Саба? жоспары Кітап-білім б?ла?ы
сабақтың тақырыбы: «Кітап – білім бұлағы»
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды оқулықты құрметтей білуге, кітапты ұқыпты ұстауға баулу, оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру
Кітаптың адам өміріндегі орны туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Кітапқа деген оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, сөйлеу мәнерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды кітапты сүюге баулу, кітапты күтіп ұстау ережелерін білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ашық сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, әңгімелеу, ойын, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: (интерактивті тақта (слайдтар), мақал- мәтелдер, таратым кеспелер.
Сағатының барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Кітап та алма ағашы,
Жемісін біздер теретін.
Тәтті алмаға балашы,
Кітабыңның әр бетін.- деп Мұзафар аталарың жырлағандай, әдеби кітаптар мен оқулықтар сендерге білім көзі, рухани қазына. Кітапты оқи отырып адамның ішкі жан дүниесі артады. Айналадағы өмірмен, құрбы-құрдастарымен танысып, жақсы болуға, жақсылық іс істеуге құштарландыратын осы құрал- кітап.
Кітап білімімізді молайтады, кітаптан көп үлгі өнеге, тәрбиесінен әсер аламыз. Оқыған, тоқығаның көп болса, жеңбейтін жау, алынбайтын қамал жоқ. «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» деген халық даналығы бекер айтылмаған. Ендеше кітап біздің рухани байлығымыз.
Кітап сөзін естігенде ойымызға не келеді. Соны ортаға салайық.
( оқу, білім, адал дос, кеңесші, ақылшы) (Тақтаға оқушылар өз ойларын ортаға салады.)
ІІ. «Кітап»туралы бейнематериал көрсету.
ІІІ. «Кітап – адамның досы» (Оқушылар кітап туралы жаттаған өлеңдерін айтады)
ІҮ. Бекіту. Мәтінді мәнерлеп оқу,аударма жасау. Сұрақтарға жауап беру
Ү. Тесттік жұмыс
ҮІ. Кітап туралы эссе жазу.
ҮІІ. Қорытынды. Бағалау
ІХ. Уйге тапсырма: кітап туралы өлеңді жаттап келу