Бастауышым – бал-б?ла?ым! (4 сынып)
Қарағанды қаласы
№ 6 жалпы білім беретін орта мектебі
Тәжит Манат Жанатқызы
Тақырыбы:Бастауышым – бал-бұлағым
Мақсаты: оқушыларға бағыт бағдар бере отырып, өздіктерінен жұмыс істеу, ой - өрісін дамыту, іскерлік дағдыларын қалыптастыру, өз ойын әдеби тілмен өрнектеуге машықтандыру. Үлкенді сыйлауға және кішіге құрмет көрсетуге тәрбиелеу.1-ж: Ассалаумағаллейкум әкелер мен ағалар!
2-ж:Армысыздар, құрметті ата – аналар, ұстаздар және қонақтар.
3-ж:Тамырын тереңге жайған, тағлымы мен тәрбиенің алтын бесігі білім мен ғылымның ақордасы, Тәуелсіз Қазақстанның білімді де білікті ұрпағын тәрбиелеуге жол бастаған.
1-ж: № 6 Жалпы білім беретін орта мектепкеБірге: қош келдіңіздер!
2-ж: 4 Асынып оқушыларының Бастауышым – балбұлағым атты ертеңгілікті бастауға
Бірге: рұхсат етіңіздер!
3-ж: Білім негізін қалаған бастауыш сыныбымызбенБірге: қоштасқалы отырмыз.
Елдос:Мектеп неткен бақытқа толы бүгін,
Жарқын сәтпен қоштасу тіпті қиын.
Бастауыштың соңғы әнін шырқап бүгін,
Бастауыштың билейміз соңғы биін.
Жансая:Құрметті ағайын, «Ұстаз бақыты - озып туған шәкірті» дей отырып, болашақта аттарыңызды әлемге паш ететін талантты да білімді тұлғаларды қарсы алайық. ( оқушыларды тақпақ арқылы таныстыру).
1 ж.Дұрыс айтасың, Жансая! Бұл мектептен қаншама адам тәлім алған десеңші.Менің атам да, әжем де,әкем де, анам да, енді мен де мектептен тәлім алудамын.
2ж. Жансая : Олай болса, Елдос алтын ұя мектебімізге арнап «Мектебім» әнін шырқайық!
3 ж. Иә, мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ән: Мектебім.
Көрініс: Жалқаубек пен Білімбек. (Елдос пен Нұрсұлтан)
Ән: «Жалқаубек»
1 ж: Біз бүгін білім нәрімен сусындатып, ілімнің іргетасын қалаған бастауыш сыныппен қоштасқалы отырмыз. Сондай-ақ, біздің ыстығымызға күйіп, суығымызға тоңа білген ұстазымызбен қоштасқалы отырмыз.
2 ж: әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей оқуға, жазуға үйреткен өз аузына қаратқан, ұстаз ойын ұғамыз.
Үш би (Елдос, Мадияр, Ерасыл)
Абайдың қара сөздері: Жұлдыз.
КВН. «Есеп». (Таамир, Әйгерім).Баласы: Әке, кешегі шығарып берген есебіңіз түп - түгел қате екен.Әкесі: Не дейді? Мүмкін емес!Баласы: Ашуланбай - ақ қойыңыз, өзге балалардың әкелері де сол есепті шығара алмапты.
«Ең қиын сұрақ» (Дамира, Кәрім)Баласы: Мама, мен бүгін бүкіл сынып оқушылары жауап бере алмаған сұраққа жауап бердім.Анасы:Өте жақсы балам, ол қандай сұрақ?Баласы:Сынып бөлмесінің терезесін кім сындырды деген сұраққа…«Емтихан» (Балнұр, Жансая)Әкесі: Балам, кешегі емтиханды қалай тапсырдың?Баласы: Жақсы тапсыған шығармын. Өйткені мұғалім жазда тағы келесің деді ғой.Әкесі: Жарайсың балам, өзіме ұқсаған екенсің.Жансая :Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға , жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім – мектептіңжүрегі» - деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.
Дамира: Дұрыс айтасың Жансая, ғылым иесі ғалым да , ел қорғаған батыр да , тілінен бал тамған ақын да , тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі- бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған.
Елдос: Иә ,бұл туралы батыр Бауыржан атамыз: «Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді»деген екен. Олай болса, келесі жырларымызды ұстаздарымызға арнаймыз!
Мадияр: Шәкіртіңнің жүрегіне дем бересің,
Екінші анам болып сен келесің.
Мейірім шуағынды күндей шашып,
Барлығына шәкіртіңнің дән себесің.
Балнұр:Ұрпағы, ұландары текті жердің,
Қашанда болмысына сүйсінесің.
Келешек ғалымдар да, даналар да,
Шығады өздерінен деп білеміз.Арсен: Бастауышым- бал бұлағым ,
Алдым сеннен балдың дәмін.
Әріп танып, білім алып
Рахметімді жаудырамын.
Данияр: Бастауышым- балбұлағым
Лаулап жанған шам шырағым.
Өзің берген біліміңмен,
Самғап ұшар тау қыраның.
Дайана: Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,
Алтын ұя, ақ босаға киелі.
Қанат қаққан білім алып өзіңнен,
Күллі шәкірт басын саған иеді.
Камила: Шәкірттердің тыңдап жауап сұрағын,
Жас санаға төгіп білім шуағын.
Хат танытып, жол сілтеген өмірге,
Барша жанға құрметті жан- мұғалім.
Мерей: Үйретіп бізге алғаш әліппені,
Ұстазым ғылымға жол салып берді.
Адамның ой – арманы, мақсаттары,
Оқудың сәулесімен жарық көрді.
Көрініс: Пәндер айысы
Айтыс (Айнұр мен Аида)
Елдос:Біздер бастауыш сыныпта жоғары сыныптарда өтілетін барлық пәндерге негіз болатын ана тілі, математика,дүниетану, орыс тілі пәндерін зер салып оқып үйрендік.
Жансая: Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата- анамыз. Қатарымыздың теңі болып, тамағымыз тоқ, көйлегіміздің көк болып жүруі де сол кісілердің арқасы.
Дамира:Ыстық- ау кім- кімге де әке деген,
Суыққа шалындырмай, мәпелеген.
Өмірдің соқпағымен өрге тартып,
Алдымен адам бол деп жетелеген- дегендей әкенің орны бөлек - ау.
Айтыс (Айнұр мен Аида)
Би: Дайана
Күй: Әйгерім мен Арсен
Би: Жұлдыз, Айнұр, Мөлдір.
Елдос:Мектеп – үйім, ұстаздарым – ата–анам,
Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам.
Саяң ыстық сен мәуелі бәйтерек,
Тамырланып сан тарапқа тараған.
Жансая:Тез үйрендік әділменен адамдықты
Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам.
Жалғастырар ақ жолын әділеттің,
Бар деп ұққын әрқашан балам мықты.
Дамира: Өтті сенде қызық шағым,
Бастауышым - бал бұлағым.
Қоштасар күн жетті міне,
Қимастықпен қол бұлғаймын.
Ән: Мектеп
Құтттықтау сөз кезегін мектеп директоры Ш.канторбаевнаға береміз
Ұстаз тілегі (мадақтамаларды табыстау, құрметтеу)
Ән: Атамекен