Екі ?рнекті? ?осындысыны? кубы ж?не айырымыны? кубыны? формулалары
«№13 гимназиясы» КММ
АШЫҚ САБАҚ
Орындаған: Математика пәнінің
мұғалімі Ермекбаева Айжан
2016 жыл
Сабақтың тақырыбы: Екі өрнектің қосындысының кубы және айырымының кубының формулалары Сабақтың мақсаты: 1.Оқушылардың Екі өрнектің қосындысының кубы және айырымының кубының формулаларын бүтін өрнектерді түрлендіруде қолдана білу іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру. Көп мүшені көп мүшеге көбейту және көбейткіштерге жіктеу кезінде қолдана алу білімділіктерін қалыптастыру.2.Пәнге деген қызығушылығын арттыру, ой-өрісін кеңейту, ынтасын арттыру, жауапкершілікке тәрбиелеу.3.Оқушылардың таңдау, есте сақтау, ойлау қабілеттілігін жетілдіру және білім дағдыларын дамыту. Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес сабақ.Білімдерін талдап қорыту,жүйеге келтіру сабағы. Сабақтың типі: Білім- білік дағдыны қалыптастыру.Көрнекілігі: Интерактивті тақта, формулалар жазылған бетшелер, жетондар, түрлі түсті қағаздар мен фигуралар, үлестірме материалдар. Сабақтың өту әдісі: ауызша, көрнекілік, практикалық, өз бетімен жұмыс, оқыта үйрету ойындары. Сабақтың барысы:I.Ұйымдастыру:Оқушыларды түгендеп, төрт топқа бөлемін. Оқушылар түрлі- түсті қағаздарда жасырылған сөздер бойынша топқа бөлінеді.
Топқа бөліну:
1. Дәреже 2. Формула 3. График 4. Өрнек Топбасшылар тағайындалады. Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен оқушыларды таныстырып өтемін.
II. Үй жұмысын тексеру. Оқулықтағы №199,201 есептердің жұп нөмірлері
Екі өрнектің қосындысының кубының тұжырымдамасын айту (Орысша, ағылшынша баламаларын айту)
(a+b)3=a3+3a2b+3ab2+b3Екі өрнектің айырымының кубы ның тұжырымдамасын айту (Орысша, ағылшынша баламаларын айту)
(a-b)3=a3-3a2b+3ab2-b3III. Оқулықпен жұмыс. №202,203,204 жұп нөмірлері
IV. Қосымша материалмен жұмыс. Әр топқа ақ параққа есептер беріледі. Сол параққа есептің жалғасын шығару керек. Параққтың артында дұрыс жауап жазылған.
V. Сергіту сәті. Оқушыларды сергіту мақсатында әр топқа логикалық тапсырмалар беріледі.
1-топ тапсырмасы
left190500
2-топ тапсырмасы
3-топ тапсырмасы
4-топ тапсырмасы
VI. Қатесін тап.
VI. Семантикалық кесте толтыру. Әр топқа бетше таратылады. Бетшеге + белгісін қою арқылы кестені толтырады. Жауаптар интерактивті тақта арқылы тексеріледі.
VII. Үйге тапсырма. №205,206. Өтілген қысқаша көбейту формулаларын жаттау
VIII. Сабақты қорытындылау. Сабақты қорыта келе оқушылардан қандай формуламен танысқандары жөнінде және қолданысы жөнінде сұралады?
IX. Бағалау. Жеңімпаз топ марапатталады.