Технологиялы? карта Та?ырыбы: К?шедегі ?йлер


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы:
Білім беру саласы:Шығармашылық
Бөлімі: Жапыстыру
Тақырыбы: «Көшедегі үйлер»
Мақсаты: ұжымдық жұмыс дағдысын қалыптастыру, көп қабатты және бір қабатты үйлерге арналған бөлшектерді ретімен жапсыра білуге үйрету; архитьектуралық бөлшектер туралы түсініктерін кеңейте отырып, әр бөлікті өз орнына ұқыптылықпен жапсыру қабілеттерін дамыту; балалардың үй туралы . оның түрлері туралы ой-қиялдарын жетілдіру,
Шығармашылыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: үлестеірмелі материал, қайшы, желім, сулық.
Алдын ала жүргізілетін жұмыс:екі ұлкен ақ қағазға көшені бейнелеу.
Сөздік жұмыс: шатыр, қабырға, көрші.
Билингвальды компонент: үй-дом, көше-улица.
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық Тәрбиеші балалармен өздері тұратын ауыл,қала , көше және өз балабақшалары орналасқан көше туралы қысқаша сұрақ-жауапқа құрылған кіріспе әңгіме өткізеді.
-Біз қай республикада тұрамыз?
-Біздің ауылымыз (қаламыз) қалай аталады?
-Өздері тұратын көшені атаңдар?
-Ал біздің балабақшамыз орналасқан көше қалай аталады?
№1 слайдтан көше және көп қабатты, бір қабатты үйлер көрсетеді.
Көше туралы сұрақтар қою. Балалар сұрақ-жауапқа белсенді түрде қатысып отырады.
-Қазақстан Республикасында.
Тұрған жерлерін атайды.
Бірнешге бала өздері тұратын көшелерін атайды.
Балалар өздерінің балабақшасы орналасқан көшені атайды.
Слайды мұқият қарайды, сұрақтарға жауап береді.
Ұйымдастырушылық - ізденістік -Балалар, үйлерді кімдер салады?
Көше бейнесі бейнеленген екі ақ қағазды көрсетіп, көшелерге ат қойдырады. Балаларды екі топқа бөліп отырғырғызады.
-Қазір біз құрылысшы болып әдемі үйлер тұрғызамыз. Келесесіндер ме?
Сергіту сәті.
Балақан-ау, балақан,
Кәне, қайсы алақан?
Саусақтары әйбат.
Былай-былай ойнат!
№2 слайдтан көп қабатты және бір қабатты үйдің жасалу жолы көрсетіледі.
Тәрбиеші кауіпсіздік ережелерін және тазалық шараларын ескертеді.
1топ көп қабатты үйлер бойынша,
1топ көп қабатты үйлер бойынша, ал,2 топ бір қабатты үйлер бойынша жұмыс жасаулары тиіс.
1.Үлкен тіктөрбұрышты қиямыз(үйдың қабырғасы).
2. Үшбұрышты қиямыз(үйдың шатыры).
3. Шаршыларды қиямыз(үйдың терезесі).
Тәрбиеші жұмыс барысында көмек қажет болған балаларға көңіл бөледі.
Үйлердің қиып алған бөліктерін үлестірмелі материалдың 2- бетіндегі үлгіге жапсырамыз.
Жұмыс толық аяқталғанда «Ұшқыштар» және
«Батырлар» көшесі бойына өзүйлерін жапсыру тапсырылады. -Құрылысшылар.
Көшелерді
«Ұшқыштар» және «Батырлар» деп атайды.
-Иә.
Балалар өлең жолдарына сәйкес саусақ жаттығуларын орындайды.
Үйдың жасалу жолын мұқият қарайды.
Үлестермелі материалдың 2-бетіндегі1.1-тапсырма бойынша екі топқа бөлініп жұмыс жасайды.
Балалар тәрбиешінің айтуы бойынша үйлердің қабырғасын. шатырын, терезелерін қиып алады.
Үйлердің қиып алған бөліктерін 2-беттегі үлгіге желімен жапсырады.
Әр топ жасаған жұмыстарын өздерінің көшелеріне орналастырады.
Рефлекциялық – түзетушілік -Міне, балалар, көшемізге сәнді үйлер бой көтерді.Қандай шебер құрылысшысыңдар!Тәрбиеші жасалған жұмыстарды бағалайды, мадақтайды. Екі көшенің үйлерін салыстырады,әрқайсысы өз ойларын айтады.
Көрме ұйымдастырады.
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: көп қабатты және бір қаббатты үйлерді:
Түсінеді: екі топқа бөлініп жұмыс істеуді;
Қолданады: геометриялық пішіндерді қиып жапсыруды.