Урок на тему Биржан сал


Бекітемін:______________ №3
Күні: Пәні: Музыка Класс: 3
Сабақтың тақырыбы Ән жүйрігі Біржан сал
Сабақтың мақсаты «Сал» ұғымымен, Біржан сал шығармашылығымен танысу.
«Адасқақ» әнінің шығу тарихын оқу.
Оқытудың нәтижелері Ән айту қабілеті дамиды.
«Адасқақ» әнінің шығу тарихын біледі.
Халық әні «Сәулем – айды» үйренеді.
Негізгі дерек-көздер Аудио диск, бағалау парақшасы, оқулық.
Тапсырмалар Топтық жұмыс
«Әнді жатқа айт»
«Зымыран сұрақтар»
Жеке жұмыс

Сабақтың барысы
Сабақ бөлімінің кезеңдері Уақыт Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Бағалау Ресурстар, көрнекіліктер
Кіріспе 2 мин Топқа бөлу Қима суреттерді құрастыру арқылы топқа бөлінеді. Топ басшыларына бағалау парақтары таратылады Біржан сал суреті
2 мин Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Шеңбер болып тұрып, бір-бірлеріне гүлдер сыйлап, жылы лебіздер білдіру. Гүлдер
5 мин Үй тапсырмасын сұрау. Стикерлер арқылы сұрақтар беру.
1.Сал – сері деген кім?
2.Ақан сері кім?
3.Ақан серінің «Балқадиша» әні туралы не білесің?
4.«Балалық шақ» әні Стикерге жазылған сұрақтар бала столына жабыстырылады. Стикер жапсырылған бала тапсырмаларды ауызша орындайды. Фишка арқылы бағалау Фишкалар
Жаңа сабақтың танысты рылымы 10 мин
Оқулықта берілген «Ән жүйрігі Біржан сал» тақырыбын оқыту. Сұрақтар беру:
1.Біржан сал кім?
2.«Адасқақ» әнінің шығу тарихы
2.«Адасқақ» әні кімге арналған? Сұрақтарға сыни тұрғысынан ойлана отырып жауап бере отырып, топтаса жұмыс жасайды. Түрлі –түсті гүлдермен формативті бағалау Плакат, маркер, бағалау парақшасы
Жаңа сабақты қолдану 5 мин
10 мин Музыка тыңдау: диск «Адасқақ» әні
1.Қандай сезімде болдың?
2.Қалай орындалды?
Ән үйрену:
Халық әні «Сәулем - ай» Біржан салдың «Адасқақ» әнінің шығу тарихы туралы аңызды оқып отырып, тыңдайды.
Түрлі-түсті гүлдермен формативті бағалау Бағалау парақшасы, оқулық, диск

Сергіту сәті 3 мин «Әнді жатқа айт» әдісі бойынша ән мәтінін жаттату. (1 минутта қанша жаттады?) Әр топ әннің 1 шумағын тез жаттап, айту арқылы сергіп алады. Ауызша мақтау арқылы бағалау Оқулық
Жаңа сабақты қорытындылау

5 мин «Ыстық орындық» әдісі бойынша жаңа сабақты қорытындылау.
Әр топтан бр оқушы шығып, ыстық орындыққа отырып, сұрақтарға жауап беру арқылы жаңа сабақты қорытындылайды. Сыныптасын критериалды бағалау.
Бағалау парақшасы, оқулық
2 минут Не ұғындым? Не ұғынғым келеді? Не ұсынамын? деген сұрақтарға жауап бергізіп, кері байланыс орнату Берілген сұрақтарға жауаптарын стикерге жазып, рефлексия парағына жабыстырады. Рефлексия парағы, стикерлер
1 минут Үйге тапсырма беру.
Мазмұндау, ән жаттау Күнделікке жазып алады. Күнделік