А?мола облысы Жар?айы? ауданы ?мірлік орта мектебі Т?рбие са?аты та?ырыбы: «Отбасы ?мір ?зегі» Дайында?ан мектепалды даярлы? тобыны? м??алімі: Сызды?ова Б.? Ма?саты : Бала т?рбиелеуде отбасылы? т?рбиені ны?айту. Отбасы бі
Ақмола облысы
Жарқайың ауданы
Өмірлік орта мектебі
Тәрбие сағаты
тақырыбы: «Отбасы өмір өзегі»
Дайындаған мектепалды даярлық тобының мұғалімі: Сыздықова Б.Қ
Мақсаты : Бала тәрбиелеуде отбасылық тәрбиені нығайту. Отбасы бірлігін, ынтымағын сақтауда ата-аналардың белсенділігін арттыру.
Көрнекілігі : тақырыбы жазылған плакат, нақыл сөздер, бояулар, фолга, субояқ, плакаттар.
Түрі : семинар сабақ
Жоспары :Кіріспе «Отбасы тәрбие бастауы»
«Өмір сызығы» тренингін ұйымдастыру
«Балаға мейірім сыйла» бейнекөрініс көрсету
Қуыршақ терапиясы бойынша өздерін таныстыру
Топтық жұмыс. Отбасы әнұраны және елтаңбасын бейнелеу
Сұрақтар
Ситуациялық жағдайлар / көрініс/
«Дүкен» ойыны
Қорытынды / жадынама үлестіру, менің түйгенім……. парақша толтыру
Барысы :Құрметті ата-аналар !Бүгінгі «Отбасы өмір өзегі» атты семинар сабаққа қош келдіңіздер.І. Кіріспе. «Отбасы тәрбие бастауы»
Отбасы – адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы. Әр отбасында ата-ананың орны бөлек. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке отбасының асыраушысы, қамқоршысы , тірегі деп білесің, ана отбасының ұйтқысы, жылуы, шуағы. Жақсы ана отбасына береке әкеліп, жанұясын бақытқа бөлейді.
Әке мен шеше – отбасында баланы әлеуметтендіретін басты тұлғалар.
Баланы тәрбиелеу үшін әркімнің өз тәжірибесі жетпейді. Басқа адамдардың тәжірибесімен танысу керек деген екен ұлы ақынымыз М.Жұмабаев. Махаббатсыз, мейірімсіз, бақытты, ақкөңіл адам тәрбиелеу мүмкін емес. Жапырақ тамырдан нәр алады. Баланы аман- сау өсіру ата-анаға міндет болса, оны жақсы адам етіп тәрбиелеу де үлкен парыз.
ІІ. «Өмір сызығы» тренингі
Мақсаты : Бір – бірінің қуанышын бөлісу
Шарты : Осы жылда болған қуанышты жағдайларды сурет арқылы жеткізу, әңгімелеу
ІІІ. «Балаға мейірім сыйла» бейнекөрініс көрсету
Бұл бейнекөріністен не сезіндіңіздер ?/ Ата-аналар ойларын түйіндейді/
ІY Арт терапиясы бойынша ата-аналар фолгадан қуыршақ жасап өздерін таныстырады:
Бұл қуыршақтың есімі……..
Отбасы туралы толық мәлімет……..
Ұстанымы ……….
1.Топтық жұмыс. Отбасы әнұраны және елтаңбасын бейнелеу / Топтар түсіндіріп қорғайды /
YІ. Топтарға сұрақтар үлестіріледі.
1.Ата-ананың бала алдындағы міндеті қандай ?
2.Сіз бала тәрбиесінде қандай қағидаларды ұстанасыз
3.Дені сау,тәрбиелі,өрелі бала өсіру үшін не қажет деп
білесіз ?
YІІ. Ситуациялық жағдаяттар. Топтар
ситуациялық жағдайдан шығу жолдарын көрініс арқылы көрсетеді.
