?аза? ?дебиеті п?нінен А??улар ?йы?та?анда та?ырыбына арнал?ан саба? жоспары


Ақтөбе орта мектебінің мұғалімі: Джабасова Эльнара Болатовна 8 класс Пәні: қазақ әдебиеті
Тақырыбы: М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: М.Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығымен таныстырып «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының, тақырыбын, идеясын ашу
Тәрбиелік: қазақ халқының өмірге, халықтық салт-дәстүрге бай халық екендігін баса айту мейірімділікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқушылардан мәтін мазмұнын көркемдеп өз сөздерімен жеткізуге, еркін сөйлеуге, мәнерлеп оқуға, тіл байлығын дамытуға көңіл бөлу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі-тәсілі
сұрақ-жауап, оқулықпен жұмыс, семантикалық карта, топтастыру, шығармашылық жұмыс,үш деңгейлік тапсырмаларды өз бетімен біртіндеп орындату арқылы бағалау әдістері
Көрнекіліктер: слайд, кеспе қағаздар, интерактивті тақта
Ұйымдастыру кезеңі І Сәлемдесу
ІІ Шаттық шеңберін құру
ІІІ топқа бөлу
Көпір тапсырмалары
Өткен тақырыптарды қайталау Ой шақыру
Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз
М.Мақатаев туралы не білесің?
Жауабы: М.Мақатаев Алматы облысы, Райымбек ауданына қарасты Қарасаз деген жерде дүниеге келген.
Ақынның қандай шығармаларын білесің?
Жауабы: «Қош махаббат», «Райымбек», «Аққулар ұйықтағанда»
Поэманың негізгі кейіпкерін ата?
Жауабы: Поэманың негізгі кейіпкері – көл еркесі аққулар
Теориясы «Білу»
(кім? не? қашан? қайда? не істеді?) Бос орынған қажет сөзді жаз
Жетімкөлдің сұлулығы, ақынның сезімі өлеңде қалай берілген?
Аққулар аман-есен қайтқанынша,
Суына жетімкөлдің шөлдейтұғын,
Суымен сырқаттарын емдейтұғын.
Өлім ауызында жатқан баланың анасына тәуіп шал не деп кетті?
«Аққуменен баланы аластаңдар»
Деді-дағы жәйімен жөнеп кетті.
Баланың әкесі не деп жауап берді?
Апырай қалай, қалай барам?
Атармын аққу құсты қалай ғана?
Баланың шешесі қандай жан?
Адуынды жан екен алған жары:
Жалғыз ұлдан артық па, жалған бәрі?
Теориясы «Түсіну»
(неге? себебі? неліктен? не үшін?) ТақырыбыБасты оқиғаларІ. Тау басына біткен сұлу көл1.Қалай біткен мына көл тау басына?
2. Жетімкөл жетімсірейді.
3. Аққулар айдынына оралмады.
ІІ. Ауру бала немесе шарасыз отбасы1.Жас сәбидің науқасқа шалдығуы.
2. Тәуіп шалдың айтқан ойы.
3. Ананың шешімі.
4. Ұйықтап жатқан аққуды атуы.
5. Жетімкөлден сән кеттіІІІ. Бақташы қарт. Шарасыз ана. 1.Көзінен жас, көңілінен мұң төгілген зарлы ана.
2.Халық ырымы. Аққуды атқан оңбайды.
3. Өліп жатқан бала, шарасыз ана.
4. Қасиет.Қасірет.
Эпилог Аққулар... Аңыз көп қой олар жайлы.
б) «Мұқағали – суреткер ақын». Поэмадағы сюжеттік оқиғлардың композициялық құрылымына талдау.
Оқиғаның басталуы.
Жетімкөл туралы аңыздар.
Көл еркесі – сұлу аққуларОқиғаның дамуы.
Ауру бала, тәуіп айтқан ем.
Оқиғаның шиеленісуі.
Аққуды атқан ана.
Астан – кестен көл беті.
Оқиғаның шарықтау шегі.
Аққудың киесі. Жалғыз ұлдың өлімі.
Кие қасіретін тартқан ана.
Оқиғаның аяқталуы.
Аққуынан айырылған Жетімкөл.
Теориясы «Талдау»
(салыстыр айырмашылығы неде?)
Кестені толтырыңыз
Көңіл күйімді түсірген жыр жолдары Мұқағалидің суреткер,шебер ақындығын қалай дәлелдейсің
Теориясы «Жинақтау»
(қорытынды шығар, анықтама бер) Поэманың тәрбиелік мәні
Топтастыру стратегиясы
Практикасы «Қолдану» (өзгертілген жағдайдағы тапсырмалар болу керек)
І. топ.Рөлге бөліп оқу образға кіру
ІІ. топ.сюжетке байланысты мақал мәтел ойластыру
ІІІ.топ. төрт жол өлең шығару
ІV.топ.кейіпкерлерге сипаттама береді
АнаҚамқор ана. Балажан, сәбиі үшін аққуды атты.
ӘкеАдал жан, халық дәстүрін берік ұстанады.
Тәуіп шал Мейірімсіз, қайырымсыз. Таяз ойлы.
Бақташы қартАқылы мол, көргені көп.
Практикасы Бағалау
(сен қалай ойлайсын? Не істер едін)
Ақын ойына қосыласың ба?
Өз ойынды жаз
Поэма сендерге қалай әсер етті?
Көл неге Жетімкөл деп аталады?
Поэманы сендер қалай аяқтар едіңдер?
Ананың әрекетін қалай бағалайсыңдар?
Үйге тапсырмасын беру «Аққу-киелі құс...» Эссе
Бағалау
Оқушыларды формативті және жиынтық бағалау. Тапсырма орындау барысында топтарға екі жұлдыз бір тілек айтылып, стикерге жазылады. Топтағы белсенді оқушыларға жетон беріледі. Алған жетон түсіне қарай баға қойылады.
Рефлексия Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін арнайы қағаз тарату. Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазады.