Саба?ты? та?ырыбы: Т?леу с?з Саба?ты? ма?саты: Білімділігі: о?ушылар?а т?леу с?з туралы т?сінік беру,теориялы? білімдерін практикамен ?штастыру,о?ушы білімін есепке алу. 2.Дамытушылы?: ?деби жанрла


Сабақтың тақырыбы: Төлеу сөз
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: оқушыларға төлеу сөз туралы түсінік беру,теориялық білімдерін практикамен ұштастыру,оқушы білімін есепке алу.
2.Дамытушылық: әдеби жанрлардың түрлерінен мысалдар келтіру арқылы пәнге деген қызығушылығын дамыту, ізденімпаздық қасиетін қалыптастыру,шығармашылыққа баулу,тіл байлығын жетілдру.
3.Тәрбиелік:оқушыларды адамгершілікке,ізеттілікке,әдептілікке,шапшаңдыққа тәрбиелеу,өз елін,тілін сүюді үйрету.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі: интерактив тақта,ақын-жазушылардың портреттері,ғаламшарлар
Пәнаралық байланыс: әдебиет, география
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын.
Бүгін сабақта ізденімпаздық көрсету арқылы тапсырмалар орындаймыз. Тапсырмалар ғаламшарлардың артында жазылған.Күн жүйесінде 8 ғаламшар кіреді. Олардың аттарын білгілерің келе ме? Ол үшін берілген тапсырмаларды орындайық, қандай ғаламшар екенін орындалған соң білеміз.
ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру:
Біреудің сөзінің автор тарапынан өзгеріске ұшырап берілуін төлеу сөз дейміз.
Біреудің сөзі төлеу сөз ретінде берілгенде,бастапқы сөйлемдік қасиеті жойылып,автор сөзімен тұтасып айтылады.Мысалы: Бұл күнге шейін Абай шығарған өлең мен әннің барлығын білем деп жүрген Мұхамбетжан мына сөзді бұрын естімегенін айтты.Бұл сөйлемдегі төлеу сөз – мына сөзді бұрын естімегенін;автор сөзі – Бұл күнге шейін әннің барлығын білем деп жүрген Мұхамбетжан . . . айтты.
Деңгейлік тапсырмалар
І
Төлеу сөзді төл сөзге айналдырыңдар
1 Балалар қуанып,өздерінің әлі де көп жаңалықтар табатындығын айтты.
2Балтабек үйге кірген Асқарға жоғары шығуын өтінді де, Ботагөзге анасының қолына су құюын ескертті.
3 Оның әуелі өзінің қонағы болатындығын айтып Ғалымжан иығын қомпайтты.
4 Ол даусын соза сөйлеп,өзінің Тайжан екендігін айтты
ІІ
Ақындарды сөздерімен біріктіріп,төлеу сөз құраңдар
Абай-өзін-өзі өлеңімен жұбатқан жан.
Ш.Құдайбердіұлы
Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан секілді.Оны жинап алып,халқының қолына беру-біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз.
С.Сейфуллин
ІІІ
Төлеу сөздер әдебиетіңіздегі қай шығармадан алынған,авторы кім?
1 Ерекең немересін өзіне шақырып,баласынан оның қазақша білетін-білмейтінін сұрады.
2 Гауһар Сұлтанға бейтаныс адамдардың алдында пікір айтпайтынын ескертті.
3 Әйелі күйеуіне баласы өлсе,байлықтың не керегін айтып,мылтықты сұрап, атты ерттеуін бұйырды
4 Естемес нардың желінін қатты қысып ұстап тұрған қызға нарды неге саумай тұрғанына таң қалып,ойланды.
Жаттығумен жұмыс: 160-жаттығу. Төл сөзді төлеу сөзге айналдырыңдар.

Білімді бекіту:
Семантикалық карта
№ Мысалдар Төл сөз Автор сөзі Төлеу сөз
1 Мұқаш әлі бұл өңірде көктің шабан тебіндеп келе жатқанын,қыс ызғарының әлі түгел айығып болмағанын әңгіме қып отырды. 2 -Көл не себепті Қызылкен атанған ? 3 Аздан соң тағы да өзі сөйледі Қорыту:
Тест
Төлеу сөз:
А) сөйлеуші тарапынан өзгеріске ұшырап,біреудің сөзінің тек мазмұнын сақтап қана жазылуы
Ә) біреу пікірінің өзгеріске ұшырап,тек мазмұны ғана сақталып жазылуы
Б) біреудің сөзінің автор тарапынан өзгеріске ұшырап берілетін сөз
Төлеу сөз бар сөйлемді анықтаңыз
А) «Мен шетелге оқуға барамын»,-деді досым
Ә) Досым шетелге оқуға баратыны туралы айтты
Б) Досым шетелге оқуға барады
Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.
Үйге тапсырма: Ережені жаттау. 161-жаттығу.