Ашы? саба? та?ырыбы Жазбаша к?бейту ж?не б?лу.Пысы?тау саба?.


Мұғалімі: Майлыбаева Ж.Б.
Сынып:3а
Сабақтың тақырыбы: Жазбаша көбейту және бөлу.Пысықтау сабақ.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік:
Оқушылардың үш таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу бойынша білімдерін пысықтау.
2. Дамытушылық:
Баған түрінде көбейту мен бөлу жағдайларын негіздеу. Ой -өрісін дамыту, өз бетінше тапсырма орындау қабілетін дамыту;
3. Тәрбиелік:
Ұқыпты, ретті жазу дағдысын қалыптастыру. Адамгершілікке, достыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Пысықтау сабағы;
Сабақтың әдісі: қайталау,ойын,сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнектілігі: ИНТЕРАКТИВТІК тақта, оқулық, слайдттар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Балалар, бүгін бізді ерекше сабақ,
Сабақта алаңдамай еркін еңбек етіңдер. Өз ойларыңды қысылмай, ашық айтыңдар.
ІІ. Психологиялық дайындық: бір – біріне тілек айту.
Сабаққа біз даярмыз
Жалқайлықты қоямыз
Үздік оқып әрқашан
Кілең бестік аламыз.
ІІІ. Үй тапсырмасынын тексеру.
№6,102-бет.Дәптерлерін тексеріп өтемін.
Сұрақтар:
1.Бұл қандай теңдеулер?
2.Күрделі теңдеуді шешу үшін бірінші не істейміз?
Сұрақтар
- Қазір қай жыл мезгілі?
- Көктем айлары?
- Көктемде қандай ерекшіліктр бар?
- Өсімдіктер не істейді?
Балалар бізге электрондық почтамен хат келді.
Ендеше хатты оқиық.
Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен сендерге мына хатты үлкен өтінішпен жолдап отырмын. Маған сендердің көмектерің керек.
Көктем келді, бірақ жер бетін су алып, бәйшешектер шықпай жатыр
Бүгінгі сабақтағы тапсырмалар дұрыс орындалса, бәйшешектер гүл ашады. Көмектесіңдерші, балалар!!!
Балалар, бұл хат кішкентай қонжықтан келіпті. Көмектесеміз бе қонжыққа?
Сабақта мұқият болыңдар. Егер тапсырмалар дұрыс орындалса, ормандағы алаңда бәйшешектер гүл ашады.
ІV. Жаңа тақырып
Бүгінгі біздің тақырыбымыз «Жазбаша көбейту және бөлу» амалдарын қайталау.
Тақтаға назар аударамыз.
1-тапсырма.Ойын Кім жылдам..
3*21
3*210
3*201
3*120
3*102
3*12
Интерактивті тақтада жұмыс.
4*10
4*100
4*102
4*201
4*120
4*210
2-тапсырма.Кесте бойынша өрнек құрастыр және жаз.Олардың мәндерін тап.
3-тапсырма. Сөз есеп шығару.
V. Сергіту сәті
VІ.4- тапсырма. «Тир» ойыны .
Дәптерде жұмыс.

5- тапсырма.Баған түрінде есептеу.
123*3
423*2
313*3
221*4
463/3
996/3
824/2
484/4
870+130
12+689
48+607
605-99
6-тапсырма.Көрсетілген өлшем бірліктеріне өрнекте.
Тақтаға жұмыс жасату.
VII.Сабақты бекіту.
Тест сұрақтары бойынша жұмыс:
1. 8ц 45кг-ді кг-ға айналдыр.
а) 800кг
ә) 845кг/
б) 853кг
2. 50х2 өрнегіне теңдік болуға қай өрнек сәйкес келеді?
а) 600:2
ә) 900:3
б)450-350/
3. (360+120):6 өрнегінің мәні нешеге тең?
а) 80/
ә) 85
б) 83
4. 85:17 өрнегінің мәні.
а) 6
ә) 3
б) 5/
5.Қалдықпен бөлуді орында. Қай жауап дұрыс? 60:9 мәнін тап.
а) 6 (6 қалд.)/
ә) 6 (3 қалд.)
б) 5 (6 қалд.)
VІII. Сабақты қорыту:
Бүгін сабақта қандай тақырыпты қайталадық?
Сабақ ұнады ма?
Қонжықтың тапсырмасын орындадық деп ойлаймын.
Слайд «Бәйшешектер гүл ашты»
Балалар елімізде төтенше жағдайлар еш уақытта болмасын.
Көктем келіп бәйшешектер гүл ашсын.
IX .Үйге тапсырма: №4, 105-бет.
X. Бағалау. Оқушылардың білімін фишкалар арқылы бағалаймын.