Т?рбие са?аты Та?ырыбы: БАСТАУЫШЫМ БАЛБ?ЛА?ЫМ


БАСТАУЫШЫМ БАЛБҰЛАҒЫМ
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Қош келіпсіздер, құрметті ата-аналар, қымбатты әріптестер, қадірлі қонақтар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн, оның ерекшелігі сол – 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіпкішкентай балғындар еді. Енді, міне, бойлары да, ойлары да өсіп, бастауыш білім сатысынан орта буынға ұшқалы отыр.
Бесіктегі баланың, күлгенін көрген бірмұрат.
Алдына түсіп ананың, жүргенін көрген бір мұрат, -
дегендей, бұл да бір қуанышты күн.
Мұғалімнің сөзі: Армандасаң да, қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып бір жылға тағы да есейгелі отыр. Ендеше қызықты да, ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата-аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын.
Ендеше осы шәкірттерімізді  ортаға шақырайық.
 Мұғалім:    Той бүгін -кең сарайда шалқып тасқан
                      Той бүгін- жұрт жиналып шашу шашқан,
                      Той бүгін- шат өмірді күйге бөлеп,
                      Би билеп, асқақтатып әнге қосқан.
                      Бұл тойда жан табылмас тасымаған,
                     Ақ сәуле әрбір тұстан шашыраған,
                     Жұпарлы гүлге оранған осы тойдың
                     Иелері- Аяулы шәкірттерім- ұл-қыздарым!
1-оқушы: Армысыздар, ұстаздармен оқушылар, ата-аналар мен ақ жаулықты апалар!
2-оқушы: Бүгінгі «Бастауышым балбұлағым» ертеңгілігіне қош келіпсіздер. Әр жанұяға береке, бірлік, табыс тілей отырып тойымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
1-оқушы:                Армысыздар, мұғалімдер - әз жандарБілім іздеп инемен құдық қазғандар.
Құшақ жая қарсы аламыз сіздердіБи билеп, ән де бүгін шырқалар.
 
2-оқушы:             Қош келдіңіздер ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамарАлдарыңда жауқазындай құлпырған
Біз алаңсыз балғын шақты балдырған.
        3-оқушы:             Қоштасу тойын бастайық,
Ән мен биге басайық.
Өнерімізді көрсетіп,
Құрметіне бұл тойдың.
Ән мен шашу шашайық.
Ән:
4-оқушы:             Жиналыппыз сәтті күні бәріміз де,
Үлкен, кіші жасымыз, кәріміз де.
Төрлетіңіз қадірменді конақтар,
Гүл-гүл жайнап, бүгінгі сәніңізбен.
Шаттанамын мен бүгін шаттанамын,
Ғылым сырын түсіндім, мақтанамын.
Осы сырды үйреткен бастауышым,
Түстей болып, міне бүгін артта қалдың.
5-оқушы:             Білімнің қайнар бұлағы.
Өнердің жарық шырағы.
Тұрағы өзің, мектебім.
Мектебімде шырқалмаған жыр бар ма?
Мектебімде айтылмаған сыр бар ма?
Мектебімде алаулаған жас жалын.
Кетер мәңгі сөнбей талай жылдарға.
6-оқушы:             Өтті оқу, сан сабақ,
Бүгін үлкен салтанат.
Оқулықпен достасып,
Бастауышпен қоштаспақ
7-оқушы:             Қош бол, құтты Бастауыш!
Алғыстарым көп менің.
Ақыл - білім, тәрбиең,
Ой-санама еккенің.
8-оқушы:             Есігіңді ашқан балаңа,
Құшақ жайдың мектебім сен қуана.
Сол бір сәтті мәңгі ұмыта алам ба,
Сенен артық дүниені таба алам ба?
Мектебім – мәңгі бапкерімҚарызбыз саған бәріміз
Өзіңе деген парызды,
Ақтаймыз талай әлі біз.
9-оқушы:             Білім деген байлық бар,
Еш байлық оған жетпейді.
Жасыңда оқып, жиып ал.
Тепкілесең кетпейді.
Өртіңе де күймейді,
Ұрылар да тимейдіЖатып ішер жамбастап,
Жалқауды ол сүймейді
Мұғалім:              Айдында аққудай сылаңдаған
Біреулер күй, біреулер жыр арнаған
                                 Шықсын енді ортаға биші қыздар
Тал шыбықтай иіліп мың бұралған.
Би:
Мұғалім:
Ұстаз еңбегі - ұлы еңбек.
Сондықтан да ұлы ақын Абайдың:
Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегің кетпес далаға
Ұстаздық еткен жалықпас
Үйретуден балаға, - деп айтуында терең ой жатыр.
  Олай болса, келесі бөліміміз: «Ұстаз ұлағаты» деп аталады.Көрініс:____________________________________________________
10-оқушы:           Әріптерді үйретіп,
Жақын болған кім бізге?
Жамандықтан жиреніп,
Ақын болған кім бізге?
Десек, ол жан - мұғалім
Қапастағы елдердің
Мұңын айтқан кім бізге?
Көрікті сан жерлердің,
Сырын айтқан кім бізге?
Рахмет, саған мұғалім!
11-оқушы:           Отанның ұланын,
Баулыған мұғалім.
Өзіңсің ағытқан,
Білімнің бұлағын.
Мен сенің көктемің
Нұрыңмен көктедім.
Сол үшін өзіңе,
Алғысым көп менің!
12-оқушы:           Анамдай сүйем мен,
                              Шеберін ғылымның.
Ұстаздан үйренем,
Өнерін білімнің,
Үйретіп іс сазын,
Мың жаса ұстазым!
13-оқушы:           Сүйікті мұғалім,
                              Бес алсам ұнадым,
Екі алсам сынадың,
Алдыңда әрқашан,
Бас иіп тұрамын,
Сүйікті мұғалім!
 
