Рефлексиялы? есеп А есеп



Тізбектелген сабақтар топтамасына Бағдарламаның «Сыни тұрғыдан ойлау» модулі қалай кіріктірілгендігі туралы рефлексиялық есеп.
Мен өзім мектептегі тәжірибе кезіңде қай модулді алсам екен деген ой келді. Саралай келе «Бетпе-бет»кезеңінде алған білімімді және Мұғалімге арналған нұсқаулықтан теорялық түсінігімді пайдалана отырып, өзім қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болғасын «Сын тұрғысынан ойлау» модулін таңдап алдым. Басқа модулдерден ерекшелігі мұғалімнің де, оқушының да сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді. [1.46] Сонымен бірге сабақ сайын өз – өзіме сұрақ қойып, күнделікті досым күнделігіме жазып отырдым. Мындай сұрақтарды қамтып отырдым.
-Бүгінгі сабағымда оқушылар не үйренді?
-Бүгінгі тақырып оқушыларға қаншалықты ауыр немес жеңіл болды ма?
-Қаншалықты оқушының көзімен қарай алдым?
-Оқушыға сабақ барысында өздігінен білім ауына қандай мүмкіндік жасадым?
Сын тұрғысынан ойлау модулін сабақтар топтамасына неге алдым деген сұраққа жауап беретін болсам, бұрын оқушылар ашық сабақта ғана топқа бөлініп жұмыс жасайтының, өз ойын еркін жеткізе алмай менің айтуыммен ғана менің қасым мен қабағыма қарап ойын еркін жеткізе алмайтын сияқты келеңсіз кедергілерді жойғым келді.
Өзімнің тәжірибе кезінде өтуге тиісті төрт сабағыма әр түрлі белсенді әдіс-тәсілдерді пайдаланып,оқушыларға сыни тұрғыдан ойланта отырып,білімге құштарлықтарын оятуды көздедім. Алғашқы «Ислам дәуір әдебиет» атты сабағымда төрт түрлі әдісті алдым. Алғашқы сабағымның мақсатын анықтап, алғашқы үй тапсырмасын «Ыстық орындық» әдісінен бастап, өткен тақырып бойынша оқушыларға сұрақтарды қойғызудан бастадым. Мақсатым оқу бойында сын тұрғысынан ойлау дағдысын дамыту болды. «Ыстық орындыққа» Б. есімді оқушым отырып, үй тапсырмасына қатысты түрлі мынадай : Оғыз қаған қай ғасырдың туындысы? Оғыздың анасының аты кім? Оғыздың үш ұлының аты кім? Ағаштың қуысынан табыған сұлу қыз қандай? деген сұрақтарға Б. ойлана отырып, дұрыс жауап берді. Менің байқағаным Б. ойлау қабілеті дамығанына, кез келген сұраққа дәлелмен жауап бергенде көзім жетіп отырды. Өйткені Б. Үй тапсырмасына жан-жақты дайындалып келген. Оқулықтан дәлелдер келтіріп отырды. Оқушының сыни ойлай алатына бет бұрып келе жатырғанын көрдім. Алғашқы әдісі «Ойлан,Жұптас, Бөліс» атты әдіс арқылы оқушыларым сыни ойлай алама?- деген идеяны басшылыққа алдым да ,оқулықты түсініп оқып, берген флипчартқа сызып, жазып, сурет сала отырып, ойларын келесі топқа жеткізе білу керектерін ескерттім. Оқушылар қызыға кірісті. Түсінгендерін флипчартқа жазып, тұжырым жасай бастады. Оқушылар мен күткендей жақсы жұмыс жасады деп ойлаймын. Тақырыпты бір –біріне түсіндіргенде ойлана отырып, бірінің сұрағын-бірі толықтырып, отырды.Бұл жерден оқушылардың тиісті ақпаратты жинап ойлау үдерістерінің бастапқы деңгейінен өткендігін білдім.(2-сурет)
47946849050328371809017015811590170

«Кубизм» әдісі арқылы оқушылар қаншалықты сыни ойлана отырып жауап береді деген оймен осы әдісті алған болатынмын.
-Ислам дәуіріндегі әдебиет қалай пайда болды?
-Ежелгі дәуір әдебиеті мен ислам дәуір әдебиетінің айырмашылығы неде?
-Ислам дәуір әдебиетінің өкілдерінің еңбектері бізге толықтай жетті ме?
9950454462145деген сияқты түрлі сұрақтарға оқушылар талдау жасап, өз ойларын еркін жеткізіп, дәлел келтіріп, белсенділіктерін көрсетті. Мұғалім дұрыс сұрақ қоя білсе, оқушының ойлауына түркі болатының байқадым. Осы сабақта Ф.,А.,М. ойлана отырып,төмен және жоғары дәрежедегі сұрақтарға да жауап беріп отырды.Сұраққа жауап бере алмаған оқушының сұрағын басқа оқушыға бағыттап отырдым. Барнс оқудың тілі қаншалықты қолданылса, оқушылардың оқуына соншалықты әсер етенін айтады.[1.36] Оқушыларға түсінікті әдеби тілмен жазылғандықтан оқушыларға түсінікті бола білді. Сын тұрғысынан ойлау «ойлау туралы ойлану»деп сипатталған.[1.46] Расында да мұғалім оқушының ойлана отырып жауап беруіне жағдай туғызу қажет екенін осы практика кезінде ұғындым. Оқушылар нақты мақсаттарды көздеген, көбірек білетін жандармен әлеуметтің қарым-қатынас нәтижесінде ойлау және сөйлеу дағдыларын дамытады [1.25] деген тұжырымды бүгін сабағымда дәлелдегім кеп Ж. есімді оқушымды жақсы оқитын оқушымен отырғызып, сабаққа деген белсенділігін тапсырма беру арқылы байқадым. Ж. бүгінгі сабақта ислам дәуір әдебиеті тақырыбына сәйкес жуан және жіңішке сұрақтар дайындады. Ж. ойлана отырып, тақырыпты оқи отырып, екі сұрақ Ислам дәуір әдебиетін негізін қалаушылар кім? Ислам дәуір әдебиетінің өкілдері кім? деген екі сұрақ дайындаған. Бұл жай мені қуантады. Өйткені бұрын бұл оқушы сабаққа немқұрайлы қарап,сабаққа дайындықсыз келетін.Болашақта осы оқушының танымдық қабілетін дамыту үшін өзім жұмыстануым керек деген ой түйдім.
(3-сурет)
Жалпы сын тұрғысынан ойлайтын оқушылар белсенді болады, олар сұрақ қойып, дәлелдерді талдайды, мағынаны анықтау үшін саналы түрде стратегиялар қолданады.[1.51] Оқушылар «Ислам дәуіріндегі әдебиет» сабағында белсенді болды деп айта аламын. Себебі оқушылардан сыни ойлауға бағыт алғандығын көремін. Екінші сабағымда «Блум таксономиясы» әдісі арқылы сабағымды өткіздім. Бұрын мен «Блум таксономиясымен» сабақ беріп көрмеген едім. Қорқыныш болды. Бүгінгі сабаққа Әл Фараби туралы презентация жасап келеген талантты оқушым Ф.презентациясы мені қуантты. Ф.есімді Әл Фарабидің туып өскен жері мен 16 жасында білім алған Бағдад қаласы, Аристотель жайлы атайтып,суреттерін оқушыларға көрсете білді. Сонымен қатар оқушыларға кім тағы қызықты мәлімет ұсынады деп басқа оқушының да ойын білейін,танымдық қабілетін білейін деп отырғанымда: А. есімді оқушым Әл Фараби туралы қызықты мәліметін ұсынды. А. «Ақиқат» журналынан тарихымызда бірнеше Әл Фараби болғанын , «Қазақ даласының жұлдыздары» атты тарихи зерттеуде бірнеше дерек келтіргені жөнінде айтып өтті. Бұл оқушының ізденпаздығын көрсетеді. Бұрын қабілетті оқушыларға ізденуге жеке тапсырма бермей келгенімді осы жерде байқадым. Содан кейін оқушылар топ болып жұмыс жасады.Мен алдынғы сабақта алдын- ала тақырып бойынша оқып ,ізденіп келулерін тапсырған болатынмын. Оқушылар ізденгендерін, оқығандарын Әл Фарабиге арнап, І топ: Әбу Насыр Әл Фараби-энциклопедист-ғалым.ІІ топ: Әбу Насыр әл Фараби-әдебиет зерттеушісі .ІІІ топ: Әбу Насыр Әл Фараби-ақын екендігіне дәлелдеп,тұжырым жасады. Топ мүшелері берілген уақытта тапсырманы орындай білді. Топ болып жасаған жұмыстарын флипчарт арқылы қорғады.Тың деректермен таныстырған ІІ топ мүшелері болды. Олар Әл Фараби А.Машановтың Х.Сүйенішжиевтің зерттеулеріне арқау болғанын,тарактаттары өз өнерінің қағидалары екенін айтқан. Кейін оқушылар дәптермен жұмыс жасап,Әл Фараби туралы мәліметтер мен сөздіктермен жұмыс жасады. Осы тапсырманы бере отырып,зейіні шоғырланбаған оқушылар отырып қалмас па екен ?-деген ой болды, бірақ мен күткендей болмады, барлығы берілген тапсырмаға қызығушылықпен қатысып, өз деңгейлеріне сай еңбектенді. Ақынның өлеңдерін оқушыларға кезек –кезек мәнерлеп оқып,өлең жолдарындағы түсінгендерін айтты.Өз ойын өлеңмен өрілген өлең жолдарын Б. жақсы жеткізе білді. Әр адамның махаббаты туған жеріне дегенде ерекше екенін айтып өтті. Б. өлеңді нақышына келтіріп, түсініп оқи алады. Осы өлең жолдарын жеткізуде Ж. қиналды. Себебі Ж.есімді сөйлеу дағдысы қалыптаспаған. Келесі сабағымда Ж-ның сөйлеу дағдысын қалыптастыруға жұмыстануым қажет екен.Өздері ұнаған ақынның бір шумақ өлеңіне талдау жасаттып,осы кезде М. есімді оқушым ойлау қабілеті дамығанын байқадым. М. өзге топ мүшелерінен бірінші болып, өлеңге талдау жасап, ұйқасымен буын, бунақ түрін ажырата білді. Бүгінгі сабақта оқушылар үшін Әл Фарабидің білім алған жерлеріне саяхат жасап картаға түсіру қызық болды. Өйткені картаны қалай жасаймыз деген оқушылар да болды. Бірі ойланбастан Қазақстанның картасын негізге ала отырып, сызбасын түсіре бастаса, енді бірі жер домалақ деп картаны шеңбер пішінде жасап,карта жасауға көшті. І топ пен ІІІ топтың картасы өзгеше болды.Қызыл және көк түстерді пайдаланып Әл Фарабидің білім алған жерлерін түсіре білген.Үш бағалаушы топ мүшелерін бағлап,өз бағаларын беріпті. Сабақ соңында оқушыларды мадақтап,өте жақсы жұмыс жасағандары туралы айттым. Бұл сабақта байқағаным, бірінші сабағыма қарағанда оқушылардың сыни ойлай отырып, жауап бере алатындығына көзім жетті.
Үшінші сабағым Әл Фарабидің «Тамылжып бал тыныштық айналамнан», «Тіршілікте құрыштай боп төзімді»өлеңдері. Бүгінгі сабағымды «Жүректен-жүрекке»атты тілек айтудан ,сәттілік тілеуден сабағымды бастадым. Одан әрі балалар үшін қызықты «Сауық кеші» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрадым.
(4-сурет)

Оқушылар өлеңді бір-біріне жатқа айтып,қызыға қатысты. Кейбір оқушылар жаттамай келген. Себебін сұрағанда өлеңнің тілі күрделі деп жауап берді. Одан кейін «Мағынаны тану» бөлімінде «Қалың және жұқа»әдісті пайдаландым. Бұл әдістің мақсатын оқушыларға түсіндірдім. Оқушылар бүгінгі тақырып бойынша сұрақтар дайындап, бүкіл оқушы осы тапсырманы орындау барысында белсене қатысты.Ойлана отырып, А., Ф.,Е., есімді оқушылар күрделі сұрақтарды қоя білді. Оқушылар сұрақ арқылы бірін-бірі толықтырып отырды. «Екі жақты түсіндірме күнделігінде» оқушылар өздері ұнаған өлең шумағына өз ойларын жеткізе білді. Әсіресе Ф.,М.,А., ойларын жүйелі жеткізе білген. Бұл әдісіті әдебиет сабағымда жүйелі пайдаланып келемін. Бұл әдіс оқушының сөйлеу, ойлау және жаза білу дағдыларын қалыптастырады. Семантикалық карта толтыруда оқушылар түгелге жуық дәптермен жұмыс жасады. Интерактивті тақтада берілген семантикалық картаның жауабын кім біледі?-деп сұрағанымда А.ортаға суырылып шығып, тапсырманы дұрыс орындады. Бұл жерден А-ң есте сақтау қабілеті жақсы дамығанын байқадым. «Ой толғам» кезеңінде «Инсерт» әдісін пайдаланып бүгінгі сабақта оқушылар не білді, бұрыннан не біледі, білгім келеді?-деген сұраққа оқушылар бұрынан Әл Фарабидің ғалым, ақын, зерттеуші екенін білетіндерін жазған. Білдім деген сұраққа бүгінгі өткен ақынның екі өлеңі жайлы білетіндерін жазған. Не білгім келеді?- деген сұраққа оқушылар әр түрлі жауап берген. Бірі Әл Фарабидің отбасы жайлы білгісі келсе, енді бірі жеке кітабы болса екен оқыр едім десе, енді бірі Әл Фараби қандай отбасында дүние келген екендігін білгілері келеді екен. Ал мәнерлеп оқуға жақын оқушылар өлеңдерін білгісі келеді екен. Қабілетті оқушылар Ф. мен М. Әл Фарабидің «Бақыт-әрбір адам ұмтылатын мақсат», «Білім жолына түскен жай күнделікті күйбің тіршілікті ойламауы қажет»деген даналық сөздерін бергенімде екі оқушы да ойлана отырып, ойлануға уақыт сұрап, өз ойлау деңгейлерінде жауап берді. Әл Фарабидің даналық сөздерінің мағынасын ашып,өздерінің ойлау,сөйлеу дағдыларын қалыптасқанын көрсете білді.Бұл жерден оқушының әр бір сөздің мағынасын ұғынып, бағалап, талдап, синтездей алуын көрдім. Бүгін жас ерекшелікке сәйкес күнделікті бақылауымда жүрген Кенжеғалиева Ж. арнайы 5 сұрақтың көлемінде тест тапсырмасын тапсырдым. Ж. төрт сұраққа жауап берген. Бұл менің зерттеуімінің нәтижесі. Осы жерден оқушыны сыни ойландыра отырып,диалогтік оқытудың дикламация үлгісін ұтымды пайдаландым. Оқу жауабынан бір қате кеткен.Оқушының біртіндеп төселіп келе жатырғаның байқадым. (1.5-сурет)


Төртінші сабағым Ахмет Иүгінекейдің «Ақихат сыйы» атты сабағымды «Қаражорға» биімен бастадым. Себебі қозғалыс адам миынының жұмыс жасауына ықпалы зор. (6-сурет)

Одан кейін сыныпты үш топқа ұлы жүз, орта жүз,кіші жүз деп бөліп алдым. Сосын оқушылардан биылғы жыл қандай жыл, неге жүзге бөліндік деген түркі сауал қойдым. Оқушылар сыни ойлана отырып, әр түрлі жауап берді.Бөлудегі мақсатымыз деп Ф. есімді оқушы Қазақ хандығынның 550 жылдығының аталып өтуіне байланыс деп өз жауабын берді.Бірінші «Кім жылдам»деген әдісімнің мақсаты үй тапсырмасын Әл Фарабидің даналық сөздерін сұрап шықтым. Қызығушылықтарын ояту мақсатында оқушыларға Ахмет Иүгінекей кім екендігі жайлы «Топтастыру» жасаттым. Ахмет Иүгінеки тақырыбы жоспарда болғанымен оқулықта жоқ. Сондықтан оқушыларға Ахмет туралы жазылған мәліметтер таратып, соны оқып, топ болып қорғауға, жұмылдырдым. Бұл жерде зерттеушілік әңгіме жүрді. Себебі зерттеушілік әңгімеде топтың алдында ортақ проблема болады, олар пікір алмасады, баға береді, білім мен түсінік қалаптасады. Оқушылар ұялы телефон,интернет желісі арқылы Ахмет Иүгінекидің кім екендігі жөнінде қарап, топта талқылап, ойланып, тапсырманы уақытында орындады. Бұл тапсырмада оқушылар өз ойларын дауыстап айтып, «мүмкін», «егер», «сияқты» сөздерді жиі қолданды. (7-сурет)
2183130-6096041719802924165720-60871
Мағананы тану кезеңінде алдынғы сабақта өткен ғұлама ақын Әл Фараби мен Ахмет Игүгінеки екеуін салыстырып, екеуінің ерекшеліктерін жазып, шеңбердің ортасына ұқсастықтарын жаздырдым. Ұқсастығына екеуі де ақын,ислам дәуірінің ғұламалары депті. Бұл әдісті алу себебім:оқушы алған ақпаратты синтездей ала ма, салыстыра аламай ма?,-деген ой еді.(8-сурет)
41195991742732185906130545153670130175

Одан кейінгі тапсырма оқушылардың ойлау қабілетін дамытатын тапсырма бердім, берілген өлең жолына сатылай кешенді талдау жасаттым. Шумақ, тармақ,бунақ,буын, ұйқас және ішіндегі әдеби теориялық ұғымдарды табу керек болды. Оқушылардың кейбірі орындай алатын тапсырма екен.Барлық оқушы әдеби теориялық ұғымды ажырата алмайды.Соны сабақ процесі кезінде байқадым.
