О?ушылар?а ?арсыласты? ?ор?аныс шебін б?зу ж?не оны жою т?сілдерін ?йрету.


Тақырыбы: Қорғаныс шебін бұзу және оны жою.
Мақсаты: Оқушыларға қарсыластың қорғаныс шебін бұзу және оны жою тәсілдерін үйрету.Көрнекілігі: Шахмат тақтасы, оқулық, сағат.
Сабақтың түрі: теория, практика
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру. 2. Жаңа тақырып. 3. Қорытындылау. 4. Үйге тапсырма.
Жаңа тақырып: Қарсылас позициясындағы шабуыл жасауға арналған шаршыны қорғаныссыз қалдыру немесе қорғанысты жою үшін құрбандыққа бару жағдайларын дәл, тез қарқынмен орындау керек. Әйтпесе қарсылас қосымша күш (фигураларын) жинақтауы мүмкін.
Мысалы: Ақтар: Кр g2, Лd2, Ле1, К g4, а2,в3, f2, g3, h3
Қаралар: Кр f5 , Лd7, Лв7, С d4, а7,с5,е5, g6, h7 Қаралардың қорғаныс шебінде маңызды рөлді қара піл (d4) ойнап тұр. Бұл жағдайда пілге қарсы ладьяны құрбандыққа шалуға шешім қабылдаймыз. 1. Л: d4 ... қараларда екі таңдау бар – бірі құрбандықты қабылдау, онда ақтар е5 шаршысынан ладьямен мат қояды, екіншісі – ладьясымен е7 – ге жүріп қорғану. Бұл жағдайда қаралар фигура ұтылады.
Мысалы: Ақтар: Крс2, К d5, Се2, С g5,а3,в4,е6, g2, h2
Қаралар: Кре7, Л f8, С d5, ,,в6,в6,е5, g7, h7
Қаралардың қорғанысы күшті емес сияқты, ал оның королі жан - жағынан қыспаққа алынған, ақтарда шабуылға ақ пілі шығып, қос флангтен шах беруге дайын. Егер һ5 + жарияласа, қорғанысы дайын, оны бұзу мүмкін емес, сондықтан пілмен в5- тен шах жарияласақ, пешкіні с6- ға жүріп қорғанады. Демек, қорғаныста- ғы с7 – дегі пешкіні (жалғыз қорғанысын) аттың көмегімен құртамыз. 1.Кс7 + С:с7, солай етіп, Св5х мат қоямыз.
Қорытындылау кезеңінде жаттығулар жасау арқылы бекіту.
Үйге тапсырма: Қорғаныс шебін бұзу және оны жою.