Жерді? К?нді айнала ?оз?алысы


Тақырыбы: Жердің өз білігінен айналуы және оның географиялық мәні. Жердің Күнді айнала қозғалысы және оның географиялық мәні.
Мақсаты:
Білімділік: Жердің Күн  жүйесіндегі орнының, пішіні мен мөлшерінің, қозғалыстарының тіршілік үшін маңыздылығын көрсету. Жердің шар тәріздес екендігі жөніндегі ертедегі және қазіргі заманғы дәлелдеулерді негізге ала отырып, географиялық заңдылықтарды ашу. Жердің тартылыс күші туралы ұғым қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың өткен тәжірибелерінде үйренген икемділіктері мен дағдыларын, интерактивті тақтаны пайдалана отырып білімдері мен географиялық көзқарастарын  кеңейту.
Тәрбиелік: География ғылымының зерттелуін, зерттеушілердің, ғалымдардың еңбектерін оқып, пәнге деген сүйіспеншіліктерін тудыру, географиялық мәдениетке тарту.
Сабақтың түрі: аралас сабақСабақты үйымдастыру формасы: фронтальдіСабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру.
Құрал-жабдықтар: дүние жүзінің физикалық картасы, интерактвті тақта , глобус 
Сабақтың кезеңдері:
 1. Ұйымдастыру кезеңі2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі3. Жаңа тақырыпты меңгерту кезеңі4. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі5. Сабақты қорытындылау кезеңі6. Бағалау кезеңі7. Үйге тапсырма беру кезеңіСабақтың барысы 
Сабақ-тың кезеңде-ріМұғалімнің іс-әрекетіОқушылардың іс-әрекеті1. Ұйымдастыру кезеңі(2 мин) Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу. 
2. Үй тапс-ырмасын тексеру кезеңі. (10 мин) Өткен тақырып бойынша фронтальді сұрақтар қою арқылы және  салған суреттерін, интерактивті тақтада суреттерді, сызбаларды түсіндіру арқылы талқылау, сұрақтар қою. Мұғалімнің үйге берілген тапсырмаларына дайындалып, сұрақтарды мұқият тыңдап, жауап беру. Интерактивті тақтадағы суреттерді еске түсіріп, мұғалімнің сұрақтарына жауап беру.
3. Жаңа мате-риалды меңгерту кезеңі. 1. Жердің өз білігінен айналуы нәтижесінде күн мен түннің ауысыу туралы 1 слайд көрсету, оны түсіндіру. Жер өз білігінен 24 сағатта 1 айналым жасай отырып, Күнді 1 жылда 1 айналып шығады.
2. Глобусты пайдалана отырып Жердің өз білігінен айналуынан тіршілікке келтіріп жатқан пайдасы туралы айту.
3. Жердің жылдық қозғалысы туралы 2 слайд көрсету. Кейін қандай заңдылықтар болып жатқанын олардың маңыздылығын айту. Слайд арқылы дәлелдеу, оған көз жеткізу.
4. Солтүстік және Оңтүстік жарты шарлардағы жыл мезгілдерінің ауысу сипатын көрсету. «Кібісе жылы» туралы айтып, дәлелдеу.
5. Жер шарындағы жыл мезгілдерінің ауысу барысында жылу таралу заңдылықтары, оңтүстік тропик, экватор, тропик, поляр аймағы, қоңыржай белдеулер, суық белдеуғ ыстық белдеулер туралы алғашқы түсінік қалыптастыру. Оқушылар дәптерлеріне мұғалімнің белгілегендерін жазып, өз ойларын ортаға салып, сұрақтарын қояды.  Өзара және мұғаліммен пікір алмасады. Интерактивті тақтадағы суреттерді бірге талқылап, оларды түсіндіреді. Керек жерлерін жазып, сызып алады.
4. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі  Бүгінгі тақырыпқа арналған қысқа, бірақ мазмұнды эссе жазу. Оқушылар эссе жазады, жазып болғанан кейін бір-бірден оқып шығады.
5. Сабақты қорытындылау кезеңіТақырыпты қорытындылай келе фронтальды сұрақтар қою:
Жердің Күн жүйесіндегі орнын анықта.
Жер Күнді қалай, қай уақыт аралығында айналып шығады.
Айналу барысында Жерде еқандай өзгерістер болады?
Жер өз білігінен қай уақытта айналады және неге айналаады?
Жердің айналуына байланысты осы екі заңдылық арасындағы байланысты айтып, түсіндір, мысалдар келтір. Мұғалімнің сұрақтарына өз немесе мұғалімнің қалауымен жауап береді.
6. Бағалау кезеңіОқушыларды сабаққа қатысуларына, тапсырмаларды орындауларына қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай 5 баллдық шкаламен бағалайды. Өздеріне лайықты бағаларын алады. Ескертулері болса мұғалімге айтады.
7. Үйге тапсырма беру кезеңі§ 5-6 оқып, мазмұндау. Басқа планеталар туралы қосымша мәлімет жинап келу. Мұғалімнің тапсырмасын күнделіктеріне жазып, түсінбегендерін сұрайды.