Аласа таулы ?лкелер 8сынып

Аласа таулы өлкелер
Сабақтың тақырыбы Аласа таулы өлкелер
Жалпы мақсаты Аласа таулы өлкелер туралы мағлұмат беру, ерекшеліктерін ажырата білуге үйрету.
Күтілетін нәтижелер Тауларды ажырата алады, картадан көрсете алады.
Сабақ әдісі Сұрақ-жауап, топпен, жұппен жұмыс, шығармашылық ізденіс.
Керекті жабдықтар Қазақстанның физикалық картасы, атлас, оқулық, ғаламтор, слайд.
Пәнаралық байланыс Қазақ әдебиеті, музыка.
Сабақтың барысы Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе Сыныппен амандасу.
Сыныпты географиялық нысандар бойынша 3 топқа бөлу (өзендер, таулар, жазықтар) Оқушылар географиялық нысандар бойынша үш топқа бөдінеді
Кіру тест тапсырмалары беріледі (геодиктант).
1. Қазақстан аумағы...мың.км2-тең.
2. Қазақстан жерінің көлемі жағынан дүние жүзінде ...орында.
3. Қазақстан шығыста...мемлекетімен шектеседі.
4. Қазақстан...сағаттық белдеулерде орналасқан.
5. Қазақстан Ғылым академиясының тұңғыш президенті.
6. Қазақстанның ең биік нүктесі...
7. Қарақия ойысы теңіз деңгейінен...метр төмен орналасқан.
8...бэр төбешіктері кеңінен таралған.
9. Республика аумағына...платформаның оңтүстік-шығыс бөлігі кіреді.
10. Альп қатпарлығында...таулардың қайта жаңғыруы басталды. Оқушылар көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып, берілген дұрыс жауаптармен бір-бірін тексереді. Критерийлерге сәйкес бағалайды.
Жаңа тақырып
Білім мен түсіну Сарыарқа күйі ойнатылып, С.Сейфуллиннің "Көкшетау"поэмасынан оқушы үзінді оқып тұрғанда, "Сарыарка- сердце Евразии", Мангистауские горы бейнеролик көрсетіледі. Бейнероликтен не көрдіңіздер? Бүгінгі тақырыбымыз қандай? Кіріспе сұрақтар қойылады.
1. Тау дегеніміз не?
2. Биіктігіне қарай таулар қалай бөлінелді?
3. Қазақстандағы аласа тауларды атаңдар? Оқушылар жаңа тақырыпты және сабақ мақсатын анықтайды.
Сұрақтарға жауап береді.
Талдау Аласа таулы өлкелер жөнінде мәлімет беріледі.
1-топ. Сарыарқа
2-топ. Маңқыстау таулары
3-топ. Мұғалжар Фишбоун әдісі бойынша әр топ оқушылары тақтаға шығып өз тақырыптарын қорғайды. Әр таудың ерекшеліктерін көрсетеді.
Қолдану Кескін картамен жұмыс тапсырылады. Оқушылар кескін картаға аласа тауларды түсіреді.
Жинақтау Бекіту. Дұрыс жауап тұсына "+", қате жауап тұсына "-" қойып көрсетіңдер.
1. Аласа таулар: Сарыарқа, Мұғалжар, Маңқыстау таулары.
2. Мұзбел-Мұғалжар тауының биік нүктесі.
3. Мұғалжар герцин қатпарлығында көтерілді.
4. Ақсоран-Сарыарқаның ең биік нүктесі.
5. Сарыарқа альп қатпарлығында көтерілді.
6. Маңқыстау Қазақстанның шығыс бөлігінде орналасқан.
7. Маңқыстау тауының ең биік нүктесі-Бесшоқы.
8. Мұғалжар-Орал тауының жалғасы.
9. Сарыарқаның ең биік тауы-Қызыларай.
10. Мұғалжарды Қазақстан Швейцариясы деп атайды.
Сәйкестік тест орындаңдар.
А. Сарыарқа 1. Үлкен Боқтыбай
Ә. Мұғалжар 2. Бесшоқы
Б. Маңқыстау 3. Ақсоран
Оқушылар алған білімдерін сұрақтарға жауап беру және сәйкестік тест орындау арқылы бекітеді. Берілген дұрыс жауаптар арқылы бір-бірінің жауаптарын тексеріп, бағалайды.
Рефлексия
Үйге тапсырма
Тақтаға Қазақстанның кескіні ілінеді. Оқушыларға стикер үйлестіріледі.
&16, номенклатура. Әр оқушы жаңа тақырып бойынша өз ойын стикерге жазып Қазақстанның бос кескініне жабыстырады.
Оқушылар күнделікке жазып алады.