Д?ниетану ?сімдіктерді? к?беюі 1 сынып


Тақырыбы: Өсімдіктердің көбеюі
Сілтеме: жоспар
Мақсаты: Оқушыларды өсімдіктерге тән қасиет- көбею екенін, өсімдіктерді тұқым, түйнек, тамырсабақ, өсімдік мұртшасы және бұтақтан көбейту жолдарымен таныстыру. Алған білімін іс- тәжірибеде қолдана білуге баулу. Өзінің ойын ашық жеткізу, пікірін дәлелдеу, топта бірлесіп жұмыс жасау, өз бетінше ізденуге қол жеткізу
Күтілетін нәтиже: Оқушылар өсімдіктер туралы өз ойларын жеткізе алады
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта,слайдтар, атрибуттар, үлестірмелі тест, ыдыстағы тұқымнан өнген өсімдіктер.
Сабақ барысы:
Мұғалімнің іс- әрекеті Оқушының іс- әрекеті
1.Қызығушылығын ояту кезеңі
Психологиялық дайындық. Шаттық шеңбері
Оқушыларды 3 топқа бөлу:
1.Көкөністер
2.Жемістер
3.Дәрумендер
Миға шабуыл:
-Көкөністер мен жемістерді адамдар өсіреді, күтім жасайды. Ал далада өсіп тұрған шөптер қайдан шықты?
Жаңа білім мазмұнын балалармен бірігіп ашуға жетелеу.
2. Мағынаны тану кезеңі
1 слайд.Тұқым арқылы көбею
2 слайд.Түйнек арқылы көбею
3 слайд. Ағаштың тамырсабақ арқылы көбеюі
4слайд.Мұртша арқылы көбею
5 слайд. Бұтақтан көбейту
Сергіту сәті
3.Ой толғаныс кезеңі
Сәйкестендіру тесті
«Сөйлемді толықтыр» тапсырмасы
Өсімдіктер...,...,... және арқылы көбейеді.
Содан кейін жер бетіне ... ... ... қылтиып шығады. Мұны ... дейді.
«БҮҮ» кестесі
Бағалау
Үйге тапсырма беру Табиғатым тамаша,
Көз тоймайды қараса.
Табиғатты аялап,
Жүрейікші жараса.
Интербелсенді тақтадағы түрлі табиғат көріністеріне сүйсіне қарайды.
Көкөніс, жеміс, дәрумендердің атрибуттарын бастарына киген оқушылар олар туралы жан- жақты әңгімелейді. Венн диаграмманы толтырады. Көкөніс пен жемісті салыстырады.Ұқсастығы мен айырмашылығын дәлелдейді. Дәрумендердің жемісте де, көкөністе де болатынын айтады.
Оқушылар олардың тұқымдарының жел арқылы таратылып көбейгенін және тамыр арқылы өскенін айтады.Әр оқушы өз пікірін айтады.
Қиярдың тұқым арқылы көбею жолын көреді. Тұқым арқылы көбейетін басқа өсімдіктерді де атайды.
Картоптың түйнек арқылы көбейгенін көреді.Үйлерінде картопты қалай отырғызғандарын айтады.
Оқушылар өсімдіктің бұл көбею түрін алдыңғыларымен салыстырып, тамырсабақ табиғи жолмен көбейетініне көз жеткізеді.
Құлпынайдың мұртша арқылы көбейетінін көреді. Мұртшаның топыраққа тиген жерінен тамыр пайда болатынын байқайды.
Ағашты бұтақтан көбейту жолымен танысады
Оқушылар күнбағыстың көбеюін қимылмен көрсетеді.
Тұқым-ағаш
Түйнек- құлпынай
Мұртша- картоп
Тамырсабақ- қияр
Топпен ақылдаса отырып дұрыс сәйкестік жасайды.
Оқулықтан сөйлемді оқып тиісті сөздерді қойды.
Бұл кесте бойынша бұрыннан білетіндерін, оқып білгендерін және алдағы уақытта білгісі келетіндіктерін айтады.
Сабақ туралы өз ойларын айтады.