?ыс?а мерзімді саба? жоспары та?ырыбы ?мір Темірді? бас?ыншылы? жоры?тары


Сейтказиева Айгүл Жұмабекқызы
Рудный қаласы
«№19 орта мектеп» КММ
Тарих пәні мұғалімі
Сабақтың тақырыбы:26 Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары
Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары Әмір Темірдің жорықтарын, алғышарттары , себептері, мақсаты , жорықтарының барысы және жеңілу себептерімен таныстыра отырып, Әмір Темірдің Қазақстан жеріне тигізген ықпалын ашып көрсету.Оқушылардың ойлау қабілетін үнемі жетілдіру  мақсатында жаңа сабақтың мазмұнын дамыта отырып, тарихи оқиғаларды , фактілерді салыстырып, талдауға үйрету, білім алуға құштарлығын дамыту.Ойлау және сөйлеу, шығармашылық тапсырмалармен жұмыс жасай білуге үйрету. Оқушыларды бір –бірін бағалауға дағдыландыру.
Сабақтың мақсаттары Барлық оқушы істей алады: Оқулықтағы берілген мәтінді оқып, негізгі ойларын анықтайды,алған білімін жүйелей алады,оқушының ізденіс нәтижесі анықталады,өз ойын,пікірін ашық айта алады.
Көпшілігі істей алады: Берілген тапсырма аясында сұрақтар қоя алады
Кейбірі істей алады: Өздерінің қабілеттеріне қарай сұрақтарға жауап беріп, ойларын айта алады.
Тілдік мақсат Оқушылардың сөздік қорын молайту және өз ойларын толық жеткізе білуге үйрету.
Алдыңғы білім Бұл бөлім, алдындағы барлық меңгерілген бөлімдермен байланысты.
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған әрекеттер (төмендегі жазбаларды өзіңіздің жоспарлаған әрекеттеріңізбен алмастырыңыз) Ресурстар
Басы
І. Ұйымдастыру кезеңі. 3-минут.
1.Сәлемдеседі2. Түгелдеу3.Психологиялық дайындықАл балалар,қазір бізде қай сабақ? Қазақстан тарихы
Қазақстан тарихы пәніне дайын болу үшін біз не айтамыз?
«Өз елінің тарихын білмеген адам,басқа елдің тарихын біліп жарытпас» Хормен айту
3.Оқушыларды сандар арқылы топқа бөлу1,2,3,4,5 сандары4. Топбасшысын сайлайды5. Топ ережесін еске түсіреді 
Балалар,үйге қандай тапсырма берілді? Қайталап жіберейік
II.Үй тапсырмасын сұрау 7 минут.«Ой қозғау» Сұрақтарға жауап:1. Моғолстан қай ұлыстың жерінде құрылған? Неліктен Моғолстан деп аталады?2. Моғолстанның құрылуына дулат тайпасының өкілдері неге басты рөл атқарады?
3.Моғол хандығының этникалық құрамы туралы не айтасындар?
4.Моғолстан жерін картадан кім көрсетеді?
5.Моғол хандығының Тоғылық-Темір тұсында саяси жағдайы қандай болды?
6. «Батпақ шайқасы» туралы не білеміз?
7.Әмір-Темір жорықтарының қандай зардаптары болды?
«Полиглот» ойыны. Оқушылардың ынтасын жаңа білімді мңгеруге көтеру.
1.Жошы хан Шыңғысханға кім болады? (мұрагері,наследник,heir)
2. XVI ғасырдың басында Моғолстан тарихында қандай оқиға болды? (ыдырады,распущен,disbanded)
3. Тоғылық-Темір мен Әмір Темір арасында қандай байланыс болды? (шайқас,бой,battl) Оқулық, ақылды тақта,бейнероликтер,
суреттер,
смайликтер,бағалау парақшалары,топ атаулары,топ ережесі т.б.
Презентация
ОртасыIII. Жаңа сабақ
1.Балалар, ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қалай аталады екен? Бүгінгі сабақтың мақсаты неде деп ойлайсындар? (оқушылар сабақтың мақсатын ойларын білдіріп,ашуға тырысады)
2. Әмір Темір туралы бейнеролик көрсету 3 мин
3. Әмір Темір деген кім? Ол туралы не білесіңдер? (Гүлфира-шыққан тегі,Ақбота-Темірдің жастық шағы) Сонымен қатар әйгілі қолбасшы,мемлекеттің қоғам қайраткері екен
Ендеше балалар жаңа сабаққа байланысты тапсырмалар орындайық!
4.Топтық жұмыс 20 мин. (5 мин әр кім өздері оқиды,2 мин топта талқылау,2 мин постер жасау, «әткеншек» бойынша топ басшыларына 2 мин уақыт қорғау)
Оқулықпен жұмыс: топтарға тапсырма беру,мәтінді оқу 
Алтын Орда топ: Әмір Темірдің Алтын Орда жеріне жасаған жорықтары
Моғолстан топ: Әмір Темірдің Моғолстан жеріне жасаған жорықтары
Тарихшылар топ: Әмір Темір жорықтарының зардаптарын түсіндіру.
Сарапшылар топ: Екі бөлімді күнделік: Әмір Темірдің  (жағымды, жағымсыз жағын анықтау.)
5.Картамен жұмыс. 3 мин.Әмір Темірдің басқыншылық жорықтарын картаға түсіреміз.
