Ашы? саба? д?ниетану Та?ырыбы:Су.Таби?атта?ы су айналымы (4 сынып)


Күні: 15.11.16 ж
Сыныбы: 4 В
Мұғалім: Бекзат А.
Пәні: Дүниетану
І.Сабақтың тақырыбы: Су.Табиғаттағы су айналымы.
ІІ.Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Табиғаттағы су айналымы туралы түсінік қалыптастыру;
2.Дамытушылық: Судың қасиеттерін еске түсіре отырып, тәжірибелер арқылы табиғаттағы су айналымын туралы білімдерін қалыптастыру, дамыту;
3.Тәрбиелік: Су, оның адам өміріндегі маңызы, оны қорғауға баулу.
ІІІ.Сабақтың түрі: аралас сабақ
ІV.Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ-жауап,
V.Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан картасы, ребус,кестелер, бейнеролик, слайд
VІ.Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:
-Сәлеметсіздерме, оқушылар.
-психологиялық ахуал:
Жер-Ананың
Қазбасы мен сыры бар.
Балығы бар,
Арыстаны,гүлі бар.
Бәрі-бәрі
Өз алдында бір әлем,
Әр әлемнің патшалығы,тілі бар.
-Топқа бөлу:
Балалар, барлықтарың ортаға шығыңдар. Мен қазір сендерге парақтар таратып беремін, онда әртүрлі суреттер белгіленген. Музыка қойылған кезде барлықтарың билей отырып, қолдарыңдағы қағаздарды ауыстырып отырасыңдар, музыка тоқтағанда кімде қандай сурет болса, сол топқа барып отырады.
Топтың ережесін таныстыру.
(Әр топқа бағалау парағы таратылады,  жақсы қатысып отырған топқа жұлдызша беріледі.)
1-топ: Күн
2-топ: Бұлт
3-топ: Жаңбыр
-Жарайсыңдар, балалалар!
Жер-ананың қазбасы демекші, үйге қандай қазба-байлық туралы тапсырма берілді? (оқушылардың жауабы)
-38-41 бет, Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар, оқу, мазмұндау;
2.Үй тапсырмасын тексеру:
Қазір біз "Балықшы"ойыны арқылы үй тапсырмасын тексереміз. Аквариумнен балық аулаймыз.Ол үшін балықтың тапсырмасын орындауымыз керек.
1-балық: Қазақстан Республикасы пайдалы қазбаларға бай. Енді сұрақ неліктен пайдалы қазба деп аталған?
(Пайдалы дейтін себебі-адамға пайдасы тиеді, қазба дейтіні-жер қойнауынан қазып алынады.)
2-балық: Фосфорит қандай кен орнында өндіріледі? (Қаратау)
3-сабақ: Неліктен кенге жатпайтын пайдалы қазбалар деп аталған?
(Оларды табиғатта кездескен қалпында пайдалана береді)
4-балық: Кенге жатпайтын талшықты минерал асбест. Оның картадағы белгісі қандай?(+)
5-балық: Пайдалы қазбалар нешеге бөлінеді, атап көрсет.
(Жанғыш, кенді, кенге жатпайтындар)
-Жарайсыңдар, балалар! Балалар, біз балықтарды жәй аулған жоқпыз, оның да бір себебі бар.
Жаңа сабақ
1.Мұғалімнің кіріспе сөзі:
-Балықтар қайда өмір сүреді? (Суда)
-Суды біз қай жерлерде қолданамыз? (күнделікті тұрмыста, егін суару,мал суару т.б )
Дұрыс айтасыңдар, барлық жер бетіндегі тіршілік судан тұрады.Адам баласының өзі 80% пайызы судан құралған.
-Жер шары дегеніміз не?
-Ол біздің жер шарының кішірейтіліп көрсетілген моделі.
Жер шары арқылы біз қай жерде су, тау,жазықтық жерлерді көреміз.
Жер шарының 4/3 бөлігін су алады екен.
35236154318001-тапсырма:Су күйлерін еске түсіру үшін алдымен ребус шешу.
1. сүт, үй,мысық -Сұйық
176162856543124255935
,, ,,,

23018751987552. маймыл, тұз- мұз
,,,,, ,
3383694610433. гүл, қаз- газ
,, ,
2-тапсырма: Судың қасиеттерін еске түсіру.(Интрабелсенді тақта арқылы оқушыларға жазғызу)

«Су туралы таңғажайып деректер»
1. Су жердің 3/4 бөлігін су алып жатыр екен.
2.Мұхиттар бүкіл жердің 97 % суын құрайды және үшеуі бірігіп (Тынық, Атлант, Үнді) 350 млн шаршы км аумақты алып жатыр
3.Салмағы 70кг адамның денесінде 50кг су бар. Оның мөлшері 17кг-ға кемісе адам өледі. Сусыз адам 1 апта ғана шыдайды.
3.Өсімдіктің құрамында да су бар. Оған су құймасақ өліп қалады.
«Су туралы статистика»
1.Дүние жүзіндегі ең үлкен мұхит – Тынық мұхиты. Жердегі судың жартысына жуығын құрайды. (Тынық мұхиттың слайды)
2.Әлемдегі ең үлкен көл – Каспий теңізі (Азия) 371,000км2
3.Қазақстандағы қорықты көл – Марқакөл.
3-тапсырма:
«Түсіндір, көрсет, дәлелде»
1. Әр оқушы жеке табиғаттағы су айналымын құрастырып жазады.
2. Топқа парақшалар беріледі, топпен талқыланады.
Табиғаттағы су айналымы тізбегін құрады.
Бұлт    жаңбыр     жылға   өзен  теңіз  булану
(Әр топтан бір бала тақтаға шығып, құрастырған тірек – сызба бойынша ойларын қорытындылап, түсіндіреді)
115708-219627 
-Жарайсыңдар, ендеше табиғаттағы су айналымы жайлы бейнероликке назар аударыңдар.
(Табиғаттағы су айналымы туралы бейнеролик қойылады)
Оқулықпен жұмыс:
-Мәтінді түсініп оқу;
1-топ: 1-2 абзац оқу;
2-топ: 3-4 абзац оқу;
3-топ: 5-6 абзац оқу;
-Түсінгендерін сұрау;
Сергіту сәті:
Тамшы болып тамайық
Арықпен бірге ағайық.
Көлшік болып жиналып,
Күнге қолды бұлғайық.
Күн көзімен құрғайық,
Орнымызды табайық.
Шығармашылық жұмыс:
1-топ: Су туралы мақал-мәтел жазу
2-топ: Су туралы өлең шығару
3-топ: Су туралы жұмбақ жазу
Табиғатта өтетін осы ғажайып процесті біз тәжірибе өткізіп байқап көреуге болады. 43-беттегі зертханалық жұмысты орындаймыз. 
Сабақты бекіту: (интрабелсенді тақтамен жұмыс)
Географиялық картамен жұмыс
Қазақстандағы ең ірі көлдерді жаз.
Рефлекция:
- Су туралы не жаңалық білдіңдер ?
- Табиғаттағы су айналымы дегеніміз не ?Кері байланыс:
Алдарыңда жатқан жаңбыр тамшыларын тақтадағы бұлттарға әкеліп жабыстырамыз.
3510915100965-162587100965толық түсіндім; түсінбедім; сұрақтарым бар.
18408103406
Үйге тапсырма:
Тәжірибе жасау, «Табиғаттағы су айналымы» деген әңгіме құрастыр
Бағалау:
Оқушыларды бағалау;