YІІІ. «Дүкен ойыны»
Шарты : Ата-ана өзінің бойындағы жаман қасиеттерін қағазға жазып, қорапқа салады. Орнына жақсы қасиеттер жазылған парақшаны сатып алады.
ІХ. Қорытынды.
/ Жадынама үлестіру. Ашық айтсам …………. , Семинар сабақтан түйгенім ………., парақша толтыру/ ата-аналар!
Бүгінгі «Отбасы – өмір өзегі» семинар сабақтан тәрбиенің сан қырлы, әдіс- тәсілдері жөнінде хабардар болдыңыздар.
Осы автордың тағы да сабақтары бар:
1. Тақырыбы : «Адам ақылымен сымбатты, ұрпағымен қымбатты» (сайыс).2. Бөлімі : Көркем әдебиет Тақырыбы: «Тәуелсіз Қазақстан» Түрі : саяхат сабақ.
Қалалық семинарда өткізілген тренинг жоспары: Тақырыбы: «Жақсы көңіл – күй жан азығы»
Калмаганбетова Сауле Жумабековна №39 «Қызылөзек» орта мектебінің педагог-психологы.
Мақсаты: мұғалімдердің психикалық көңіл-күйлерін көтеру, шығармашылық қабілеттерін бағалай білу, өздеріне құрметпен қарау, ұжымда сыйластық қарым-қатынас орнату.
Құрметті әріптестер, бүгін сіздердің психикалық көңіл-күйлеріңізді көтеруге, өз бойларыңыздағы шығармашылық қабілеттеріңізді бағалай білуге, өз-өзіңізге құрметпен қарауға, бір-бірімізбен сыйластық қарым-қатынаста болуға арналған әуенді терапия сағатына ұйымшылдықпен қатысуға шақырамын.
Аутотренинг.
Дүниеде мұғалімдіктен құрметті мамандық жоқ. Бұл өте қиын, күрделі міндет. Нағыз мұғалім өзі оқытатын пәнді, соған байланысты ғылым саласын терең білуімен, сол білімін балаларға дұрыс жеткізумен көзге түсіп ерекшеленеді.
Оқушылардың интеллектуалдық дәрежесінің күннен күнге артуына байланысты мектепте жұмыс істеу барған сайын күрделеніп келеді. Қазіргі заман талабына сай білімді, интеллектуалды, ғылым мен техникадан, өнер мен саясаттан хабары бар, жан-жақты мінезге бай мұғалім жоғары бағаланады.
1-жаттығу: «Жылылық сыйлау»
Мақсаты: Әрбір қатысушының сол топтың бір мүшесі екендігін сезінуі, бір-біріне жылылық сыйлау.
Көршіңді оң жақтан құшақта,
Көршіңді сол жақтан құшақта,
Оң жақтағы көршіңе бір жымиып,
Сол жақтағы көршіңе бір жымиып
Бүгінгі тренинг барысы,
Біз- үлкен отбасы!
2-жаттығу. «Аялы алақан»
Мақсаты: жылылық, сенімділік деңгейін, еркіндікті дамыту.
Шеңбер бойымен отыру. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісінің қолынан ұстап, мына сөздерге жауап алуы тиіс.
Есіміз кім? Өзіңізді таныстыра кетіңіз? Сізге не ұнайды?
3.Тест «Ашуыңызды ірке білесіз бе?»
Бұл тест 20 сұрақтан тұрады. Әр сұрақтың 3 жауабының біреуін таңдау керек. Мұғалімнің бәрі бірдей емес. Әр мұғалімнің шыдамдылығы әр алуан.
1-жауапқа 1 ұпай, 2-жауапқа- 2 ұпай, 3-жауапқа-3 ұпай
1. Егер басшымен ұрысысып қалсаңыз, татуласуға жол іздейсіз бе?
1) Әрқашан; 2) Анда-санда; 3)Ешқашан;
Қиын жағдайда өзіңізді қалай ұстайсыз?
