Шабуыл мен ?оз?алыс кезіндегі ойын тактикасыны? элементтерін жетілдіру


Сабақтың тақырыбы:Шабуыл мен қозғалыс кезіндегі ойын тактикасының элементтерін жетілдіру Сабақтың мақсаты:А). Оқушылардың бойындағы спортқа деген қызығушылығы мен білімін арттыруӘ). Отанды сүюге, елін, жерін қорғауға, досытық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеуБ). Оқушылардың денсаулығын нығайту, қимыл – қозғалыс мәдениетін қалыптастыру Сабақтың барысы:I. ҰйымдастыруСапқа тұру; рапорт;сәлемдесу, оқушыларды түгелдеп белгiлеу, сабақ мазмұнын қысқаша түсiндiру.  Негізгі бөлім:Шабуыл мен қозғалыс кезіндегі ойын тактикасының элементтерін жетілдіру Волейбол ойыны Волейбол ойыны аумағы 9х18 алаңда өткізіледі.Ортадағы сызық алаңды екіге бөліп тұрады.Ортанғы сызықтың үстіне екі бағанаға керілген волибол торы керіліп ілінеді.Тордың биіктігі ойыншылардың жасына немесе ұл не қыздар командасына қарай әр түрлі болады.Жас өспірім ер балаларға арналған тордың биіктігі –220 см,қыздар үшін 210см болады.Ойынға әрқайсында 6 ойыншы бар екі команда қатысады.Әр команданың ойыншылары өз алаңында орналасады. Ойынға диометірі 65-68см, салмағы 250гр доп пайдаланады. Бір команданың ойыншылары допқа үштен артық қол тигізуге болмайды.Осыдан кейін доп тордан асырылуға тиіс. Сондай-ақ бір ойыншы допқа колын қатарынан қолын екі рет тигізуге рұқсат етілмеиді. Ойынның барысында доп қай алаңға түссе,сол команда осы жолы ұпайдан ұтылған болып есептеледі.Допты ойынға қосу құқығына ие болған каманда сағат тілі бағытымен қозғалып ,орын ауыстырады.Ойын осылай жалғаса береді. Қарсыласынан екі ұпай артық шылықпен 15 ұпай жинаған команда жеңіске жетеді. Жасөспірімдердің ойыны үш кезеңнен тұрады.Екі кезеңде ұтқан команда ұтқан болып есептеледі. Әр кезеңнен кейін командалар алаңдарын алмастырады.Шешуші кезеңдерде бір команда 8ұпай жинағаннан кейін екі команда алаңдарын алмастырады. Жасөспірімдер 13-14 Жастағылар үшін 15-16 Жастағылар үшін 16-17Жастағылар үшінЕр балалар2м20см2м35см2м43смҚыз балалар2м10см2м20см2м24см Волейболда орын ауыстыру. Волейболда орын ауыстыру тіркемелі тіркемелі адыммен, қосарланған адыммен, жүгірумен,секірумен, бағытты кенеттен өзгертумен және допты құлап бара жатып алумен орындайды. Тіркемелі адым Тіркемелі адым ілгері,кейін,оңға,солға,қозғалу кезінде жасалады.Ол орын ауыстыру бағытына жақын тұрған аяқтан басталады.Тіркемелі адымдар жақын қашықтыққа ауысуүшін және уақыт жеткілікті болған жағдайда қолданылады. Тіркемелі адым
Қосарланған адым допқа шапшаң ұмтылу қажет болғанда және тіркемелі адыммен алға ,артқа орын ауыстыруға үлгере алмайтын жағдайда қолданылады. Қосарланған адым қозғалыс бағытынша қашық тұрған аяқтан басталады. Жүгіру едәуір қашықтыққа тез жету кезінде( мысалы доп алаңның сыртына шығып кеткен кезінде) қолданылады. Жүгіруден кейін бірден тоқтай білуге машықтанған жөн. Секіру көп жағдайда шабул соққысы мен тосқауыл қою кезінде қойылады. Орынды кенет өзгерту Орынды кенет өзгерту –қосарланған және тіркемелі адымдарға қарағанда, орын ауыстырудың ең шапшаң тәсілі.Ол қосарланған және тіркемелі адым жасаған сияқты орындалады. Құлау шабуыл соққысынан ұшқан допты жерге түсірмей үлгіріп алу кезінде қолданылады. Арқасына құлай домалауАрқасына құлай домалау- артқа бір жанына қарай орындалады.Бұл “доптың астына” отыра, шалқалай, артқа құлай домалау әдісі. r Жамбасқа құлай допты алуды орындауЖамбасқа құлай допты алуды орындау – келесі кезеңнен тұрады: Бірінші тізенің бір жанына өзінің астына тарта, жамбас, сонан соң иығы жерге тиеді. Ойыншы тізесіне тізеқап кию керек. Кеудемен құлауКеудемен құлау – бір қадамнан немесе жүгіре келіп бір аяқпен итеріле денені алға-төмен қарай бағыттайды, алақанның сырт жағымен немесе жұдырықпен допты қағып жіберіп екі алақанмен тіреле құлайды.Қолға жарақат болмас үшін ішімен сырғанауға, домалап түсуге болады. Допты жоғарыдан беру.Допты жоғарыдан беру.Ойыншы мұнда негізгі тұрыстан допты жоғары берудің ерекше жағдайына ауысады. Бұл тәсіл аяқты бір бағытта жазу үшін жасалады. Алдымен тізені баяу жазып, денені допқа қарай бағыттайды. Екі қол, аяқ және кеуде бірдей үйлесімді қозғалысқа көшеді. Екі қолдың басы бет деңгейіне келтіріліп, саусақтар допты қабылдау жағдайларына дайын болады.Осы қалыпта тұрып допты өзгеге береді. Допты жоғарыдан беру. Допты төменнен беру. Допты төменнен беру. Допты дәл беру үшін қолды дұрыс ұстаудың мәні бар. Қолды, білекті сәл ғана қисайтып ұстау доптың қайта серпілу кезінде бағытын өзгертіп жібереді. Допты қабылдау үшін екі алақанды жоғары қарата біріктіріп және қолды бос, еркін ұстау керек. Ұшып келе жатқан допқа қарсы биімделе отырып, екі шынтақты жақындата колды жайлап көтереді. Допты төменнен беру Мынадай жағдайларда ұшып келе жатқан допты қабылдайтынкоманда қате жіберген болып табылады:1.Доп жерге тисе.2.Команда 3 реттен артық қол тигізсе.3.Доп лақтырылса немесе кідіріліп қолда ұсталып қалса.4.Доп дененің белден төмен кез келген жеріне тисе.5.Ойыншы қатарынан допқа қолын 2 рет тигізсе.6.Ойыншы торға тиіп кетсе.7.Қарсы жақтағыдопқа ойыншының қолы тисе. Допты ойынға қосып тұрған команда мына жағдайларда доптан айырылады.1.Доп кезексіз төрешінің рұқсатынсыз ойынға қосылса.2.Допты арнаулы орыннан ойынға қоспаса.3.Допты ойынға қосқан кезде сол ойыншы алаңның сызығын басып тұрса немесе ішке еніп тұрса.4.Ойынға қосылған доп торға немесе бағанға т.б тиіп немесе алаңнан шығып кетсе. Бағалау. Үйге тапсырма беру. Берілген тапсырманы үйде қайталап орындауын тапсыру.