План урока на тему Химиялы? реакция типтері. Орынбасу ж?не алмасу реакциялары (8 сынып)


Сабақтың тақырыбы: Химиялық реакция типтері.
Орынбасу және алмасу реакциялары.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Химиялық реакция типтері жайлы білімді одан әрі жалғастыру, орынбасу және алмасу реакциялары жөніндегі ұғымдарды олардың химиялық теңдеулері бойынша ажырата білу дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік:Оқушыларды өз еркімен жұмыс жасауға, ой - өрісін кеңейтуге, ойын жеткізе білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Химиялық реакцияның типтері бойынша білімдерін жан-жақты тереңдету, жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі:
Сөздік:Түсіндірмелі сұрақ – жауап, әңгімелеу, жаттығулар орындау,есептер шығару.
Көрнекілік: интерактивті тақта мүмкіндіктері, электронды оқулық, презентациялар, виртуалды лаборатория, демонстрациялық тәжірибеге қажетті құрал - жабдықтар мен реактивтер.
Құрал – жабдықтар мен реактивтер: сынауықтар,тұрғы, темір шеге, мыс (II)сульфаты ерітіндісі, NaOH ерітіндісі.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі
2. Үй тапсырмасын тексеру
3. Жаңа сабақ.
4. Бекіту кезеңі
5. Бағалау
6. Үйге тапсырма
1. Ұйымдастыру бөлімі. Амандасу, оқушыларды түгендеп, сабаққа дайындығын тексеру.
2. Үй тапсырмасын тексеру. Ылдыңғы сабақты еске түсіру мақсатында оқушыларға бірнеше сұрақтар қойылып, химиялық реакциятеңдеулерінің типтерін анықтауға, теңестіріп, коэффициенттерін қоюғаслайд арқылы тапсырмалар беріледі.
1. Химиялық реакциялардың неше типі бар?(4)
2. Оларды атаңыз(қосылу, айырылу, орынбасу және алмасу)
3. Қосылу реакциялары деп қандай реакцияларды айтамыз? (екі немесе бірнеше заттың бірігіп, бір күрделі затқа айналуын айтамыз)
4. Бір заттың бірнеше затқа айналып ыдырауын қандай реакциялар дейміз? (айырылу)
5. Берілген химиялық реакция теңдеулерін теңестіріп, коэффициенттерін қойып, типтерін анықтаңдар.
2Са + О2 = 2CaO (қосылу)
2H2O = 2H2↑ + O2↑(айырылу)
2KMnO4 = K2MnO4 + MnO2 + O2↑ (айырылу)
4P + 5O2 = 2P2O5(қосылу)
CaCO3 = CaO + CO2↑ (айырылу)
6. Берілген химиялық реакция теңдеулеріндегі сұрау белгісінің орнына тиісті заттың формуласын жазып теңестіріңдер әрі реакция типтерін анықтаңдар:
2HgO = 2Hg + ?(O2↑, айырылу)
Fe + ? = FeS (S, қосылу)
4Na + ?= 2Na2O(O2↑, қосылу)
2KCIO3 = 2KCI + ? (3O2, айырылу)
3. Жаңа сабақ.
Орынбасу реакциясы. Бұл реакция типіне жай заттар мен күрделі заттардың әрекеттесіп, жаңа жай және күрделі заттар түзуі жатады. Оған темір шегені мыс (II)хлоридінің ерітіндісіне батырғанда жүретін химиялық реакция мысал бола алады. Көкшіл ерітіндідегі мыс атомы темірдің әсерінен ығысып шегенің бетіне қонады. Ал ерітіндінің бастапқы көкшіл түсі солғын тартып, жасылдау түске айнала бастайды, өйткені түзілетін өнім темір (II) хлоридінің FeCI2түсі жасылдау. Олай болса химиялық реакция теңдеуін былайша өрнектеуге болады:
Ғе + СuSО4 =ҒеSО4 + Сu
Fe + CuCI2 = Cu + FeCI2
Бұл әрекеттесу кезінде темірдің атомдары мыс атомдарының орнын басып, мысты бос күйде ығыстырып шығарғанын көреміз.
Металдар сутекті қосылыстармен, әсіресе қышқылдармен әрекеттескенде металл атомы сутектің орнын басады. Мысалы:
Zn + 2HCI = ZnCI2 + H2↑
2Fe + 3H2O = Fe2O3 + 3H2↑
Екі реакцияның екеуінде де металл атомдары сутек атомдарының орнын басып, оларды жай зат түрінде ығыстырып щығарады.
Күрделі заттың құрамындағы бір элемент атомының орнын басқа жай заттың атомы басатын күрделі зат пен жай зат арасындағы реакция – орынбасу реакциясы деп аталады.
Орынбасу реакциясы кезінде жай зат ретінде көбіне белсендірек бос металл алынады. Ол күрделі заттың құрамындағы өзінен белсенділігі төмендеу металды ығыстырып, оның орнын басады. Мысалы:
Zn + CuCI2 = ZnCI2 + Cu
Мыс мырыштан әлдеқайда белсенділігі аздау, сондықтан мырыш атомы мыстың орнын басып, күрделі қосылыстағы мысты бос металл түрінде ығыстырып шығарады.
