қадірлі                              Үш қуат
Ажал ғайып                     1. Ырыс                                  1. Ақыл қуат
Қонақ ғайып                    2. Бақ                                      2. Жүрек қуат
Несібе ғайып                   3. Дәулет                                 3. Тіл қуат
Бүгінгі таңда мектептегі оқып жатқан  жас ұрпақты елжандылыққа тәрбиелейтін тағылымды тәлім-ұлттық рухта тәрбиелеу мен оқыту. Халқымыздың ұлттық  мұрасын оқу –тәрбие ісімен сабақтастыру басты парызымыз. Осы тұрғысынан сыныптан тыс шараларда халықтық педагогиканың үлгілерін үнемі пайдаланып отырсақ  жақсы  болар еді.
Қазіргі уақытта бүкіл оқу – тәрбие жүйесі халықтық педагогикаға негізделіп, қайта құрылып жатқанда, ұмыт қалған салт-дәстүр, ұлттық ерекшелігімізді насихаттау, баланың ауызекі сөйлеу тілін дамытып, олардың бойында ұлттық психологияны қалыптастыру – әрбір ұстаздың міндеті.
Ұрпақ  тәрбиесіндегі халықтық  педагогиканың  ролі: халық педагогикасы – қазақ халқының ұлттық тәжірибелері мен тағылымдарының мол қазынасы. Сондықтан оқушылардың ой-өрісін, биік адамгершілік тұлғасын қалыптастыруға көп көмегін тигізеді.Ұмыт болған салт-дәстүр халқымызға тән ұлттық асыл қасиеттеріміз қайта жаңғырып жатқан уақытта осы мұраларды педагогикамен ұштастыру  басты мақсат. Осы міндеттерді шешудегі мәселелердің қайнар бұлағы, сарқылмас көзі – халықтық педагогика. Халықтық тәлім- тәрбиенің басты ерекшелігі өмірмен тығыз байланыстылығында. Ұлттық тәрбиенің тағылымы, берері орасан зор. Әсіресе, тәрбиелік шараларды түрлендіріп өткізу әр мұғалімнің ізденісіне байланысты болмақ. Негізгі мақсат–тәрбиенің ұлттық жаңа үлгісін жасау және әдістемелік жұмыстарды жетілдіру.
Бүгінгі таңда халық педагогикасына ерекше көңіл бөлу керек. Ата – бабаларымыздың жақсы дәстүрін шәкірттер бойына дарыту үшін тәрбие сағаттарымызда мақал-мәтелдерді, шешендік сөздерді, аңыз-әңгімелерді жиі мысалға келтіріп, ұлылардың айтқан даналық сөздерін ұрпақ санасына сіңіруді шара сайын жүргізсек.
Көптеген халықтар өз ұрпағын өз халқының қағидаларымен тәрбиелейді. Ендеше, егеменді еліміздің ертеңі жас ұрпақты әдепті, адамгершілігі жоғары болып өссін десек, ұлттық тәрбие тағылымын басшылыққа алып, халқымыздың рухани байлығын бүгінгі күн талабымен ұштастыра білсек ғана ұлттық тәрбиенің берері көп.
Халық педагогикасы мен психологиясын терең  зерттеп жүрген С.Қалиев халық педагогикасының мақсаты, мазмұны, әдістерін айқындай келе, ұлттық салт-дәстүрлер арқылы балаға ақыл-ой, адамгершілік, әсемдік, дене, денсаулық, еңбек тәрбиесін қалыптастыру нәтижесінде «сегіз қырлы, бір сырлы» жаны таза, дені сау, адам қалыптастыру мүмкіндігін атап көрсетеді. К.Қожахметова өз еңбегінде мектеп жасына дейінгі балаларды қазақ халық педагогикасы негізінде тәрбиелеу мәселелері жөнінде ой қозғаса, Б.Мұханова диссертациялық  еңбегінде мектеп жасына дейінгі балаларды қазақ этнопедагогикасымен сусындата тәрбиелеу үшін этнопедагогикалық  біліммен  қаруландыру керектігіне тоқталады.  Қ.Сарыбеков өз еңбегінде экологиялық білім берудің дүниетанымдық, моралдық жағын анықтай отырып қазақтың табиғат қорғау дәстүрін бірнеше топтарға жіктеп көрсетсе, Ф.Жұмабекова жас ұрпақтың рухани-эстетикалық, дүниетанымдық көзқарасының қалыптасуына әсерлі ықпал ететін эстетикалық тәрбие құралы — өнер екендігін алға тартады.