К?ркем ?дебиет о?у.(Мектепалды даярлы?)
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім саласы: «Қатынас»
Кіші сала: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Күзде» (Дидактикалық ойын)
Мақсаты: Күз мезгілінде бау- бақшада өсетін жеміс- көкөністердің қасиеттерін /көлемі, иісі, түсі, дәмі, пішіні/ білдіретін сөздермен сөздік қорын байыту. Жалпы жинақтау түсінігін білдіретін сөздерді /жемістер,жидектер, көкөністер/ сөздік қорына еңгізу.
Билингвалдық компонент: Бақ-сад, бақша-огород, көкөністер-овощи, жемістер-фрукты.
Сөздік жұмыс: Көкөніс, жеміс.
Іс-әрекет кезеңдері. Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық Балалар шеңберге тұрып бір біріне жылы лебіздерін білдіреді.
Қәзір жылдың қай мегілі екенін сұрау .
Балаларға көкөністер мен жемістер
туралы жұмбақтар жасыру.
1.Тәтті,
Тәттінің іші қатты.
2.Үндеместен төлдеп жатыр
Су беріңдер шөлдеп жатыр.
3.Жерге қазық қақтым
Басына айдар тақтым.
4.Үстіне тігіп көк шатыр
Астында қызыл дәу жатыр. Жылы лебіздерін білдіреді.
Балалар жұмбақтың шешмін табады.
Өрік.
Қауын, қарбыз.
Сәбіз.
Қызылша.
Ұйымдастырушылық ізденіс
-Балалар бізге әжей ғажайып дорба беріп жіберіпті.
-Ғажайып дорбаны кім ашады?
-Қане қарайық ішінде не бар?
-Қияр жеміс пе көкөніс пе?
-Қияр қандай пішінге ұқсайды?
-Ал балалар мынау не?
-Алма қандай пішінге ұқсайды?
-Алма қайда өседі балалар?
-Балалар алманың дәмі қандай?
-Ал балалар мынау не?
-Пияздың дәмі қандай?
-Балалар маған жемістерді кім атап көрсетеді?
-Ал көкөністерді кім атайды?
Балалардың қызығушылығы оянады.
Бұл қияр
Қияр көкөніс.
Сопақшаға.
Бұл алма.
Дөңгелекке ұқсайды.
Алма ағашта өседі.
Алманың дәмі тәтті.
Бұл пияз
Пияз ашшы, ол адамды жылатады.
Аружан: Алма, алмұрт, өрік, жүзім , банан, анар.
Мадина:Қауын,қарбыз, кәртөп,қызанақ,сәбіз, қызылша.
Рефлексивті-коррекциялау Д\Ойын «Бауда ма, бақшада ма?»
Көкөністер мен жемістерді балаларға топтастырып жинату.
«Жемістер мен көкөністер» өлеңін жаттау.
Алма,алмұрт,қарбыз, қауын
Бәрі бақта піседіЖапырақтар сусып-сусыпЖерге жаймен түседі. Ойынды қызығушылықпен ойнату.
Өлеңді жаттауға тырысады.
Күтілетін нәтиже:
Жаңғыртады: жұмбақ шешу дағдыларын.
Игереді:пішінін: дәмін, түсін .
Түсінеді :адам ағзасына пайдасын