Алмасу реакциясы.Бұл реакциялардың типіне тек екі күрделі заттың әрекеттесуі мысал бола алады. Олар өзара құрам бөліктерімен алмасып, жаңа екі зат түзеді. Мәселен, сынауықтың түбіне қара түсті мыс(II)оксидінің ұнтағын салып, үстіне күкірт қышқылының ерітіндісін құяйық. Екеуі әрекеттесіп, біртекті әдемі көкшіл түсті тотияйынның ерітіндісіне айналады.
Осы екі заттың әрекеттесуінен химиялық реакция теңдеуін жазсақ:
CuSO4 + NaОН=Cu(ОН)2+ Na2SO 4
CuO + H2SO4 = CuSO4 + H2O
мыс (II) сульфаты
Реагенттер мен өнімдердің атомдар саны өзара тең екенін байқаймыз. Зар сала қарасақ, бастапқы екі күрделі зат өзінің құрамындағы атомдарды не атомдар тобын өзара алмастырып, жаңа заттар түзгенін көреміз. Мұнда мыс атомы сутек атомына, ал оттек атомы SO4 тобына өзара алмасып тұр.
Екі күрделі заттың құрамындағы атомдар (атомдар тобы) бірінің орнын бірі басуы арқылы жүретін реакция – алмасу реакциясы деп аталады.
Алмасу реакциясы екі күрделі заттың қатынасуымен іске асады. Түзілетін өнімдердің формуласын дұрыс жазу үшін алмасатын атомдар немесе атомдар тобының валенттігін ескеоу қажет.
4. Бекіту кезеңі. 1 – тапсырма “Бос орынды толтыр”
І нұсқа
Ca + … → CaO
HgO → … + …
CuCl2 + … → FeCl2 + …
MgO + … → MgCl2 + …
ІІ нұсқа
… + O2 → BaOCaCO3 → … + CO2 ↑
CuO + … → … + H2O
… + HCl → ZnCl2 + …
2. “Белгісіз ғажайып” тапсырмасы. Кестеден химиялық реакция теңдеулерінің типін анықтай отырып, белгісіз сөзді құрастырамыз. (Малахит)
Малахит - иесіне денсаулық және береке әкелетін тас. Ертеде бұл тасты қауіп-қатерден сақтайды және сәттілік әкеледі деп есептеген. Сонымен қатар малахит орнатылған жүзікті сол қолға тақса, жүрек қызметі жақсарады,ал егер малахит ыдыстан су ішсе, денсаулыққа пайдалы деседі.
3. «Ғажайып алаң» ойыны
1.Математика
Массасы 6,5 г мырыштыңзатмөлшеріқанша?
2. Қазақтілі
«Химиялық реакция» сөзінеөлеңшығару.
3 – 4.Химия
Мырыштың 1-2 түйіріне (НСI) тұзқышқылынқосу, байқалғанқұбылыстардытүсіндіру, бөлінгенгаздыңсутегіекеніндәлелдеу.Тиісті реакция теңдеуінжазып, теңестіру, типінажырату5.Ағылшын тілі
«Химиялық реакция» сөзініңаудармасынайту.
6. Логика
Тосын сый – Жарайсың бүгінгі сабақтан «5» алдың!
4 – тапсырма“Басқатырғы бестік”
...Fe(OH)3 Fe2O3 + … H2O
Al2O3 + … H2SO4Al2(SO4)3 + … H2O
… HCl + Cr2O3… CrCl3 + … H2O
… Na + …H2O … NaOH + H2
… Fe + … Cl2 … FeCl3
Барлық коэффициенттер қосындысы = Mr(NaOH)
Қосымша.
Оқулықтың соңындағы тапсырмалар.
№6 жаттығу.Берілген химиялық реакция теңдеулерін теңестіріп, коэффициенттерін қойып, типтерін анықтаңдар.
FeO + H2 = Fe + H2O (орынбасу)
2KOH + H2SO4 = K2SO4 + 2H2O (алмасу)
№7 жаттығу. Берілген химиялық реакция теңдеулеріндегі сұрау белгісінің орнына тиісті заттың формуласын жазып теңестіріңдер әрі реакция типтерін анықтаңдар:
Zn + ? = Cu + ZnCI(CuCI2, орынбасу)
2? + 2HCI = 2ZnCI2 + ? (Zn, орынбасу)
№10 жаттығу.«Алмас» деп аталатын түссіз сынап (II)хлоридінің HgCI2 ерітіндісіне мыс тиын немесе таяқша салсақ, бетін сынап қаптап орынбасу реакциясының жүретіні байқалады. Ерітіндінің түсі қалай өзгереді? Реакция теңдеуін жазып түсіндіріңдер.
HgCI2+ Сu = CuCI2 + Hg
№11 жаттығу.Өзімізге таныстемір сульфидінің FeS тұз қышқылын қосқанда жүретін алмасу реакциясының нәтижесінде, жағымсыз иісті газ бөлінеді. Ол қандай газ? Реакция теңдеуін жазып түсіндіріңдер.
FeS + 2HCI = FeCI2 + H2S↑
Күкіртсутек – түссіз, шіріген жұмыртқа иісті, улы газ.
5. Бағалау
6. Үйге тапсырма §19.