1) Ішімнен ашуланамын; 2) Өз-өзімді ұстаймын; 3)Өз-өзімді ұстай алмаймын;
3) Ұстаздар сізді қандай адам деп санайды?
1) Өзімшіл және қызғаншақ; 2) Мейірімді; 3) Салмақты және өз-өзіне сенімді;
4) Егер сізге жауапты жұмыс берілсе не деп жауап бересіз?
1) Сенімсіздікпен келісім беремін; 2) Ойланбай келісем; 3) Өзімнің тыныштығым үшін келіспеймін;
5) Егер сіздің рұқсатыңызсыз мұғалім үстеліңізден қағаз алса, сіз өзіңізді қалай ұстайсыз?
1) Қатты ұрсамын; 2) Орнына қойдырамын; 3) Тағы ештеңе керек жоқ па деп сұраймын;
6) Егер сіздің күйеуіңіз (әйеліңіз) жұмыстан кешігіп келсе оны қалай қарсы аласыз?
1) Сен неге кешіктің? 2) Кеше қайда қаңғыдың? 3) Мен енді уайымдай бастадым.
7) Сіз өзіңізді машинаның рөлінде қалай ұстайсыз?
1) Алдындағы машинаны қуып жатасыз; 2)Сізге бәрібір, қанша машина озады;
3) Машинаны қатты жылдамдығына салам.
8) Сіз өмірге қалай қарайсыз?
1) Орташа; 2) Жеңіл; 3) Қатты.
9. Егер жолыңыз болмаса сіз не істейсіз?
1) Жаланы басқа біреуден көремін; 2) Көнесіз; 3) Келесі жолы абай боласыз.
10. Жастардың өзінің бос уақытын дұрыс өткізбеуіне сіз қалай қарайсыз?
1) Оларға тыйым салу керек; 2)Оларды дұрыс ұйымдастыру керек (мәдениетті демалу) 3) Солармен біз неге әуреленеміз;
Егер сіздің жұмыс орныңызға басқа біреуді қойса, сіз қайтесіз?
1)Несіне босқа жүйке-жүйемді тоздырам; 2)Оның бет-әлпеті бастыққа ұнады;
3) Келесі ретте менің жолым болады;
Қорқынышты киноны қалай көресіз?
1) Қорқасыз; 2) Жалығасыз; 3) Жақсы көңіл бөлем;
Жолдың кедергісінен маңызды жиналысқа кешіксеңіз:
1) Жиналыста мазасызданып кетесіз; 2) Тіл табысуға тырысасыз; 3) Өкінесіз;
Спорттық жетістіктерге қалай қарайсыз?
1) Жеңуге тырысасыз; 2) Өзіңізді жас сезінесіз; 3) Жеңілсеңіз ашуланасыз;
15) Егер сізді мейрамханада дұрыс күтпесе:
1) Айғай-шу болмас үшін үндемейсіз; 2) Күтушіні шақырып сөгіс бересіз; 3) Арыз кітабымен директорға барасыз.
16)Сіздің балаңызды мектепте ренжітсе:
1) Мұғаліммен сөйлесем; 2) Ренжіткен баланың ата-анасына айқай шақырамын;
3) Балаға «өзің ақылмен шеш» деймін;
17) Сіз қандай адамсыз?
1) Орташа; 2) Өз-өзіме сенімді; 3) Өткір.
18) Егер мектеп есігінің алдында әріптеспен қақтығысып қалсаңыз, ол сізден кешірім сұраса сіз не дейсіз?
1) Оқасы жоқ; 2) Көзіңе қарамайсың ба; 3) Кешіріңіз мен кінәлімін.
19) Жастардың арасындағы бұзақылыққа қалай қарайсыз?
1) Қашан бұл жастарға тыйым салынады; 2)Жүрекке тиетін жаза беру керек; 3) Тек қана жастарды кінәламау, бұл жерде тәрбиешілер де кінәлі.
20) Егер бұл дүниеге аң болып келсеңіз, қай аңды тандайтын едіңіз?
1) Жолбарыс; 2) Үй мысығы; 3) Аю.
Жауабы: 36-44 ұпай алса, мұғалім өз-өзіне сенімді, шыншыл, өмірде өз жолын таңдай білген, агрессиясы орташа адам.
45-тен жоғары ұпай алса, ол өте ашушаң, басқа адамдарға қатал қарайтын, өз-өзін ұстай алмайтын адам. Жеңіске жету үшін, биікке көтерілу үшін, ол жанұясын, қоршаған ұжымын құрбандыққа шалуы мүмкін.
35-ұпайдан төмен алған мұғалім өте мейірімді, өз-өзіне толық сенбейтін адам, оған өмірде кішкене батылдық сенімдік қажет.
Ұпай есептеп қорытындылау.
4-жаттығу. «Ашулы шарлар»
Шарты: 8-10 қатысушы ортаға шығып, бір-бір шарды үрлеп, оларды үрлеп, оларды байлау сұралады.
Қатысушыларға түсіндіру керек.Шарлар адамның денесін бейнелейтінін, ал оның ішіндегі ауа-адам сезімі. Қатсыушылар қолдарындағы шарды аяқтарымен жаруы керек.
-Шарды жарғанда қандай сезімде болдыңыздар? Ашуды осылай шығару дұрыс жол ма? Ондай ашудан кейін қандай сезімде боласыздар?
-Бұлай қатты жарылған шар агрессияны білдіреді. Ол қауіпті.
-Енді қатысушылар келесі шарларды үрлейді, оны байламай ұстап тұрады. Бұл шарлар ашу толы сезімді білдіреді, ал енді жайлап қана жарты ауасын шығарайық. Шар кішірейді. Бірақ жарылмады. Бұл нені білдіреді? Егер біз ашуымызды бақылап шығарсақ, ол ешкімге зақым келтірмейді.
-Енді қатысушылар шардағы ауаны толығымен сыртқа шығарады. Бұл дегеніміз ашудың қауіпсіз жолын табу – ол әр адамның өз қолында екеніндігін тұжырымдау.
5-жаттығу: «Көңіліңді көтере біл»
Ойыншыларға орындықта отырып билеуді ұсыну:
А) тек аяқпен
Ә) тек қолмен
Б) тек баспен
В) тек кеудемен
Қорытынды:
«Бақыт деген не?» деген сауалдың «Бақыт деген таңертең жұмысқа, кешкісін үйге асығу» деген жауабын естіген шығарсыз. Расында да, сүйікті жұмысымызға, қызметтестерімізге ақ көңілімізбен асығып жетсек, жұмыстан жылы ұямыздың шуағына кенелу үшін асыққанымыз, көнілімдің тыныштығын білдерімей ме?
-Тренингке қатысқандарыңызға рахмет! Сау болыңыздар!
Мектепалды даярлық топтарында ойын арқылы оқыту
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті
-оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық
ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту
міндеттерін қойды.
Технология грек сөзінен яғни өнерпаздық, шеберлік,іскерлік деген ұғымды білдіреді.
Инновациялық білім беру деп – тұлғаның жаңа технологиялық мағлұматтарды игеруін айтады.
Оқытудың жаңа технологияларын былай топтастыруға болады:
1.Ізгілікті тұлғалық технологиясы.
2.Ойын арқылы оқыту технологиясы.
3.Проблемалық оқыту технологиясы.
4.Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы.
5.Бағдарлап оқыту технологиясы.
6.Топтық және ұжымдық оқыту технологиясы.
7.Дамыта оқыту технологиясы.
8.Өзіндік дамытутехнологиясы.
9.Ақпараттық технологиясы т.б.
Оқыту технологиясы – әдістер мен құралдардың жиынтығы.
Жаңа технологияның педагогикалық негізгі қағидалары: .Балаға ізгілік тұрғысынан қарау .Оқыту мен тәрбиенің бірлігі. .Балалардың танымдық күшін қалыптастыружәне дамыту. .Балаға өз бетімен әрекеттенуәдістерін меңгерту. .Баланың танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту.