6.Сандар сөйлейді.3 мин.(Оқулықпен дәптермен жұмыс жасайды)
1336-1405 жж-Әмір Темір өмір сүрген жылдар
1370 ж-Мауараннахрды басып алды.
1391 ж-200 мың әскерімен Тоқтамысқа қарсы жорыққа аттанады
1371-1372 жж-Моғолстанға әскер аттандырды
1372-1390 жж-Әмір Темір Моғолстанға 10 шақты рет жорық жасаған
1384-1391 жж-Әмір Темір Алтын Ордамен Моғолстанға бірнеше рет жорықтар жасаған.
1390 ж-Моғолстан Темірге толық тәуелділікке түсті
1405 жылы 18 ақпанда-Әмір Темір қайтыс болды
7.Балама тест.(қосымша) (ия,жоқ)
1. Әмір Темір хан ба? (жоқ)
2.  Темір  35 жыл бойы билік етті ме?(ия)
3. Тоқтамыс өзін Ақ Орданың билеушісімін деп санады ма?(ия)
4.  Ол 1410  жылға дейін билік жүргізді ме?(жоқ)
5.  Әмір Темір Ақ Орданы әлсіретуді көздеді ме?(ия)
6.  Әмір Темірдің 1391 ж 300  әскері болды ма? (жоқ)
7.  Темір Отырар қаласында қаза болды ма? (ия)
8.  Темір Мәлік Ұрұс ханның інісі ме?(жоқ)
9.  Алтын Орданың астанасы Самарқан қаласы ма?(жоқ)
10. Тарағай бектің баласы ма? (ия) Әмір Темір портреті
Презентация бойынша түсіндіру
Үлестірмелі тапсырмалар
(технологиялық карта)
Суреттер,маркер, ватмант,карта.т.б.Постер қорғау
Оқулық,дәптер
Оқулықпен, дәптермен жұмыс
Үлестірмелі тапсырмалар
(технологиялық карта)
Соңы
IV.Сабақты бекіту: 4 минут
Көрініс: (дарынды оқушылармен жұмыс)
Әмір Темір-Алдияров Жеңісбек
Баязит сұлтан-Нұрахметов Айбол
Автор-Досбергенова Гүлфия
Жауынгер-Абдрашитов Медеу
Автор:Ерте кезде Ақсақ Темір түрік әміршісі Баязитті жеңіп, оны тұтқынға алыпты. Сол Баязитті Ақсақ Темірдің алдын алып келсе, оның денесі бір жағына қарай қисайып кеткен екен. Оны көріп Ақсақ Темір қарқылдап, шегі қатқанша күледі екен.
Жауынгер: Дат тақсыр! Алып келдік,түріктің сілімтігін! Қандай бұйрығын бар айт!
Әмір Темір:
Алып келіңдер!-деп әмір береді.
(Осы кезде Әмір Темір күліп отырады,Баязитті жауынгерлер екі жақтан ұстап алып келеді,Баязит жұлқынып,кіріп келеді)
Сонда Баязит тұрып:- Ей, Темір, жақсылық та, жамандық та бір Құдайдың қолында. Бүгінгі менің басыма түскен іс ертең сенің басыңа келмесіне кім кепіл?! Қап бәлем тұра тұр, түсерсің меніңде қолыма,сонда алармын өшімді!– депті.
Әмір Темір:
Ей,Баязит, мен сенің басыңды бүгін алсам,сонда сен қай кезде меннен өшіңді алмақшысың!- Мен тағдырдың тұрақсыздығын сен айтпай-ақ білемін. Бақ пен даңқ жалғыз Жаратушыдан! Сенің қасіретіңе күліп тұрғаным жоқ, сені көріп маған мынандай бір ой келді, - дейді Ақсақ Темір. – Егер Алла Тағала сен және мен сияқты ақсақ пен қисыққа тақ пен тәж сыйлаған болса, онда Құдай үшін биліктің де ешқандай құны болмағаны-ау сірә!
-Алып кетіңдер мынаны,қамаңдар абақтыға! (Сахнадан шығып кетеді)
Автор: I-Байәзид  (1360-1402) пен Әмір Темір арасында орын алған 1402 жылғы Анкара шайқасында Әмір Темірге жеңілген соң тұтқынға түсіп бұғауланды. Байәзид тұтқында намыстанып өзіне қол жұмсап осы өмірден өткен екен.
Мұғалім: Жарайсыңдар балалар!
Мұғалім: Ал балалар,бұл оқушылар дайындаған көріністен не айтуға болады? «ой тұжырым»
Балалар,мен бүгінгі сабағымызды алдарыңда тұрған Әмір Темірдің мына сөзімен аяқтағым келіп отыр. «Әлем екі билеушіге жететіндей кең емес.Тәңір біреу болса, сұлтанда біреу болуы тиіс». Бұл сөзден не түсініп отырсындар?
V.Үй тапсырмасы: 2 минут1.Тақырыпты оқу2. Әмір Темір туралы деректер жинап келу.VI.Бағалау: 3 минутМұғалімнің бағалауыЖиынтық бағалау топ басшылары критерий бойынша бағалауыКері байланыс: «Тазалық» ойыны . Бүгінгі тақырып бойынша бұрын білген ақпараттарды чемоданға,алған керекті ақпараттарыңды қоқыс жәшігіне және ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса,еттартқышқа салыңдар.Оқушылар өз ойларын жазып,сабаққа қорытынды жасайды.
Оқушылармен көрініс
Нақыл сөз
Рефлексия