Графикалы? объектілерді ж?не к?ркем жазуларды кірістіру (8-сынып)
Сабақтың тақырыбы Графикалық объектілерді және көркем жазуларды кірістіру
Сілтемелер , дереккөздер Оқулық 6 – сынып «Информатика» Е.А. Вьюшкова, Н.В.Параскун, Б.Қ.Әбенов , www.ustaz.kz
Жалпы мақсаты Word мәтіндік редакторында объектілерді және көркем жазуларды үйрету.
Оқыту нәтижелері Оқушылар Word мәтіндік редакторында объектілерді және көркем жазуларды үйренеді.
Әдіс-тәсілдер Топтық жұмыс, жұптық жұмыс, «Джигсо» әдісі, Тақырыптық түйінді сөздер, кері байланыс
Көренкіліктер, қажетті ресурстар Кеспе қағаздар, флипчарт, маркер, мәтіндер
Сабақтың барысы
Кезеңдер Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі (2 мин). Оқушылармен сәлемдесу.
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Әр түрлі түстер арқылы шаңырақ тігу және оқушылардың жылы лебіздерін тыңдау, сол түстер арқылы топқа бөлу. Мұғаліммен сәлемдесу.
Оқушылар түрлі – түсті ленталарды таңдап алып, шаңырақ құрады. Шаңырақ астында жылы лебіздерін, тілектерін білдіреді. Сол түстер арқылы топқа бөлінеді.
Жұмыс істеуге қажетті құралдарын жұмыс үстеліне дайындайды.
Өткен сабаққа шолу (8 мин) Тест тапсырмасы арқылы үй тапсырмасын сұрау.
6 сұрақтан құралған тест аламын.
Кесте деген не?
А) Бұл жолдар мен бағандарда реттеліп берілген ақпарат;
В) Кесте–бұл енгізілу үрдісі
С) Аяқталатын мәтіннің бір бөлігі;
Кесте құру жолдары қандай?
А) Главная-таблица; В) Вставка-таблица;
С)Вид-таблица;
Ұяшықтарды біріктіруді көрсет.
А) Ұяшықтарды белгілеп, объединить ячейки;
В) Ұяшықтарды белгілеп, разделить ячейки
С) Вставить ячейки
Ұяшықтарды бөлуді көрсет.
А) Вставить ячейки;
В) Ұяшықтарды белгілеп, разбить ячейки;
С) Ұяшықтарды белгілеп, объединить ячейки.
Ұяшықты нелер құрайды?
А)Жолдар мен бағандар;
В) Кестелер мен жолдар;
С) Бағандар мен пішімдер
Дайын кестеге бағанды қалай қосады
А) Таблица-добавить строки
В) Таблица-добавить столбцы
С) Таблица-добавить ячейки
Тестің дұрыс жауабын ИТ-дан көрсетемін. Әр оқушы тестке жауап береді.
Тестің дұрыстығын «GradeCam» бағдарламасы арқылы тексеру.
Жаңа сабақ (15 мин) Мағынаны ашу.
Жаңа сабақтың тақырыбын анықтау мақсатында оқушыларға слайд арқылы әртүрлі қаріптермен жасалған, көркем жазулардың үлгісін көрсетемін. Тақтадан не көрдіңдер?
Графикалық обьектілер мен көркем жазулар не үшін қажет, маңызы неде?
Компьютерде көркем жазулар мен графикалық обьектілер қалай жасалады ? Қандай қадамдар жасаймыз?
Екі топқа жаңа тақырып бойынша оқу материалдары беріледі, әр оқушы жеке оқып, топта талқылайды. постерге түсіріп, топтар алдында өз постерлерін қорғайды, өз түсінгендерін айтады Оқушылар сұрақтар бойынша ойланып, өз ойларын айтады.
Содан сұрақтарға жауап бере отырып, бүгінгі сабақтын мақсатын айқындайды.
Оқушылар берілген оқу материалдын оқып, топта талқылайды. Постерге түсіріп, топтар алдында өз постерлерін қорғайды, өз түсінгендерін айтады
Шеберлік пен дағдыны қалыптастыру (15 мин) Жас ерекшеліктерін және қабілеттілік қасиеттерін ескере отырып, үлестірме жұмыстар таратамын.
Міндетті деңгей
Жаңа тақырыптың атауымен рефераттың бірінші бетін жаса.
Лайықты деңгей
Өз хабарламаңды құрастыр!
Жоғарғы деңгей
«Болашақ мамандығым» атты шағын эссе көркемдеп жаз! Берілген кеспе қағаздарындағы практикалық тапсырмаларды орындайды
Қорытындылау (3 мин)
«Тақырыптық түйінді сөздер»
Оқушыны шатастыру үшін тақырыпқа қатысы бар сөздерді оған қатысы жоқ сөздермен араластырып беріледі.
Кері байланыс
Критериий арқылы бағалау
Оқушылар бүгінгі сабаққа қатысы бар негізгі сөздерді табады.Негізгі сөздердің қызметін айтып, ойларын білдіреді.
«Бесбармақ» әдісімен оқушылар сұрақтарға жауап береді.
1.Бүгінгі сабақты қаншалықты ұқтым?
2.Не қиындық туғызды?
3.Көңіл күйім
4.Кімге көмектестім?
5.Өзіме берер бағам,әсерім.
Үйге тапсырма беру (2 мин) Тақырыпты оқып келу Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады