Та?ырыбы: Гимнастикалы? б?ренеде жатты?у.


«Шамалған станциясындағы қазақ орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталықпен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Әскери спорт бірлестігі
478790105410Ашық сабақ
0Ашық сабақ

Гимнастика
Тақырыбы: Гимнастикалық бөренеде жаттығу.
Дене шынықтыру пәні мұғалімі: Мамбетниязов Д.Н.
25.11.2015жыл
Ашық сабақ жоспары
Сынып 8 «В»
Өткізілетін күні: 25 қараша
Сабақтың тақырыбы: Гимнастика. Гимнастикалық бөренеде жаттығу.
Сабақтың мақсаты:
Гимнастикалық ережелерді жетік білуге үйрену.
Үйлесімді іс-әрекет жасауға тәрбиелеу.
Батылдылықты, икемділікті дамыту.
Керекті құрал-жабдықтар: Гимнастикалық бқрене, ысқырық.
Сабақ түрі: Практикалық сабақ
Өткізілетін орын: Спорт зал.
Сабақтың мазмұны Уақыт Әдістемелік нұсқау
Дайындық бөлімі:
Сыныпты қабылдау.
Сапқа тұру. Кезекші тапсырысы.
Сәлемдесу.
Сабақтың мақсатымен таныстыру.
Саптағы жаттығуларды қайталау.
Жүру және жүгіру.
Жалпы дамыту жаттығулары.
Б.Ж.-негізгі тұрыс. 1-қолды бастың артына. 2-аяқ ұшында тұрып, солға жартылай бұрылып қолды бастың артына. 4-Б.Ж. 5-оңға қайталау.
Б.Ж.-негізгі тұрыс. 1-аяқ ұшында тұрып қолдарды жоғары көтеру. 2-3- екі рет отыру, қолды созу. 4-Б.Ж. 5-6-ақырын отыру, қол белде. 7-8-Б.Ж.
Б.Ж.-негізгі тұрыс. 1-артқа шалқайып алақанды жоғары қаратып қолды көтеру. 2-3-алға еңкею, қолдарды еденге тигізу. 4-түзу тұрып қолды қапталға созу. 5-6-алдыға қолды жайып еңкею. 7-8-Б.Ж.
Б.Ж.-негізгі тұрыс. 1-сол аяқ ұшында қолдар қапталға 2-3-екі рет солға еңкею, оң қолды жоғары көтеру сол қол белде. 4-Б.Ж. 5-8-дәл солай екінші жағына.
Б.Ж.-негізгі тұрыс. 1-2-оң аяқта тұрып қолдарды қапталға созу. 3-6-ұстап тұру. 7-8-Б.Ж. 9-16-дәл солай екінші аяққа тұру.
Б.Ж.-негізгі тұрыс. 1-сол аяқ артқа ұшында, қолдар қапталға, алақанды жоғары қаратамыз. 2-сол аяқ алдыға аяқ астынан қол соғу. 3-сол аяқ артқа, аяқ ұшында қолдар, қапталға алақанды жоғары қаратамыз. 4-Б.Ж. 5-8-екінші жаққа.
Б.Ж.-негізгі тұрыс. 1-қолды еденге қойып отыру. 2-қолды еденге тіреп жату. 3-қолды бүгіп сол аяқты арттан көтеру. 4-тіреліп жату. 5-6-қолды бүгіп оң аяқты артқа созу және тіреліп жату. 7-тіреліп отыру.8-Б.Ж. 10-15 минут
1-2 мин
2-3 мин
7-10 мин Бармақты бүгу.
Бұл жаттығуда алақанды еденге тигізуге әрекет жасау пайдалырақ.
Иық үстінен сол аяқ үшына қарау керек.
Иық үстінен сол аяқ үшына қарау керек.
Тең салмақты ұстап тұру
Аяқты созу
ІІ. Негізігі бөлім:
Оқушыларды бір қатарға тұрғызып гимнастикалық бөренедегі жаттығуларды көрсету.
Бөренеге секіріп міну. Қалаған жерден қолдың немесе басқа да дене көмегімен орындау керек.
Бөрене істіндегі қозғалыс. Жүру, аяқ ұшында жұру, аяқты сүйреп немесе көтеріп адымдау, жартылай отырып және бос аяқты жоғары көтеру және қайта адымдау және бос аяқты алдыға немесе артқа көтеру.
Бөрене үстінде тең салмақты сақтау. Аяқ ұшында тұру, бір аяқ ұшында тұрып, екіншісін алдыға созу тағыда аяқ артқан қапталға созылады.
Бөрене ұстінде бұрылу. Аяқ ұшында тұрып, жартылай отырып немесе отырып және басқа жағдайларды орындауға болады. Аяқ ұшында бұрылған кезед балтыр және жамбас бұлшық еттері жинақталады. Аяқ түзу және қарынды тарту керек.
Бөренеден секіріп түсу. Отырып, енкейіп, тізеге тіреліп орындауға болады 25-30 мин
5-6 мин
5-6 мин
5-6 мин
5-6 мин
5-6 мин
Бір аяқпен немесе қос аяқпен секіріп мінуге болады.
Бұл жаттығуды орындаған оқушыларға қосымша жүгіру, секіріп адымдау, тізені көтеру, әр түрлі биге қатысты қозғалыстар жасауға болады.
Бұрылу кезінде тынысты жартылай шығарып, денені тік ұстау қажет
Бөренеден түсу қапталға, артқа, оңға және солға бұрылып немесе айналып түсіп орындауға болады.
ІІІ. Қорытынды бөлім.
Сапқа тұру. Баяу жүгіру. Әдістемелік нұсқау бойынша түсінік беру. Жаттығуларды дұрыс орындаған оқушыларды атап өту. Үйге тапсырма. 5 мин Оқушылардың жеке іс-әрекеттерін қадағалау