Ән:
 
Би:      
 
Мұғалім: Шексіз алғысымызды айта отырып, жеке құндылықтарыңызды бағалай әр-түрлі номинацияларда Сіздерді медальдармен марапаттаймыз.
 «Ең сүйкімді де сүйікті» номинациясымен мектеп директоры марапатталады.
14-оқушы:              Кемшілікті кезіндеКесіп айтар өзіңе
Өнеге мол өзінде
Өсиет көп сөзінде
Көңілінің хошын –ай,
Көп шәкірттің досындайАқ ниетті кең пейіл,
Біздің бастық осындай!
 
      Мұғалім: «Қамқор және мейірімді» номинациясымен оқу ісінің меңгерушісі марапатталады.
 
       15-оқушы:     Қасымызда қашанда
                                Қамқор болып жүреді
                                Ақ ниетті кең пейіл,
                               Жанна апай осындай.
 
Мұғалім: «Күміс көмей» номинациясымен ән-күй пәнінің мұғалімімарапатталады.
 
16-оқушы:           Әдемі ғой ән сабағы мектептің,
                              Жүректерге әсемдікті сепкен кім?
                              Жанат апай, бас иеміз сізге де,
                              Ән мен сазды талмай бізге үйреткен.
 
Мұғалім: «Ұйымшылдығы үшін» номинациясымен тәрбие ісінің меңгерушісі марапатталады.
 
1-оқушы:              Анамдай мейірімді құшақ ашып,
Тұрасыз Бақыт апай амандасып.
Әр уақыт жылы сөзің шабыт беріп,
Барамын болашаққа қадам басып.
МҰҒАЛІМ: «Ардақты ұстаз» номинациясымен алғашқы ұстазы марапатталады.
2-оқушы:             Білімнің байыбына барып терең,
Зауре апай бастап еді әліппеден.
Жаны асыл ұстазымызға мың бір алғыс,
                                 Бастаған тәрбиесін алып келем.
 
Мұғалім: «Инабатты» номинациясымен Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі марапатталады.
 3-оқушы:              Гүлзада апайға біз сендік,
                                 Шетел тілін үйрендік
                                 Ағылшынша жазып та ,
                                  Біз сөйлеуді үйрендік. 
 
Мұғалім: «Самая справедливая и обаятельная» номинациясымен орыс тілі пәнінің мұғалімі марапатталады.                         
4-оқушы:              Читать и писать на руском    Нас научила она
    Это наша царица
   Надежда Михайловна 
Мұғалім: «Тәні саудың, дені сау» номинациясымен дене шынықтыру пәнінің мұғалімі марапатталады.
5-оқушы:             Спорттан талай шәкірт даярлады,
                              Шәкіртіне бәрін берді, аямады,
                              Әзілі бірге жүрер өзімен
                              Бауыржан ағай қашып кетсек аямады.
Мұғалім: «Қадірлі емші» номинациясымен мектеп медбикесімарапатталады.
6-оқушы:             Адамға деген мейірімнің өзінен
                              Бойыңыздан толған жылылық лебін сезінем.
                              Ақ халатты, абзал жан Гүлжан апай,
Мың алғыс жолдап сізге тоқтамай
Қашанда шәкірт жанын ұға алады,
Көңілден әр уақытта шыға алады.
Гүлжан апай, ризамыз өзіңізге,
Сәлеміміз сізге алыстан құралады.
Мұғалім: «Смак» номинациясымен біздің құрметті аспазшылар                      марапатталады.
1-жүргізуші: «Шөлдеген адамға бір жұтым су берген адам жұмаққа барады» деген сөз бар. Мұғалім жеткіншек ұрпаққа берген мол білімі, тәлім-тәрбиесі, үлкен жүрегі, мейірімі, уыстап жұтқызған өмір шербеті - тіршілік зәмзәмі.
2-жүргізуші: Құрметті ұстаздар! Біздің бойымызға сіңірген ерен еңбектеріңізге оқушылар атынан мық бір алғысымызды білдіреміз.
Ән:
 
Мұғалім: Ал енді 4 «А» сынып түлектерінің орындауында «Қоштасу» вальсін тамашалаңыздар.
 8- оқушы:
Қоңырау үні күмбір қағып, тынады үндер
Зымырап өтер-кетер бала күндер.
Тұрады шәкірттерін шығарып сап,
Көз жасын жасыра алмай мұғалімдер.
9- оқушы:
 
Бастауышым - балбұлағым,
Лаулап жансың шам-шырағың.
Өзің берген біліміңмен.
Самғап ұшты тау қыраның.
 
10-оқушы:  Өтті сенде қызық шағым.
Бастауышым - балбұлағым.
Қоштасар күн жетті міне,
Қимастықпен қол бұлғаймыз!
Қош бол, қош бол,                                 бәрі
Сүйікті бастауышым!
 
Ән:
Мұғалім :     Бүгінгі кеш әр үйдің той басы деп саналар,
                       Балалардың есімі әулеттерге таралар                       Ырым етіп сондықтан ертеңгілік соңында,
                       Ақ тілекпен баршаға тілек айтар қонақтар- деп ,  келесі келесі сөзді қонақтарымызға берейік.
 
 
 
 
 
 
 
Ата-аналарға , оқушыларға марапат қағаздарын тапсыру.
Мұғалім:
Осымен «Бастауышым - балбұлағым» атты кешіміз аяқталды. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін шексіз алғысымызды білдіреміз.