Ма?ала. Оралхан Б?кей о?улары м?ресіне жетті.


Оралхан Бөкей оқулары мәресіне жетті

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өткізілген «Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің» қалалық байқауы Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «Атамұра» мәдениет орталығының ұйымдастыруымен қанат қақты.
Керілген өр Алтайдың кер бұғысы - Оралхан Бөкей. Қазақ әдебиетіндегі ең бір жұлдызды жарқын тұлғалардың бірі. Тереңнен толғап, теңдессіз суреткерлігі арқылы сөз өнерінің қадір-қасиетін ұққан жан қайбір оқырманын болмасын, ішкі әлеміне еріксіз елітетіні хақ. Алтайдың әсем табиғатын көркем бейнелей білген суреткер- Оралхан Бөкейдің оралымды шығармаларын оқып өскен жастар бүгін бақ сынасты.
Байқаудың мақсаты – жұртшылықтың рухани сауаттылығын көтеру, көркемсөз оқу мәдениетін жандандыру, ел ішінен талапты, талантты жастарды іздеп табу. Қазақ әдебиетінің құнды мұраларын ел арасына насихаттауды көздейтін дәстүрлі байқау арқылы көркем шығарманың оқырмандар жүрегінен жол табуына, сөз өнеріне деген жастардың қызығушылығын арттыруына ықпал ету.
Байқауға жергілікті ақын Жанақ Тілегенұлы, Екібастұз қалалық «Отарқа» газетінің редакторы Жанаргүл Кадырова, №25 жалпы білім беретін орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Даутова Гүлшара Көшербайқызы сынды танымал тұлғалар қазылық жасады.
Прозалық шығармалардан үзінді, драмалық шығармадан үзінді, мәнерлеп өлең оқу бойынша сайысқа түскен қатысушылар бар өнерін ортаға салып, өзара мықтыларды анықтады. 
Сонымен, көркемсөз байқауының жеңімпаздары анықталып, арнайы марапаттарға ие болды. Жүлделі үшінші орынды Инновациялық Еуразия университеті Екібастұз колледжінің студенті Амерканова Бақыт иеленді.  Жүлделі бірінші орынды  Иновациялық Еуразия университеті Екібастұз колледжінің студенті Муратова Аяулым жеңіп алды.  Жүлде иелеріне дипломдар тапсырылып, ынталандыру сыйлығымен марапатталды.  Көркемсөз байқауына қатысқан барлық өнерпаздар арнайы Алғыс хатпен марапатталды.
Инновациялық Еуразия университеті
Екібастұз колледжінің оқытушысы
Абрарова Торғын Бейсембаевна.