Менмектепалды даярлық сыныбында жұмыс істегендіктен өз іс- тәжірибемде пайдаланылатын
Жаңа технологиядан балалардың жас ерекшелегіне сай ойын арқылы оқыту технологиясын
алдыңғы қатарға қоямын.
Ойын арқылы оқыту технологиясы- оқу тәрбие міндеттерін шешуге бағытталған әр түрлі ойындарды қамтитын, дидактикалық жүйелер. Ойын баланың шығармашылық қабілетіноятып, танымдық қасиеттерін дамытады.
Ойын арқылы оқыту технологиясы арқылы қиын тақырыптарды да, балалардың санасына
қиындық түсірмей жеңіл қабылдатуол мұғалімнің кәсіби шеберлігінебайланысты.
Ойын түрлері өте көп: ойын –сабақ, ойын-жаттығу,сергіту ойындары, логикалық ойын-есептер,
сөздік ойындар, дидактикалық мақсаттағы ойындар т.б. ойындар оқушыны жан-жақты
дамытып білімдітез игеруіне көмектеседі.
Математика сабағымда «Санауға көмектес», «Кім зейінді», «Сиқырлы шарлар», «Қате есепті тап»,
«Қай сан қате жазылған», «Аңдар, үй жануарлары қонақта» т.б. ойындар
«Сиқырлы шарлар» ойыны.
Жауабын балалар жіптің ұшына жазады.
«Шашылған сандар» ойыны.
1 4
10 6 3
7 5 9
8 2
Балалар цифраларды тура және кері тез атап санап шығады.
«Сана да, жаз, салыстыр» ойыны
Есте сақтау қабілетін дамытуға арналған ойындар
Төрт құбылыс
Балалар шеңбермен тұрады. Жүргізуші «су» – десе қолдарын алдына созады, «ауа» десе жоғары көтереді, «от» дегенде екі қолын айналдырады, «жер» дегенде қолдарын түсіреді. Кім шатасса ойыннан шығарылады.
Көңілді шеңбер
Балалар шеңбер жасап отырады. Бір-біріне мұқият қарайды. Жүргізуші белгі бергенде балалар көздерін жұмады. Сол кезде жүргізуші отырған балаларға әр түрлі заттарды қыстырып қояды (гүл, орамал, көзілдірік т.с.с.). Балалар көздерін ашқанда не өзгерді? – деп сұрайды. Ең зейінді балаға сыйлық беруге болады.
Орныңды тап
Балалар шеңберге тұрады. Әр бала өзінің жанындағы баланы есінде сақтап, қарап алуы керек. Жүргізушінің бірінші белгісі бойынша, бөлменің жан-жағына тарап кетеді (белгі: шапалақтау, барабанмен беріледі). Екінші белгі бойынша шеңберге бастапқыда қай орында, кімнің қасында тұрғанын есінде сақтап, қайта шеңбер түзеді. өз орынын таппаған балалар ойыннан шығарылады.
Ойыншықты сипатта
Жүргізуші балаларға қолындағы ойыншықты мұқият қарап алуға ұсынады (1 минут). Алынатын ойыншықтар түрлі-түсті және бөліктері бірнешеу болуы шарт. Ойыншықты жасырып, балалардан сол ойыншықты көргендегі түр-түсі, көлемі, пішіні, дене бөліктерін есінде сақтағанын сипаттап беруді талап етеді. Ойыншықты дәл, нақты сипаттап берген бала ойынды әрі қарай жалғастырады.
Сөзді есіңде сақта
Жүргізуші балаларға 7 қосарлы сөздерді оқиды. Балаларға мұқият тыңдау ұсынылады. Бірінші сөзді жүргізуші айтады, балалар келесі сөзді есінде сақтап қайталайды. Осылайша қалған сөздерді түгел айтып шығу керек.