Саба? 4-сынып Таби?атта?ы су айналымы


Сабақ тақырыбы: Табиғаттағы су айналымы
Мақсаты: Су туралы білімдерін кеңейту
Міндеттері:
Табиғаттағы су айналымы туралы түсініктері ғылыми тұрғыда қалыптасады;
Судың маңыздылығына, ерекшеліктеріне көз жеткізеді;
Тұщы суды үнемдеу қажеттілігін түсінеді.
Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу
Оқушылар алдын-ала дайындалған қима қағаздағы суреттер арқылы 4 топқа бөлінеді. (1-топ. Күн, 2-топ. Бұлт, 3-топ. Жаңбыр, 4-топ. Бу)
Топ басшыларына бағалау парақшасын беріледі.
І. Қызығушылықты ояту. БИО поэма жазу.Топ атауларының ерекшелігін сипаттап био поэма жазу ұсынылады. (5 мин.)
1-топ. Күн, 2-топ. Бұлт, 3-топ. Жаңбыр. 4-топ. Бу.
Өз топтарыңның аты.
Топтарыңды сипаттайтын сын есім.
Бастан кешкен маңызды оқиға.
Айналысатын ортақ істерің.
Неден қорқасыңдар?
Ең басты армандарың.
Өздеріңді немен бейнелейсіңдер? (табиғат құбылыстары)
Бүгін осы жерде не үшін отырсыңдар?
Жазғандарын топ басшысы шығып қорғайды.
ІІ. Миға шабуыл. Видеожазба тамашалау ұсынылады. (5 мин.)
Бұл бейнежазба туралы не айтуға болады?
Бейнежазбаны талқылап ойларын ортаға салу.( Әр топтан бір оқушыдан)
Бүгінгі сабақ не туралы деп ойлайсыңдар? ( Табиғаттағы су айналымы)
Сабақтың мақсатымен таныстырып, осы тақырып бойынша кең мағлұмат алатындары айтылады.
ІІІ. Оқулықтың 56-бетіндегі «Табиғаттағы су айналымы» тақырыбын оқу ұсынылады. Оқып болған соң әр топқа тапсырмалар беріледі. Постер қорғау.
1-топ. Күн тобына. Топтастыру
су

2-топ. Бұлт тобы. Бұлттың пайда болуы...
3-топ. Тәжірибені түсіндіру. (Будың суға айналуы)
4-топ. Табиғаттағы су айналымының сызбасын жасап қорғау.
Тапсырмаларға 10 мин. уақыт беріледі. Постерлерін кезекпен қорғайды.
ІҮ. Білімдерін толықтыру. Слайд көрсетіп, тақырыпқа байланысты қосымша мәліметтер беру.
Ү. Ойтолғау. Әр топ өз атауларына 5 жолды өлең құрастыру.
1 зат есім.
2 сын есім.
3 етістік
1 сөйлем
1 синоним
Қорытынды. Әр топтың көшбасшысы топ мүшелерін бағалайды.
Кері байланыс: Бүгінгі сабақтан не алдым? Стикер таратылып «Екі жұлдыз, бір тілек» жазу.
Үйге: Су біздің үйімізге қалай, не арқылы келеді? Зерттеу жүргізіп, материал жинау.

-314325219075
БИО поэма, жазып қорғау сәті.

Бейне жазбаны көріп ой бөлісу.
Әр топ өздеріне берілген тапсырма бойынша жұмыс жасауда.