«Ой тастау»кезеңінде «Плюс-минус-қызық» атты тапсырманы бүгінгі тақырып бойынша дәптерлеріне жұмыс жасаттым.Тақырыптың жағымды жағы мен үшін,тақырыптың жағымсыз жағы мен үшін және не қызық? деген сұрақтарға оқушылар өздері жеке-жеке жауап берді.Бүгінгі бақылауыма алған оқушылардың дәптерлерін тексергенімде Е. тақырыптың ұнамауын оқулықта жоқтығымен түсіндіріпті.жағымды жағы Ахмет Иүгінекиден үлгі алуға болатындығын айтқан.Себебі Ахмет зағип болса да,білім алуын тоқтатпаған.Қызығы топ болып жұмыс жасағаны қызық екендігін айтыпты.Екінші оқушым А.үзіндіге сатылай кешенді талдау жасау қиын,ұнамайтындығын айтыпты. Ұнайтындығы әр ғұламаға салыстыру жасағанда есте қалуға жақсы екенін айтыпты, қызығы бұрын орындап көрмеген «плюс-минус-қызық»тапсырмасын айтыпты. Үшінші оқушым Ж. мені сабақ сайын қуантып отырды. Ж. бүгінгі сабаққа келгенде топ болып жұмыс жасаймыз ба,апай? -, деп алдын ала маған сұрақ қойды. Мен саған топ болып жұмыс жасаған ұнайды ма дегенде ,ия ,апай әдебиет сабағы маған қатты ұнайды-, деп жауап берді. Бұдан ой түйетінім Ж.сабаққа деген құлшынысын оята білгенімді білдім. Бүгінгі сабақ басқа сабақтарға қарағанда бағалауы өзгеше болды. Күнделікті қолданып көрмеген табыс критерийлер арқылы жұмыс жасадым. Оқушыларға ескерттім. Қалай жұмыс жасағанда, қандай табысқа жететінін айтып өттім. Оқушылар мен күткендей критерийлермен жұмыс жасады деп айта алмаймын. Көбі жетті деп өздерін бағалаған.Себебі мен өзім оқушыларға дұрыс жеткізе білмеген шығармын деп ойладым.Менің сын тұрғысынан ойлау модулі бойынша әр оқушыға берілген тапсырманы көпіршелер арқылы нұсқап ,бағыт-бағдар берсек,оқушының өздігінен білім алуына болатыным білдім. Сабақ нәтижелі болды, ең алғаш сабақтарыма қарағанда оқушылар біршама жүйеленді,олардың ойлары ұшқыр,кей сәттерде мені таңқылдырып та жатты. Бірақ әлі де болса маған қажырлы еңбек ету керек. Сабақтарымда уақыттың жетіспеуі, сөйлеу мәнері, дискрипторларды пайдалану кедергі келтірді.Сол себепті ,келешекте сыни тұрғысынан ойлаудың «Блум»таксономиясы, «Кубизм», постер қорғау әдістерін дамыта отырып, балалардың сыни ойлау қабілетін дамытуым қажет. Сабақтарыма өзгерістер енгізу жаңалық болумен қатар өзім де өзгерудемін. Мен осы сындарлы оқытудың теориясын меңгергеніме қуаныштымын.
Өзім ізденіс үстінде жүріп сабақ соңында қол жеткізген нәтижелерім:оқушының танымдық ізденімпаздығы қалыптасып,мәселелерді терең талдауға үйренді, шығармашылық ой-өрісі артты,ұжымдық ой-пікірлері жетіліп,топ мүшелерінің пікірлерімен ортақ тұжырым жасауға үйренді, оқушы өз ойын еркін айтуға,сөз мәдениетіне үйренді,өз әрекетіне сыни тұрғысынан қарауға,тұжырым жасап қорытындылауға үйренді. Оқушылардың дәлелді ойлар айтып, тұжырым жасай отырып, оқиғалар мен кейіпкерлерге сыни көзбен қарап, салыстыра білуге мүмкіндік беретін , оқушының жеке тұлға болып қалыптасуына ықпалын тигізетін модуль екеніне көзім жетті.Менің тәжірибе барысында байқағаным бұрын оқушы тек тыңдаушы болса, енді ізденуші, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім бағыттаушы,ұйымдастырушы екенін ұқтым. Осы модулден байқағаным оқушы өзін-өзі бақалайды,бағалайды,тыңдайды,сөйлейді.
1.Пайдаланған әдебиеттер: Мұғалімге арналған нұсқаулық Үшінші (базалық)деңгей Төртінші басылым 2015 жыл